Ұйқы + Альпинизм = ?

Өз ойым /
Алдында өзім жайлы 100 дәйекте ақорданың люстрасында ұйықтап қалғаным туралы жазуға ойымды білдіргем. Бір шолып шығайын, ал…
Ең басында альпинизммен 1 курста айналыса бастадым. Оған мені жатақханалас дос-жарандарым тартты. Туризмде оқитын достарымның көбісі осымен айналысатын болып шықты. Ақшасы жақсы екен. Өміріңе қауіп төнеді деп есептелгесін жалақысы да аз болмайды ғой енді. Әлгі достарым әр жұмыстарын аяқтаған сайын соны әңгіме қылып отырартын. Мынша күн жұмыс істедік, мынша ақша қырдық деген тақырыпта. Өзім де қызығушылық таныта бастадым. Ақша құрғыр не істетпейді?) Әуелі арқан байлаудың түрлерін үйретті. 16 шақты түрі бар екен, 5-6-ауын ғана есімде сақтадым, қалғандары керек те болмады. Жатақханада 1 қабаттан түсіп көрдік))) Қолдан келетін іс сияқты көрінді. Келесі жұмысқа ертіп шығуларын өтіндім. Олар келісе кетті.
Сөйтіп, ең бірінші объектім КЕРУЕН болды. Керуеннің шығаберісіндегі козерогтың /қазақшасын білмедім, кешірерсіздер/ колонналары мен ғимаратты жалғастырып тұратын жуан, жанынан қарағанда үшбұрыш тәрізді темірлерін бояумен біртүстес қылдық. Салмағым аз еді, соған байланысты мені төбеден түсіргенде беліме оралған арқанның жоғарғы ұшын мықты бекітілген темірлерге байлап жатпай-ақ, құдыққа салған шелек құсатып, қолмен түсіре салды. Көлденең қойылған торлардың арасынан екі-ақ бала өте алдық, сол екеуіміз сорлап, 40 колоннаның барлығын көлденең темірлерін сырлап-бояп шықтық)) Алғашқы күні қатты қорықтым. Өдеріңіз ойлап көріңіздер, шамамен 6-8 қабаттасың, астыңда бос кеңістік, беліңде спусковуханы басып қалсаң сау етіп аға жөнелесің, жіберіп қалсаң дік етіп қадалып тоқтайсың, жоғарғы жағың ештеңеге бекітілмеген, жібіңді біреу қолмен ұстап тұр қашан болатыныңды күтіп, ол аздай әлгі достым «чето, қолым судорога ұстап жатқан сияқты маааа...» деп қояды әлсін-әлсін. Жаным тәтті екенін айтып едім ғой, әлгі жерде қалай қорыққанымды түсіне беріңіздер. Қолымдағы бояу жұқтыратын валикті/қазақшасы қалай екен?/ қысып ұстай алмай қалдым. Төмен көз жіберсем одан сайын бүкіл денем босап, діріл қаға бастаймын… астым мрамор екен)) Өзімді қорқақ деп мойындамайтын ем, білдіртпеуге тырысқаныммен көздерім бар шындықты айтып қойып отты. Төбеден қарап тұрғандар шиқатып, қарқылдап, әрқайсысы бір мазақ етіп, неше түрлі өлім жайлы қалжыңдарды айтып жатыр. Жібімді ұстап тұрған бала " мәә, ана қыздарды қараңдар!" дегенде бар даусыммен " Е, таста қыздарды, маған қара!«деппін ғой))
Бірақ, тез бой үйреніп алдым, сенесіздер ме, ертеңіне-ақ еш қорықпайтын болып кеттім. Тарзан құсап /құсап деп жазыла ма, әлде ұқсап па?/ әрі-бері сілкініп жүріп жұмыс істейтін болдым. Әлгі бала қолмен ұстап тұрудан бас тартты. ЙЭСС!)) Мен шелек емеспін ендігіде))
20 күн жұмыс істедік, келісім бойынша 150 000 беру керек еді, лақтырып кетті/жартысын ғана ұстатты/. Кінәлі өзіміз, құжаттандырып барып кірісу керек еді бейтаныстардың жұмысына. Амалсыз бергеніне мәз болғансыдық.
