Оразаны бұзбайтын жағдайлар

Өз ойым /
Оразаны бұзбайтын жағдайлар
Мынадай жағдайларда бұзылмайды.
Мұсылман екенін рас болса ерінбей оқып шық!!!
1. Ұмытып ішіп-жеу немесе білмей жыныстық қатынаста болу. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Аузы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені, оған жегізген де, ішкізгенде – Аллаһ». Басқа бір хадисте: «Рамазанда ұмытып оразасын бұзған адамға қаза да, кәффарат та керек емес» – делінген. Ұмытқан адам есіне түскен кезде дереу
тоқтатуы керек.

2. Бір адам таңертең жүніп болып тұрса және кешке дейін де осылай жүніп күйінде жүрсе, оразасы бұзылмайды. Бірақ, әлбетте, намаз оқу үшін ғұсыл алу парыз. Аллаһ Құранда: «Егер жүніп болсаңдар, толық
тазаланыңдар», – дейді.

3. Қан алдыру немесе сүлік салдыру оразаны бұзбайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қажылықта аузы берік кезінде қан алдырған.

4. Құлаққа су кіру, бұлық ағу оразаны бұзбайды.

5. Көзге, құлаққа дәрі тамызу немесе көзге сүрме жағу оразаны бұзбайды.

6. Мисуак оразаны бұзбайды. Өйткені, мисуак қолдану – сүннет. Тіпті тіс пастасын қолдану да оразаны бұзбайды. Бірақ ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып жуу.

7. Тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт.

8. Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет.

9. Тамаққа түтін немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары еріксіз кірсе, оразаға зиян бермейді. Бірақ бұларды әдейі ішіне тартса, ораза бұзылады.

10. Түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нәрсе тамаққа кетсе, ораза бұзылмайды.

11. Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан кішкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды. Гүл, әтір секілді жақсы иістерді иіскеу оразаға зиян бермейді.

12. Еріксіз құсу (ауыз толы құсық болса да) оразаға кедергі жасамайды. Және оның еріксіз ішке қайта кетуі де.

13. Салқындау үшін жуыну, жүзу немесе ылғалды бір көйлек кию оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтпастан суға батып жүзу қиын болғандықтан түспеу абзал.

9 пікір

Karakulov
Жақсы бастама екен. Алдымызда рамазан айы жақындап та қалды. Білгеніміз өзімізге.
жүніп күйінде жүрсе
Жүніп деген не?
Мисуак оразаны бұзбайды. Өйткені, мисуак қолдану – сүннет
Сүннет деп есептелетін істердің барлығы тегіс оразаға кедергісі жоқ па? Мисуак оразаны бұзбауы-сүннет болғандықтан екені дұрыс түсіндірмесі екені анық па?

Осы айтылған сөздердің барлығының дәлелдерін келтіріп жіберуіңіз жөн болар еді.
SteVen_S_Sanzhar
Терминологияда жүніптік дегеніміз жыныстық қатынас немесе бойдағы шәхуат сезімінің нәтижесінде мәнидің сыртқа шығуына байланысты кісінің кейбір құлшылықтарды орындай алмайтын жағдайдағы үкімдік тұрғыдағы ластық жағдайын айтады. Мұндай адам есінен танса, ұйқысынан тұрғанда бойынан бөлінген ылғал бір нәрсе көрсе, ғұсыл алғаны дұрыс. Егер қандайда бір себеппен ғұсыл ала алмай жүніп күйінде қайтса, артында қалған мұсылмандар ғұсыл құйындырып, яғни жуындырып жерлесе жеткілікті. Ең маңыздысы, тірі кезінде иман айтып, Алланың бірлігіне сенген болуы. Мұндай жағдайда жүніпсіз өмірден өтсе де мұсылман болып саналады. Негізінде исі мұсылман баласы ғұсыл құйынбай яғни бой дәретін алмай, жүніпсіз жүрмегені дұры
SteVen_S_Sanzhar
бұл тамақ қалдықтарынан, тісті тазалау тістерді тіс жиегінен қорғау және жалпы тісті таза ұстау
SteVen_S_Sanzhar
мисуак-бұл тамақ қалдықтарынан, тісті тазалау тістерді тіс жиегінен қорғау және жалпы тісті таза ұстау
Qarabala_95
Sen OrAzA UstaImiSin.PoStina RaXmeT!
alikona
Мисуак, жүніп, ноқат
деген не?
SteVen_S_Sanzhar
aha soga jazam jazatn jer korgen jokpn
mairosh
8. Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет.

13. Салқындау үшін жуыну, жүзу немесе ылғалды бір көйлек кию оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтпастан суға батып жүзу қиын болғандықтан түспеу абзал.
ораза тазалыққа қарсы емес осы да дәлел
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.