Өмірде не болмайды?!

Өз ойым /
1. Көктемде құдаларымыздың үйіне қонаққа барған едік. Сондағы бір-екі бейтаныс апайлардың әңгімесі есіме түсіп еріксіз жымиып отырм. Оқып көріңіздер бәлкім сіздердің де көңілдеріңіз көтеріліп қалар.

Сонымен құдаларымыздың үйіне келдік, амандықтан кейін анам бірден үлкендер арасында қызу жүріп жатқан әңгіме-дүкенге араласып кетті. Мен таныйтын мұнда ешкім болмады, жездем мен әпкем көше жаққа шығып кеткен екен, сондықтан қонақ бөлмедегі диванның бір бұрышындағы бос орынға барып жайғасудан басқа амал қалмады. Маған дейін бұл жерге екі апай жайғасқан екен. Елден бөлек, олар өздері, екеуіне ғана мәлім бір әңгіме құруда екен. Бөтен үйде ішім пысып, істерге қара таппай отырған мен еркімнен тыс сол кісілердің әңгімесіне құлақ түруіме тура келді.
Біріншісі: -Әй мына қырсықты көрмейсің бе, оң аяғымның өкшесі тесіліп қалыпты енді қайттім ұят болатын болды ғой. Шешіп тастайтын жаз мезгілі де емес.
Екіншісі: — Өйй, сенде бір. Үндемей сол аяғыңды оң аяғыңның үстіне қойып отыра берсей – дегені. Осы жерде екінші әйелдің ақылына бір мырс етіп отыра берген едім.
Біраз уақыттан кейін үй иесі ас түсіріп тамаққа шақырды. Жай кездейсоқтық па, әлде басқа ма білмедім үстел басына жаңағы екі апаймен қатарласа отырыппын. Шай құйылып үлкендер арасында тағы әңгіме-дүкен басталды. Бір кезде бірінші бейтаныс әйелдің:
-Әй, менің мына кілемі жоқ жерге отырып қалғанымды-ай ә. Аяғыма жел кіріп, тонып кетті ғой – дегені.
Екіншісі: — Өйй, сенде бір. Үндемей ғана нәскиі бүтін аяғыңды астына, жел кіретін аяғыңды үстіне қойып отыра берсей-дегені.
Осы жерде аузыма апара берген кәсемді қоя салып, атып тұрып үстелден кетіп қалуыма тура келді. Алдымнан «Неге отырмадың» -дей шыққан жездемді итере сап далаға шығып әй бір күлгенім –ай.
Негізі бұл күлетін нәрсе емес әрине. Бұндай жағдай әркімнің басынан өтуі мүмкін. Бірақ өз басыңда болмаған нәрсе қызық көрінетіні хақ.

2. Тағы бір жағдай. Бұл енді ауылда менің кішкентай кезімде болған оқиға. Анам гүл өсіргенді жақсы көретін. Үйіміз гүлге толып тұратын еді. Тереземіздің алдында бос орын болмайтын. Әр жексенбі сайын сол бір қора гүлді суару менің мойнымда болатын. Арықтан су тасып әй бір титықтайтынмын енді сол кезде. Сол гүлдердің ішінде бір ерекшесі болды. Ол – бойы жарты метрдей кактус еді. Анам қайдан тапқаны белгісіз, сол кактусты үйде көп орын алатындықтан жазды күні аулаға шығарып қоятынбыз.

Сол кездерде біздің бір қиқар орыс көрші апамыз болды. Өте ұрысқақ болатын. Кез-келген мәселеден шу шығарып бәрімен ұрсысып жүруші еді. Тауығың бақшамды шоқып тастады, ағаштарыңды қиыңдар біздің аулаға қарай өсіп кетті, балаларың менің аулама кіріп кетті т.с.с бітпес дау-дамаймен ара-тұра үйімізге келіп тұратын.
Ал енді кактустың қиқар орыс көршімізге қандай қатысы бар дейсіздер ғой. Мәселе мынада…

Жаздың бір жайма шуақ күндерінің бірі еді. Үйге ағаларым келіп абыр-сабыр болып жатқан едік. Ағам келсе үнемі өзімен дәу итін ерте келетін. Мен мәз боп сомен ойнап жүргем. Бір уақытта итімді таппай қалғаным. Ағам «Қазір келеді, көшеге шығып кеткен болар» деген соң басқа іспен айналысып кеткенмін. Бір заматта жоғалтқан итіміз сонадай жерден зымырап келе жатыр екен. Сол зымыраған күйі сарайға қойып кеткені. Ештеңе түсінбей аң-таңбыз. Біраз уақыттан кейін артынан сүйретіліп қиқар орыс көршіміз жетті. Итіміз ауласына кіріп кеткен болу керек соны даулауға келіпті. Аузы жабылар емес, айтып жатыр, атып жатыр. Біз аяғын күтіп үндемей тыңдап тұрмыз. Бір уақытта итіміз есін жинаған болу керек, АРС етіп тура көрші апамызға қарай сарайдан атып шыққаны. Орыс апаймыз бірден тына қалып, артқа шегіншектей берді де……… МАСҚАРА.

Екі адым артқа жасап ауламыздағы кактусың үстіне отыра қалмасы бар ма. Мұның бәрі бір мезетте болды. Ешкім ештене түсінбей қалды ғой. Есімізді жисақ көрші апамыз қып-қызыл боп кактустың үстінде отыр. Балалар жағы ішімізді ұстап отыра, отыра қалыстық. Үлкендер жағы көрші апамызға қарай жүгірісті.
Әйтеу абырой болғанда соншалықты ештене болмаған сияқты. Сол күні қиқар орыс көрші апамыз үндеместен ішінен тынып қайтқан еді. Бірақ содан кейінгі күндері де талай қырқысулар болған еді. Ол енді бөлек әңгіме.
Айтпақшы сол оқиғадан кейін шамамен бір ай уақыт өткен соң кактусымыздың тамыры шіріп, өліп қалды. Қиқар орыс көршіміздің қарғысы ма екен, әлде, көршіміз біраз толықтау келген кісі еді, бәлкім сол кісінің салмағынан ішкі құрлысына зақым келді ме кім білсін айтеу кактусымыздан айырылып қалдық.

