Анашым

Өз ойым /


Аналарға арнау
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар — Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.

Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер -жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
Авторы Естеу Нүсіпбеков

4 пікір

Korkem
жарқыным-ау, блогтарды дұрыс таңдамадың ба?
Baha_07
Керемет… жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді емес пе?!
Ais_97
Баха рахмет!
AKA
Авторын көрсетуді ұмытпайық. © Естеу Нүсіпбеков деп, қосып қоя салыңыз.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.