Құрсақтағы сәбидің күнделігі

Өз ойым /
5 қазан. Бүгін менің өмірім басталды, бірақ менің анам бұл туралы білмейді. Мен қызбын, кейін өскен кезде менің шашым қара, көздерім қоңыр түсті болады. Бәрі қазірдің өзінде белгіленіп қойған, тіпті менің гүлдерді жақсы көретініме дейін белгілі…
19 қазан. Менің өмірім басталғанына екі апта толды. Кейбіреулер мені әлі адам емес деп санайды. Бірақ қазірдің өзінде адаммын, нанның кішкентай үзігі де нан болатыны сияқты мен де адаммын. Анамның бар екені қандай ақиқат болса, мен де дәл солай бармын және өмір сүріп жатырмын.
23 қазан. Бүгін менің жүрегім соғуды бастады.
2 қараша. Мен күн сайын жайлап өсіп жатырмын. Аяғым мен қолдарымның саусағының ұшы көрініп келе жатыр.
12 қараша. Менің саусақтарым анық қалыптасып бітті, саусақтарым сондай күлкілі. Кейін осы саусақтарыммен мамамның шашын сипайтын боламын.
20 қараша. Бүгін дәрігер анама менің өмір сүріп жатқаным туралы, оның құрсағында бар екенімді айтты. Ол қатты қуанған шығар!
23 қараша. Анам мен әкем менің кім екенімді, маған қандай ат қоятынын ойлап жүрген болар.
10 желтоқсан. Менің шаштарым өсе бастады, олар нәзік әрі жылтыр екен.
13 желтоқсан. Мен аздап көре бастадым. Анам мені өмірге әкелген кезде мен жер бетіндегі күннің жарығы мен түрлі-түсті гүлдерге толы әлемге қарайтынымды ойлап, қуанып жатырмы.
24 желтоқсан. Қызық, анашым жүрегімнің нәзік үнін ести ме екен? Менің жүрегім бір қалыпты соғып тұр. Сенің қызыңның денсаулығы мықты болады мама!
28 желтоқсан. Бүгін анам мені өлтіреді…
"

Мынаны жазып жатып, бүкіл денем алай-дүлей күйге түсті-ау. Мұқағали ағамыз айтқандай "Қандай ғана анадан туады адам, сәбилердің күлкісін қуалаған?

Алтын босаға газетінен алынды

9 пікір

AKA
Екінші суретті айтам да, қорқынышты…
konvict
Күшті, тебірентті

П.С.Көркем мынаны өзіңіз жаздыңыз ба? Меншік құқығы сізге тиесілі болса құда түскім келіп отыр
Sabions
по моему мен бұны бір жерден оқыдым… сондықтан құда түсуге асықпай тұра тұрыңыз…
Baha_07
Сіздін жазу мәнеріңіз ерекше екен… тамаша жазылыпты… шынымен терең ой түбіне тастап жібіреді...өмірге деген құлшынысты шынымен осылай үзіп жіберетін жағдай көп…
baisaldy
Қыртым, мұндай әңгімелер көп және олар бір-бірінен аумайды мынауда соның бір көшірмесі, Ешқандай ерекшелік көре алмай отырмын
Aidana
Өте жақсы жазылған екен…
Басыннан бастап оқып шықтым, сонғы сөзі денемді тітіркендіріп жіберді.
28 желтоқсан. Бүгін анам мені өлтіреді…((
Jako
Құдайым-ай, не деген…
Kokbori
гүлдерді жақсы көретінім…
қазірдің өзінде адаммын…
жүрегім соғуды бастады…
саусағының ұшы көрініп…
мамамның шашын сипайтын боламын…
жүрегімнің нәзік үнін ести ме екен…
Бүгін анам мені өлтіреді…
— йә адамды селк еткізеді екен
әрі жоғарғыдағы сөздер жадыңда қалып қойады екен…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.