"Қара мысық апаны"

Өз ойым /
Жасымнан ертегі тыңдап өскен қыз едім. Ертегі тыңдасам, көз алдымда неше түрлі дүниелер қиялымнан туындап, тіпті өзім де сол әлемге сұғына еніп, басты рөлдердің бірін сомдап кетуші ем. Ал, қазір ше?... Қазір әжемнің әбден шайналып, жатталып, езіліп біткен, ести-ести құлағыңның түтіні шыққан ертегіні тыңдағым-ақ келеді, бірақ пойызым «Ертегі» аялдамасынан әлдеқайда кетіп қалған-ды. «Жер дөңгелек» дегені бар, сондықтан да болар сіздерге ертегі құрастырғым келгені.
Жалпы, маған осы идеяны жүзеге асыруыма түрткі болған Аликона мен Pari-дің «Орны толмас естеліктер» мен «Балалық шақта салған суреттерден естелік #1» атты жазбалары шабытымды оятып еді..))

Ал, онда бастайық…
Ертегі: "Қара мысық апаны"
...«Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде» деп бастайын ба, қалай еді өзі, әйтеуір бар екен де, жоқ екен, бір баяғыда екі дос өмір сүрген екен. Айырылмас достар қайда жүрсе де, ішсе де, кисе де, үйтсе де, бүйтсе де бір-бірінен алыстамапты. Жұрт оларды көре қалса: "Құдай-ай, осы екеуінің үстінде бірін-бірі тартып тұратын магнит бармей"-деп өтпесе, еріндері қисайып қалуға шақ тұрушы еді. Кезінде бір ауылда, бір аулада, бір мектепте, бір сыныпта, бір партада бірге отырған екі әріптестің біреуі Қайрат, екіншісі Марат еді. (Суретте: Қайрат Маратқа қарағанда арық, ұзындау, көзі мен мұрны кішкентайлау.)

Бір күні екеуі газет оқуға шығайын десе, Қайраттың қара мысығы екеуінің жолын көлденеңінен кесіп, жатып алыпты. Сол күннен бастап, сол сағат, сол минуттан бастап екеуі сәл нәрсеге ерегісу, сәл нәрсеге тістесу, сәл нәрсеге бола сөзге келіп қала беретін әдет шығарысыпты.

Марат таңертең тұрып, жуынып, шайынып болғасын тамақтанайын десе, досының қырсық қара мысығы кедергі келтіре берген екен. Маратқа ермек керек ғой, мысықтың маңдайынан бір періп еді, шалқасынан құлап, ажалы құшып, өліп қалыпты.

Сонымен, ол мысық Қайраттың ең… ең… ең сүйікті мысығы еді. Қайраттың бойында әжептәуір ыза кернеп, мысығының кегін алмақ болып, Маратты сотқа тартыпты.

Мысыққа бола сотталатына жүрегі ұшқан досы, із-түзсіз, ізін жасырмақ болып, қашып кетіпті. Жағдайдың осылай ушығып кететінін білмеген Қайрат, бәрін кешіріп, полиция жалдап, досын тауып беруге іөтініш білдіріп, ізіне шығады.
Полиция Маратты іздеп тапқаны сол еді, әбден қорқып қалған досының жүрегі құстай ұшып, инфарктке шалдығып, тұрған жерінде о дүниеге аттанады.

Қара мысықтың өлімі Мараттың ажалын шақырғанына жүрегі сыздаған Қайрат қатты қиналған-ды. Тіпті, Қайраттың түсі Маратқа «Проходной двор» болып кетіпті, күнде түнде мазасын ала береді екен.
Сонымен бұл сұмдыққа шыдай алмаған Қайрат, туған жерін, туысқан-бауырларын, отбасын тастап, алыс қашыққа (ұзаққа) жол тартыпты…


Осымен, ертегіміз тәмәмдалды. Мен қара мысыққа деген ойыңыздың өзгермегенін қалаймын, себебі бұл оқиға ешкімнің басынан өтпеген, өтпей-ақ та қойсын, шындыққа түк қатысы жоқ, ойдан құралған, көңілден тоқылған…

Ұйқың тәтті болсын, Айтабер!

