“Басқаларды Құдай жаратса, ал қытайларды...

Өз ойым /
“Басқаларды Құдай жаратса қытайларды “女娲” жаратыпты-мыс”

«Жер әлемдегі көптеген ұлттар мен ұлыстардың шығу тегі туралы аңыз-әңгімелер бар. Мысалы, Батыс елін Құдай жаратқан, ал Қытайды ше?» деп, жаратылыс әлемінің қайталанбас құдіретінен жырақта жүрген кейбір жандар қытай елінің шығу тегін білгісі келіп жауап іздейді. Олар көкте Құдай көп, әркімнің өз жаратушысы бар деп ойлайды. Негізі көкірегінде иман сәулесі бар дінге сенетін кез келгеннің әйтеуір «Құдай» дейтін әлемнің бір ғана жаратушысы барына иман келтіретіні анық. Ал сонымен, қытайлықтарды жаратан кім? Ли мұғалімнің оларға берген жауабын төмендегідей:
Мұғалімнің түсіндіруі бойынша, Қытайда «Уа» (女娲nvwa-нүуа) әйелінің сары топырақтан адам жасағаны туралы әфсана бар. Ол қытайлықтардың анасы. Көк пен жер енді ғана бір-бірінен ажырай бастаған уақытта әлі бір адам болмаған екен. «Уа» әйел сонда әрбір адамды сары балшықтан жасап шығарады. Оларды жерге қойған сәттен-ақ Қытайда тіршілік басталады. Алайда, ол адамдардың өсіп-өркендеуі тым баяу деп ойлайды. Сөйтіп адамдарды көптеп жаратуы үшін сөзсіз ең жылдам жарататын бір амал ойлап табады. «Ол қандай амал сонда?» деген сауалдар туындайды. Әлгі Ли мұғалімнің оған да жауабы дайын.
Ол бір арқан тауып алып келіп оны сары балшыққа тастап, күшпенен сілкіп қалғанда көптегеген саз балшық жерге шашырап себіледі. Сөйтіп тағы сан жүздеген адам өмірге келеді. Бұлар қытайлықтардың арғы атасы. «Сол себептен де біздің теріміздің түсі сарғыш» деп, оларды «қара қытай» атап жүрген біздердің бұл ойымызды теріске шығарғандай болады. Ал алғашында «Уа» ханым өзінің қолымен жасап шыққан адамдар – ең таңдаулылары. Ал арқанның көмегімен жаратып өмірге әкелгендері – қарапайым халық болып саналады.
女娲 тек қытайлықтардың анасы емес, сондай-ақ оллардың қорғаушысы. Осы «жаратушы әйелдің» тағы бір ерлгі жайындағы әңгімемен жазбамды жалғастырайын.
Қытайда «用五色土补天», яғни, «бес түсті тасты пайдаланып аспанды жамау» деген мағынада тағы бір «сырлы» аңыз бар. Бір күні патшалыққа таласып «су Құдайы» мен «от Құдайы» соғыс бастайды. Су Құдайы қарсыласын суға батырып өлтірмек болса, от Құдайы оны өртеп өлтірмек болады. Ақырында су Құдайы жеңіліс табады. Сөйтіп ол қатты ашу-ызаға беріліп өзінің басын пайданалып «Бужоу» (不周山)тауына лақтырып жібереді. Бұл тау басында аспанды тіреп тұрған діңгек болатын. Аспан айрылып, жер бөлінеді. Сөйтіп сіркіреген қатты жауын құйып көптеген жан суға батып өледі. Сонда әлгі әйел өзінің баласын аман сақтап қалу үшін бес түсті топырақтан бес түсті тас қайнатып шығарып, аспанның тесігін жасауға кіріседі. Алайда, жамап бола берген уақытта әлгі тастары жетпей қалады. Содан ол өзінің денесін бес түсті тасқа айналдырып аспан тесігін жамап бітіреді. Ақыр соңында қатты жауын тоқтап, аспанда әдемі кемпірқосақ пайда болады. Ол сол бес түсті тастың бейнесі-мыс. Әр жауын соңында 女娲 өзін кемпірқосаққа айналдырып, өзінің балаларын (қытайлықтарды көру үшін) келіп тұрады екен.
Осы аңыздан кейін қытайлықтарға «Нүуаны кім жаратыпты?» деген сауалдан бастап, «Тауып алған арқанын кім өріпті» деген есі дұрыс сауалдарды жаудырып қоя беруге болады-ау. Бірақ оған дені дұрыс жауап қайыратын адам табылса.
Мынау суреттер сол мықты әйелдің мүсіні. Шешініп тастап төбесіне тас көтеріп “аспан тесігін” жамап жатқан келіншектің мүсінін Қытайдың көптеген қалаларынан кездестіруге болады. Олар құрметті орындаға қойылған. Өзім оны көрмегеніммен, кемпірқосаққа Құдайын көргендей таңдана, телміре қараған қытайлықтардың талайын көрдім. Кемпірқосақтың түрлі-түсті болуын білу үшін бәлкім оларға физика пәнін сәл ғана қарау керек шығар деп ойлаймын. Ал біз 女娲-ны жауынсыз-ақ аспанға су шашқанда немесе фонтан маңынан-ақ көре аламыз. Әлде ол оның қызы ма екен?
Алла жүректерге иман берсін!
P.S. Далиқан даласы бар қазақтар Ұлы тұлғаларына өз ортасынан оймақтай жерді әрең беріп жатыр. Ал тоқымдай жерге зар болған Қытай халқы бұл келіншекке арнап бір емес көптеген қаласына ескерткішін қойып, оны төріне шығарып жатқанына қарағанда аңыздың күші әлсіз болмағаны. Ал біз аңызымыздағы кейіпкерлерді түгендейтін болсақ қайттік?! Мұнымен мен қытайлықтардың аңыздарын келеке-мазақ қылғым кеп тұрған жоқ. керісінше солардан өнеге алып өз ұлтымыздағы ҰЛЫ тұлғаларды қадірлей білейік дегенім. ағайын!!!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.