Сұлулығы сор болып жабысқан қыз

Өз ойым /
Бір қызды білуші едім. Жақыннан білмесем де, сыртынан білемін. Өте әдеміше келген сұлу қыз. Мінезі де ашық жарқын. Кез келген жанмен әңгімелесіп кете береді, жатырқауды білмейді. Иә, ол жігіттердің арманы болатын. Ондай сұлуды қай жігіт болса да уысына түсіргісі келеді емес пе. Қашан көрсең жігіттердің әлек болып жүргені, қыздың қасында. Мақпал мағанда ұнайтын. Мінезі ұнайтын. Ашықтығы. Бірақ, оның артынан жел сөз де көп есіп тұрды. «Не дейсің, жүргіш екен», «Пәленшенің қызы мынадай екен» деген сықылды сөздер ел аузында болды. Ол ешкімді тыңдамады. Қашан көрсең жайдары жүзі. Бірақ, жұрттың аузына қақпақ бола алмайсың. Елдің аузындағы сөз әсер етсе керек, әлде бақытты өмірге асықты ма, ол жағын пайымдамадым, Мақпал мектеп оқып жүргенде бір жігіттің қолынан ұстап
күйеуге кете барды. Ол үлкен өмірге ерте асықты. Небәрі 10 сынып. Қуыршақ ойнайтын жаста еді. Енді тұрмыста. Жел сөз тағы гу ете қалды. Қыздың артынан тағы да сөз ерді. Бұ жұрт дегенді қойсаңшы, «не дейсің, пәленшенің қызы сондай да сондай», «түгеншенің баласына кетіпті».

Арада біраз уақыт өтті. Мақпал да өз орнын тапса керек, ел аузындағы әңгіме саябырсыған. Бұрынғыдай емес. Теңін тауып бақытты болса болды емес пе деп жүре бердім. Ол туралы ара-тұра естіп тұрдым.

… Бір жылдай уақыт өтті.Жел сөз тағы шықты, бір күні. Мақпал күйеуден қайтып келіпті деген, өсек ел ешін тағы да аралап кете барды. Үй жағынан өтіп бара жатып байқадым, шынында ол үйінде жүр екен. Бәз-баяғы қалпы. Жайдары, қыз күніндегідей құлпырып жүр. Бірақ, реңі кішкене солғындау сияқты еді сонда. Сол уақыттарда ерінбегеннің аузында Мақпал жүрді. Ана жігітпен жүр екен, түгеншенің баласымен көрдім деген сынды сөз көпшілік арасына тез-ақ тарап кетті. Сорлы қыз елдің әңгімесіне айналды. Солай жүргенде, суыт хабар келіп жетті бір күні. Мақпал өзін асып қойыпты… Тағы да гу-гу…

Эпилог орнына. Бұл өмірдегі жан жарасы мен тән жарасына шыдай алмаған пенде, көр азабы мен ақырет азабына қалай шыдамақ… Иманның әлсіздігі ғой