34 пікір

Zhassiko
Сонымен бар пәле қара мысықтан болып тұр ғой!))
Aknyet99
=))) комикстарың күшті екен))
Zhassiko
рахмееет..)) нады ма?-))
Zhassiko
Менің жазғаным няғып басты бетке шықпаятыр?
Qarabala_95
Wigadi ka weru uimdastiramiz.Ja syret kim saldi keremet eken akniyet99 ga 100 paiiz kosilamin.Keremet!
Zhassiko
рәхмәт..)) не ғо, өзім ғо… бірдеңеғып ұйымдастырыпжіверсейш..)) рәхмәәт..())
Qarabala_95
yay kereemt tagi da osindai posttar kutem sizder.!
Zhassiko
Kutiniz..)) men de kop kuttirmespin..))
ereke_enu
Happy End-ке жетпей қалдық-ау))) Бірінші суретте жүгіріп бара жатқан кім? Және соңғы суретте шетте есек қол бұлғап тұр ма?))
Zhassiko
)) бірінші суретте фоллоуми-алик, ал соңғы суретте қолын бұлғап тұрған ит ғой..))
followme_alik
О_о… бір эпизод қана бұйырған ба? ((
qyrmyzy
вахаха, эпизод. Басты рөлді қимапты саған:)))
qyrmyzy
Автор не айтқысы кеп тұр деп ойланватырмын ше… Ертегілерде де ұқтырғысы келетін бірдеңе болады ғой: жамандықты жақсылық бәрібір жеңеді, жақсылар жаманды жеңеді және хәппиенд ©
qyrmyzy
идея бар, жалғастыр!
VVVWWW
Қазақша «комикс» өнерін сирек кездестіретін едім, қуанып қалдым, тамаша шағарғансын жалғастыра бер.
Karakulov
мүмкін, комикс сайысын ұйымдастырарсыздар?
Zhassiko
Сіз сондайға шеберсіз ғой, "Өуп" депжіверің енді.
Karakulov
егер осы комментім 00-00-ге дейін +10-ға жетсе, ұйымдастырамын деп уәде беремін! Алдындағыдай бірліктерді атам ғой, иншАллах, сәл көбірек етіп.
Zhassiko
Құдай-ай, сәл түссеңізші, қазірдің өзінде 3-4 адамның ғана қарасы көрінеді…
Karakulov
Жақсы, ертеңгі түскі 12-00-ге дейін +10, жарай ма, әлде тағы түсейін бе?))
Zhassiko
әй, қайдам… Сурет салып, +10ның өзін әрең жинағанымда, сіздің осы сөзіңіз 10 адамның құлағына жетіп, 10 адамға ұнай қалады деп ойламаймын…
Басқаша варианттары жоқ па?!
Karakulov
Бопты, енше. Сөзің орынды — ұйымдастырамын жақын арада, Алла сәтін салса! Ес жиып алайын әуелі, ок?)
Qarabala_95
Ay tagi barma komiks tagi tagi men ato ka america russia owm wet el komiksine keteindep jatim magan kazakwa kerek kop kuttirmeim dediniz az kuttim we kaida ekinwisi xD kuip otim ali ali ali!
Qarabala_95
Wery jasadik endi basti betti rizasizgoi tagi brieui kerek edi oganda weu uimdastirip berem uallaxi )))
AKA
Ух тыыы, Жәси мәләдес! :) Жап-жақсы өнерің бар екен ғой. Ұсыныс: өз ойыңнан мультфильмге кейіпкер сала аласың ба? Еш жерде қайталанбаған, жаңа кейіпкер тапшы? :)
Zhassiko
Талант бар, таныс жоқ :) ыгыгы…
Няғылас қайталанбаған, өмірде жоқ суретті?
AKA
Таныс боп кеп тұрҚ қой, калқатай, талантыңызды дамытайық деп. :)) Тырысып көрсеңші :)
Zhassiko
Тырысып көрейін :)
Қашанға?
О_о
<-)(->
AKA
Сен өнеріңді паш-паш ете бер, біз тамашалайық та :))
MSHERIMBEK
Мәәәә, тамаша))) Жассико — қазақ комиксінің ханшайымы;)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.