Тура осындай, бірақ мынадай 4-5 есе үлкен кактус болатын.

28 пікір

alikona
әңгімен оқуға ыңғайлы,өте қарапайым екен, арасында күліп те алдым әлгі орыс апайға)))сосын айтпақшы мен бұрын бір әңгіме естігем,
бір үйде сіздердікіндей дәу кактус болыпты, содан жаңағы үйдің иелері кішкентай баласын жалғыз қалдырып кетеді екен, кешке жақын, иелері үйіне келсе бала еш жерде жоқ… сәл уақыттан кейін үйдің иелері кактустың қан-қан боп жатқанын көреді екен… сонда әңгімелеушінің айтуы бойынша кактус баланы жұтып қойыпты...
бірақ мен бұл әңгімені жай "қорқынышты комикс" деп қабылдадым(
Ayala
яяя, әңгімең қызық екен, негізі,менде естігем кактус бағын байлайды дегенді өтірік шынын білмим,(әсіресе қыздардың). соны ести сала үйдегі кактустарды шыгарып тастағам...
banzaika1990
мұндайды бірінші рет естуім, естімеген елде көп деген осы ғой
Ayala
жүре берсең, көре бересің деген сол...
Karakulov
Аяла, кактустың тағдырыңа еш қатысы жоқ. Мәні жоқ, негізі жоқ ырымдар қайта адам бақытын байлайтын.
Ayala
солай дейн десемде, кейде ырымға сенетінім бардағы...
qyrmyzy
кактусты қатттыыыыы жақсы көрем. Бір ыдысқа әртүрлі кактус өсіргім кеп жүр. Казше, менде бір ақ түрі бар
qyrmyzy
сүйтіңізші, ішіп кете жаздадым. Далаға шығаоып тастауға қимайм кактустарымды:)
qyrmyzy
Құдооой, неге бағым ашылмаятыр десем, екі кактусым бар кен го. сосын құрбымның да бағы ашылмайтыр, оған туған күнінде кактус сыйлағам: күліп ішім жарылды:
Jako
Пост өте жақсы жазылған екен,қызыға оқып шықтым.
Karakulov
мхм, қарапайым ғана, түсіну үшін бас қатырмайтын әңгімелерден жалыға қоймайсың ғо
AKA
Орыс апайға жаным ашып кетті, былай қарасақ еш кінәсі де жоқ қой…
banzaika1990
қалай болғанын өзіміз байқамай қалдық қой, а то ескертетін ек, ауыз ашып үлгергенше сол болды))))))))
Karakulov
Е, сауап, сол керек)) әп-әйдік боп алып әрнәрсеге дауласып келе бермесін Банзайдың үйіне))
AKA
Бір талды егіп, жеміс бергенін күткенде айтарсыз…
banzaika1990
соншама алмасын ұрлап, тоғайларын қиратқан ештенеміз жоқ еді негізі. Ал жануарларға келетін болсақ, ол мақұлықтарға не дауа. Өзіміз елдің малын "Әй, шық" деп кері қайыра сап отыра беретінбіз. Иесімен дауласқан кезіміз жоқ еді
Karakulov
малдың аты мал, санасы жоқ қо)) оған ұрысқанша қорасын берік салып, шұрық-тесігін бітемей ме екен))))
Korkem
Құдооой, мына кактусқа отырып… ық-ық басыңнан не өтпеген өзі?))))
banzaika1990
Басымыздан талай дүние өтті ғой, бәрі миымның қатпарларында үйіліп жатыр, соларды шығаратын «память» деген тапшы ғой менде. Әрәгідік күн күркірегенде сап етіп есіме түскендерін жазып жатырмын да. )))))))))))
Korkem
Жаз, жаза түс)))
qyrmyzy
: столдың астында жаттым: оқып ап. Ырысбек:) Жігітің, күйеуің бақытты. Іш пыстырмайтын қызы, әйелі бар:)
АКА, Беко, Жанат ағай, Көркем, үлкен рахмет:)
Zhanat
не үшін рахмет?
Beibaris
Аузы жабылар емес, айтып жатыр,атып жатыр.

Мына жерде й қалып қойыпты. Пост керемет!!!
mairosh
уахахха екі оқиғада тамаша шықты. Бір күлдірттіңіз-ау)))))
Zhanat
біз жақтағы бір орыс апаның қызығын айтып берейін сендерге. Досым 1щі этаждан квартира алып компьютер жөндейтін офия ашты, бір аптадан кейін 2щі этаждағы орыстың апасы келіп ұрыс шығарыпты "үйде свет слабый болып кетті, тоқтың бәрін сен алып жатырсың деп",үндемей шығарып салыпты, тағы біраз күн өткен соң келіп «менім үйім компьютер сасып кетті» депті, артынан естіпті ол апаның бүкіл сол үйдегілермен ұрсысыпты орыстың апаларына ештеңе жақпайды
banzaika1990
Орыстың апалары көбінесе жалғыз тұрады ғой, сондықтан іштері пысатын болар. Біздің апалар ғой ол балаларын, бір қора немере-шөберелерін жинап ап абыр-сабыр өздерімен-өздері бір шаңырақтың астында тұра беретін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.