32 пікір

Karakulov
иә… мына өмірде ұл баланың жолы тым жеңіл ғой. Болашақта үйленіп, жанұя құратын болсам өз қызым да дүниеге келуі мүмкін екенін ойлаған сайын жүрегім ауыра бастайды. Өмірде жігіттердің сырты сынға түседі емес пе, бала кезден төбелесесің, кейін де, жалпы функцияларың физический пахать етумен ұштасып жатад үнемі, ал қыздарды айтсайш… выаааххх(((
ҚТҚ/МТҚ: Рубеке, жауап береді деген сөздің астын сызыпсыз ғо, сілтеме ме? Басылмай жатыр))
бла-бла-бла-сы несі?
Аллам баршамызға ауыр сынақтардан сүрінбей өтуді жазсын.
Амин! Осындай дұғалар көп жасалып, артынан әрекет еткізу арқылы көздегенімізге жеткізсін Аллаһ!
ABYLAI0KHAN
сілтемеге кіріп жауап беретін шығармыз алланың бізге жіберген виртуалды елшісі болар)))
qyrmyzy
бөлінбейікші а? Не болса да несібең! Жыласаң да, сықтасаң да, айғайласаң да маңдайыңа жазылғаны… енді қыз бен жігіттердің жолдарын талқылағанымыз қалды! Кім болсаң да АДАМ болып өмір сүрсең болғаны. пікірлеріңдііііііііііііііісссссс
Karakulov
Менікі кайфуша! Анда-санда ғана...тым сирек көңілім құлазып, баз кешіп жүретін кездерім.
Karakulov
Ну...Құдайдан сұрасың ғой, әуелі, а так..)
Manas
Бұл өмірдегі жан жарасы мен тән жарасына шыдай алмаған пенде, көр азабы мен ақырет азабына қалай шыдамақ…
Оны ойлайтын адамдарда иман жоққо))
qyrmyzy
Ел не демейді ©! Жігіттер-ай, жігіттер ©! Бір қызды нетіп…
zhomart
Қырмызы, Бұл жерде әңгіме тәрбиеге келіп тіреледі бір жағы. Қыз етегін қымтап ұстаса мен деген жігітің де оған ештеңе істей алмасы анық
qyrmyzy
Әрине, дауым жоқ! Дегенмен бәрін қыздарға итере салмай, жігіттер де жауапкершілікті өздеріне алса…
zhomart
Ия келісемін, бастысы тәрбие ғой
qyrmyzy
келесі жазбаларыңызды асыға күтеміз
zhomart
иә Иншалла, міндетті түрде
Karakulov
Жомарт пен Қырмызы, жақсы пікір алмасудасыздар, ойларыңызға қосыламын. Жауапкершілікті тең бөлісуіміз керек қой.
zhomart
Қосыламын ағасы, сенікі, менікі дегеннен көрі, бір ымыраға келген дұрыс-ақ
qyrmyzy
ымыраға келгенде, жай пікірімді айттым. Салқыласу емес менікі
Kinostrov
Кә кыздардың бәрі сондайғо ерте кетіп қалад, артын ойламайд, оқуын бітіріп алып шықпай ма
qyrmyzy
соны айтам, жүрк қой
Karakulov
Қайдам, өзім қыз баланың мықты білім не карьера қуғанын қош көрмеймін. Жігітінің міндетіне кірмей ме ол жағы?
qyrmyzy
мықты карьера қуамын деп ацта алмаймын, егер жігітіңнің табысы жақсы өмір сүруге болатындай болса, неге тамақ пісіріп, балаға қарап, интернетті қосып қойып, айтаберде пост жазыыыыып отырмасқа?? Егер жетпейтін болса, жұмыс істеуге тұра келеді
Karakulov
хэ-хэ, айтып отқанымыздың тағы бір дәлелі ғой мына сөз. Қыздарымыз баласымен жылы жерге жайғасып алып, не жейм, не кием деп бас қатырмай, құрбылармен әңгіме дүкен құрғысы келетін сияқты… болашақ жігітінің қалай боларын білмегендіктен қапыда қалмас үшін оқу оқып жүрген сыңайлы. Солай ма, жұртшылық?
qyrmyzy
ОМГ! Баласымен жылы жерге жайғасып алып, не жейм, не кием деп бас қатырмай, достарымен әңгіме-дүкен құрғысы келетін © жігіттер отырсын онда үйде! Қыз баланың міндеттерінің бірі — бала тәрбиесі! Сосын тон пішу — жігіттерге жараспас! Не болсада, өзім қалаған мамандығымды бітірдім. Сөзіңізден тайып тұрсыз ғой, ық ық! Рахмет
Karakulov
ұқпадым, чето? әлді өзім ұқтыра алмадым ба? Сөзден тайғаны несі?
жігіттер отырсын онда үйде!
мен мұндай пікір тастаған жоқпын ғой?
qyrmyzy
енді не айтқыңыз келді?
Karakulov
тағы бір оқып көріңізші…
banzaika1990
болашақ жігітінің қалай боларын білмегендіктен қапыда қалмас үшін оқу оқып жүрген сыңайлы.
— өте дұрыс айттың, қазіргі заманда алақанына аялап салып отыратын жігіттердің барына күмәнданғандықтан, бір күні далада қалып қоймайық деген оймен бір мамандық иесі болуды ұйғарып оқу оқып білім алып жатқан жайымыз бар.
qyrmyzy


ӨРТ! ӨРТ! ӨРТ!
zhomart
Жалпы шариғатқа жүгінетін болсақ, әйелдің міндетіне бала тәрбиесі, еріне қарау сияқтылар кіреді. Ерінің міндеті келіншегін, бала-шағасын жалпы отбасын асырау болып табылады. Ата-бабаларымыз да шариғаттың заңынан алыс кетпеген
AKA
Сіздің осындай қысқа да көлемді тост айта білетініңіз үшін кейде жақсы көріп кетем. © :))
mairosh
Мақпал өзіне қол жұмсауы дұрыс болмапты. Өкінішті әринеәркімнің өмірі ар түрлі ғой әрине.
satirik92
Ағам ау? Алла разы болсын! Сенен үйрену керек екен?!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.