Балалық шақтың қимастығы мен сағынышы...

Өз ойым /
]Қане достарым, балалық шаққа бір сапар шегіп қайтайықшы, өзім қатты сағынып жүрмін...">

Осы сайтта мектеп оқушылары да аз емес ғой, олар мені түсіне қоймас. Ал кейдір құрдастарым мен ағаларымыз да сағынып та жүрген болар. Мен бұл блогымда өзімнің есіме түскен балалық шағыма тоқтала кетейін. Сәйкестік келіп жатса күлерсіздер, болмаса сіз де пікір жаза кетіңіздер.
Мен өзімның тұған жерім де, өскен жерім де Қызылорда қаласы. Ес білген шағыма ой жүгіртсем… Мен ұян болып өстім. Өзімнің қатарластарым секілді шулап, асыр салыпойнау маған жат болды. Өзім аз сөйлегендіктен болар менің айтқан сөздерімді көршілерім қызық көретін)) Ол кездері мен 5 қабатты үйдің 4-ші этажында тұрдым. Балабақшаға тек 5 пен 6 жас аралығында бір жыл ғана бардым. Сол кезден бастап бала болып үйдің ауласында ойнауды үйрендім. Жаздың ыстық күндері үйдің ыстығына шыдамай үй ішімізбен сыртқа шығатынбыз кешкісін. Барлық көршілеріміз шығап, аулада кәдімгідей құжынаған адам болатын. Біз қараңғы түсе бастағанда «тығылмашақ» ойнағанды ұнатушы едік. Әлі күнге дейін есімде, сондай бір күндері қараңғы батқанда үйдегілер менің ойынымды бөлгісі келмей өздері кете беріпті үйге. Енде әбден ойнап, шаршап-шалдаққаннан кейін жан-жағыма қарасам анам көрінбейді… 4 қабатқа дейін қап-қараңғы болатын (тек 5-ші қабатта ғана жарық болды). Содан жоғары көтерілуге қорқып подъез алдында қатты жылағаным бар))) даусымда көршілер танып қайта сыртқа шығып мені үйіме дейін алып барған. Өсе келе көршілерім соны өзіме айтып күлетін еді))) Мектептік кезге барғанымда да талай қызықтар болды ғой. Бір күні мектепке сумкамды үйге ұмытып барған кезім де болып еді))) ұмытпасам 2-ші сыныбымда болатын))) мектепке кірген сон ееіме түсіп дереу үйге жүгірдім))) Күнде кешкісін балалар болып доп қуалап, үйге келіп жуынғанда барып тікен кірген жерлер, жырылған жерлер ашитын еді))) Мектепте 7 ші сыныпөа дейін тым жақсы оқитынмын. Тек үй ауыстырып, басқа мектепке барған соң, адамда орта өзгертеді екен. Бұрынғы мектебімде үздіктер қатарында ұлдар еді, жаңа мектебімде керісінше қыздар активно екенің байқадым. Үйден сабаққа кеттім деп қасымдағы екі бала, үшеуміз бірігіп бармайтын жеріміз жоқ еді)) Солай 10-шы сыныпқа дейін «оқымайтындар» қатарында болып, тек соңғы жала ғана ақыл кіргендей болды… 11 сынып… шіркін қызық еді-ау… Ол кездің өзінде «оқитындар» қатарыда ұлдардан бір өзім болған соң, кешкісін болатын дайындақа қыздардың арасында бір өзім баратынмын. Мультимедия кабиетіне жауап беретін ағайды мен бұрыннан жақсы білетінмін, сол кабинеттін кілтін өз жұмыс уақыты біткен соң маған тапсыратын еді. 5-6 қыз және мен қараңғы батқанша, соңғы айтары тіпті азанға дейін бірге дайындалатынбыз сол кабинетте. Қараңғыда қайтқанда айтушы едік «мектеп бітіріп, басқа жаққа кетсек те жиналып тұрайық, бірге болайық» деп. Әттен сол тек сөз ретінде ғана қалды ау… Мектебімді сағындым… Сыныптастарымды… Кейде агентте мектептің қыздары микроблогқа «тууу мектепке барғым келмейді, мектептен қашан құтыламын» дегенді көріп қызығамын… «Сендердің орындарына мен барайын» деп әзілдеймін, әттен солай баруға болатын болса қалмас едім -40 градус суық болса да… Шіркін, қанша бұзықтақ жасасақ та директордаң алдына апарғаннан әрі бармаушы еді ғой, қазіргідей қит етсе оқудан шыығармайды… Осымн болар, жаза беркем бүгін ертен бітетін әңгіме емес ғой балалақ шақ деген… Қазір колледж студентімін, кейін бұл кезді де сағынып жазатын шығармын… әр уақытымзыда бағалай білейк достар! Уақыт су секілді, тез төгіледі, болмаса кеуіп қалады… Қалай дегенімен ол қайтып оралмасы хақ…

5 пікір

ardak1996
Керемет жазыпсыз*
Baha_07
Асығып отырып жазғансыз ба дим… кейбир қате сөздеріңізге қарап айтам… расымен қайтып оралмас балалық щақ талай қызыққа толы ғой…
dimash
ұйқым келіп отырып жаздым ау димін… "қате болса кешір, өшіргішпен өшір, өшіргішің болмаса, досың үшін кешір",- деген жазуды көріп едім баяғыда сыныптасымның дәптерінен))
Baha_07
Сөз тапқанға қолқа жоқ деймиз енді)))
Abylai
xD мынау кучті айтылған екен )) +
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.