Кейінірек одан да биік қабаттарға шықтық. 10-15-25… терезе жудық, балкон құрастырдық, локомтив депосын боядық, витраждарды түзедік… анау-мынау…
Ақордадағы жұмыс ерекше. Ақшасы да, қиындығы да. Ақшасын айтпай-ақ қояйын, айтаберлік жігіттер жартысы альпинист боп кетіп жүрер)) Қиындығына тоқтайын. Онда біз тек люстраларды тазаладық. Әуелі, барлық шамдарына 1 теңгелік пакет кигізесің, ізінше пышылдатып арнайы сұйықтық шашасың да кепкенше күтесің. Біраздан соң, барлық пакеттерді жинап алып, ескі шамдардың орнына жаңаларын қоя бастайсың. Бұның қай жері қиын дейсіз ғой. Ол люстралар дәәәәу. Ішіне кіріп алып жұмыс істейсің. Кейбіріне бір уақытта екі адам кіреді. Ғимараттың сыртындағы жұмыстарды страховочный жіппен істейтін болсаң, ішіндегі жұмыстарды еш страховкасыз істеуге тура келеді. Өйткені, жіп байлайтын жер жоқ қой) Әлгі люстралар потолокқа тросспен бекітілген. Тросстың беріктігін „құмыра мың күнде сынбайды, бір күнде сынады“ деген мақалмен жеткізсе болады емес пе. Ойлантып қояды анда-санда ол жағы да. Дәу екенін айттым, енді ондай дәу люстралардың қандай биікте орналасатынын өздеріңіз де ұққан боларсыздар.
Жұмыс графигіне келсек, азанғы 9-дан кешкі 10-11, кейде тіпті 12-ге дейін атша құлшынасын. Жұымысыңды бітірген соң басекең көлігімен үйіңе қарай жарты жолға жеткізіп кетеді. Кешкі, анығырақ айтқанда, түнгі асыңды ішер-ішпестен ең маңызды шаруаларыңды ғана орындайсың да жастыққа басың тиер-тиместен ұйқыға кетесің. Азанда ұйқың қанбай тағы тұрасың. Жұмысқа бара жатқанда, келе жатқанда да өріске жайылуға барып келе жатқан қойлар сияқты халда боласың. Бетің салпиып, жүргенде жолдың жиегін таңдап, қасыңдағылардың ешбір қалжыңына жауап қатпай, қабағың түнеріп, қадамыңды санап басып жүріп күй кешесің.
Осы күндері де сол ақ сарайда боп қайттым 10-16 аралығында… иә иә, бүгін ғана біттік. Ұйқым қанбай-қанбай зорға біттім-ау, ақыры. Алдыңғы түні жын түрткілеп түнімен интернетте отырып, ұйықтамастан барғам жұмысқа, әр жерге сәл тоқтай қалсам бітті түс көре берем, тоқтасам бітті есімді жоғалта берем. Қырсыққанда, соңына шегерген машақатты люстраларға тап болдым. Бір люстра жыл сайын үрей туғызатын. Ішіне кіруін кіресің, шыққанша аласұрып боласың. Төбесіндегі бекітілген темірі айналдырған сайын сықырлап тұрады үнемі. Жыл сайын ең жеңіл әрі икемді болып танылып сол люстра менің досым болып барады. Ол люстраға келгенде „мен үйтем-мен бүйтем“ деген қас шеберлердің үні өшеді. Айтпақшы, осы кеше мінгенімде жанымызға бір электрик көкелер үймелеп тұрып алмасы бар ма. „Мәә, ананы қара“, „Үзілсе — кетті ғой“, „мынадан кетсең тірі қалмайсың“ деп жіберіп тұр әңгімені. Жыным кеп кетті. Жас айырмашылығымызға қарамастан айқайлап-айқайлап, олай сөйлемейтіндей қылдым.Жан қысылғанда жифотный образым сыртқа шығып кете береді))
Жұмыс аяқталғанда 11-тен асыпты сағат тілдері. Үйіме жетудің өзі жұмыстан кейінгі тағы бір жұмыс болды. Кірген бойда көрпешеге омақаса құлай ұйықтап кетіп едім… біраздан кейін ояна бастадым. Дастархан басында екенмін. Қолымда шанышқым, алдымда қарбыздың жартысы, қасымда туысқан ағам, „же-желеп“ қинап отыр. „Жұмыс істеп жүрсің, аш жатпа“ дейді. Өз-өзіме келе алар емеспін қанша тырысып бақсамда. Ағам видеоға түсіріп отыр екен төменгі жақтан сығалатып, онысын байқап қалдым. Әуелі телефонның камерамының бүлк еткен дыбысы шықты. Объективке үңіліп біраз отырдым, не екенін ұға алмай)) Сосын мән-жайды ұққан соң алақаныммен жаба қойдым. Ертеңіне сұрасам дұрыс түсіре алмапты, түфф((
Тақырыпқа оралайын енді. Бірде люстралардың ішінде отқанымда лампа әкелуге кеткен әріптестерге бір „көкеміз“ келгеніне орай бір орында тапжылмай отсын деп бұйырыпты жергілікті қауіпсіздік сақшылары. Олар жерде күтсе, мен түсіп-шығып әлектенгім келмегесін люстраның ішінде күттім. Біраздан соң ұйқым келе бастады, сосын, бойымыз үйреніп қалған орын ғой дедім де беліме қорғаныш жібін таңып алып ұйқыны соғып алдым.
Айтпақшы, менің ұраным » Ұйқы деген жау, оны ұйықтап-ұйықтап өлтіру керек!"
Осылай, достар!

ҚТҚ/МТҚ: бұл әңгіме біреуге жазам деп айтылып қойғасын жазылды. + / — тарыңызды оңды-солды пылшылдата беріңіздер)) Қателер кетіп қалды-ау, асығыспын, тексеріп жатарға уақыт жоқ. Сосын, тақырып соңына нүкте қоюға болмайды дегендіктен сұрақ белгімен аяқтадым, хи-хи))

18 пікір

Zhassiko
Хе-хе керемет..))
Бірақ, көбіне мәтін ішінде таусылмайтын сұрақтар көп екен, соның біріне жауап берсем: козерогтың қазақшасы тауешкі ық-ық)))
Сол 25 метрлік үйдің құрылысы біткесін суретке алып салжерсеңізші, қызық!)) Қандай здания ол?
Жалпы, еңбегіңізге +, қатеге онша-мұнша мән бере бермеуші едім..((
Karakulov
25 метр емес- 25 қабат. Министерствоның бойымен жүре берсең, КНБ-дан кейін «Золотой век» деген тұрғын үй кешені бар, сол ғой
Zhassiko
ой, айм сорри, гуд найс.))
Құдай салса, Астанаға жолым түсіп бара қалсам, іздеймі....))
alikona
мәә керемет қойй! Негізі спортсмендердің көбісі биіктіктен қорқады деп естігем,
Төбеден қарап тұрғандар шиқатып, қарқылдап, әрқайсысы бір мазақ етіп, неше түрлі өлім жайлы қалжыңдарды айтып жатыр.
дәл осы жағдай «Шіркін LIFE!-3»-те атын ұмытып тұрм, бір боксшы да талға мініп алып түсе алмай масқара болған))))
Karakulov
Әлгі баланың ән айтатыны бар еді, қасымыздағылар соған өтініш жасаса, бар айтатыны:
.Қош бол, бақыт құс,
. Қимай сені барамын!
немесе, Төменге тастап жібер, соңғы рет қарап ал да деген әндер болатын.)
Qarabala_95
Erkebulan Winaleiov osi sportwigoi!
nurgazina
әңгімеңіз өте қызық екен! Бас жағында мен де альпинизмге қызыға бастап ем, соңында өзіңіз қызығушылығымды басып жібердіңіз.Мен негізі биіктікті ұнатамын.Самолетте отқанда, бір рахаттанам ғо аспанға қарап, осылааай… Біірақ бір жаманы, жәәмәәнн басым айналады!!!
banzaika1990
8сыныпқа дейін биіктіктен мүлдем қорықпайтын едім. Үйіміз таудың етегінде болатын, таңнан кешке дейін тау-тасты аралап, жартастарда текедей секіріп жүре беретінбіз. Жас келе жан аяулы бола бастады, қазір 4этаждан төмен қарауға қорқам кейде ық ық))))))))))
qyrmyzy
ық ық, люстраларды олай жуатынын білмеппін. Қызық екен. Тағы да күтеміз
ardak1996
жап-жақсы баяндалған, оқуға жеңіл. Өте қызықты, рахмет)
Karakulov
рахмет, бір-ақ адам көңілінен шығар деген жоспармен туындаған еді. Ойлағанымнан көбірек ұтқан сияқтымын.
qyrmyzy
ұйқы+алпенизм=сұмдыыыыыыыық
Karakulov
Өрт қайда, Қырмызы?))
Zhassiko
былай болсыншы ұйқы+алпенизм=айкезбе...))
Zhassiko
Джэксонның «Айжорға» биімен тормозит етіп, ұшады ғой ((((:
AKA
Жігіттердің еңбекқор болғанын қос қолымды көтеріп қолдаймын. Қиындығына қарамастан, өзі еңбектеніп табысын тауып жүрсе жақсы ғой. Біраз ерліктер жасапсыздаЧы :)))
Karakulov
уо-О!) Ақша үшін жан пида!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.