Өмірдің мәні неде?

Өз ойым /
Біз өмірге не үшін келеміз? Дәл осылай соңғы рет қашан ойландыңыз? Есіңізде жоқ па? Ендеше, сіз де менімен бірге бір сәт ойланып көріңізші.

Сәби болып дүниеге шыр етіп келеміз.


Бала-бақша, одан мектепте 11 жыл оқимыз.


Мектепті бітіріп жоғары оқу орнына түсеміз.


Білім аламыз, ізденеміз, оқимыз. Қарнымыз аш қалмас үшін жұмыс істейміз. Жұрттан қалмай жанталасып бағамыз. Қарнымызды тойдыру үшін басымызды тауға да ұрамыз, тасқа да соғамыз.


Артымызға қарап көрейікші, өміріміздің жартысы өтіп кетіпті. Сонда біз бір қарынның қамы үшін 11 жыл мектепте, 5 жыл универде оқыдық па? Сол бір тамақты табу үшін қанша рет табанымыздан тоздық, сол бір қарынның қамы үшін кімдерді ренжітпедік, кімдерді жамандамадық, бәрі де сол қу құлқынның қамы.


Бір тамақ үшін ба сонда? Біз неге өмір сүру үшін тамақ ішпейміз? Керісінше тамақ ішу үшін өмір сүреміз ғой. Өміріміз осылай мәнсіз боп өтіп кете бермек пе? Шатасқан сұрақтар… Терең ойласаңыз бұл сұрақтардың жауабы бар екен. Қандай дейсіз бе? Ол анық нәрсе, ақылы бар кез-келген жанға. Ол құлшылық!

Кімге? Әрине, әр бірімізді бір тамшы ұйыған қаннан жаратқан, бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһ Тағалаға құлшылық қылу. Иә-ә, кез келген ойланған есті жанға бұл анық нәрсе. Біздің өміріміздің басты мәні де, сәні де сол емеспе. Өмір деген соол өтеді де шығады. Қамшының сабындай деп бекер айтып кетпесе керек баяғылар. Қөрер көзге көрініп тұрған жоқпа бұл өмірдің сынақ, жалған екендігі. Біреу сүрініп жатады, енді біреу қуанышқа кенеліп жатады, осының барлығына сабырмен шүкір дей отырып, Жартушымыздың алдында бас иіп құлшылық ету емес пе өмірдің мәні.


______________________________________________________

P.S. Кез келген адамның өз пікірі болады, бұл менің жеке пікірім. Сіздің пікіріңіз қандай? Келіңіз ой бөліселік…

12 пікір

мен бұл сұрақты мәңгі жадымда ұстаймын, бір сәтке ұмытқан емеспін.Және де көкейіңде осындай сұрақ тұрғанда, адам алға қарай жылжымай ма? Бұл өмірде білім алып, отау құрып, артыңда ұрпақ қалдырады.Өмірдің заңы осылай емес пе,өзі? Жаратушымызға да күн сайыын осы еңбегімізді,өмірдегі жақсылықтарымызды көрсету арқылы құлшылық етпейміз бе? Отбасымыздың,ұрпақтарымыздың амандығын тілеп, жаратушымызға сиынамыз.Осының өзі де үлкен құлшылық.
Karakulov
Мана бір жерден дін туралы жазуға болмайды деп жазғанын көргенмін бұл сайтта. Ұмытып тұрмын қай жерден екенін
Ak123
Бірақ Рамазан айына арналған посттар шығып үлгерді ғой?
Qarabala_95
Din turali nege jazuga bolmaidi eken adminder barma magan ademilep tysindirsin men bugan 100 paiiz karsiminn!!!Adminder!!!
duman
Qarabala_95 себебі дің ойнайтын кез-келген адам талқыға салып айта беретін зат емес, Мысалға сен діннің шариғатқа қайшы бір жерін біреуден естіп ал соны осында өз пікірің ретінде жазсаң.Діннен бейхабар адам болса сен қалай айтқан болсаң дін тура солай екен деген оймен, көңілі суып кетеді.Сол үшін дін тақырыбын тек арнайы сайттарда арнайы білімді, уағыздаушылар немесе имамдар ғана анық дұрыс айта алады!
Qarabala_95
Kez kkelgen oinaganda endi oni oinaitin adamdar da bar oinamaitindar da bar bireu oinap jazsa eskertu beriniz oinamai durisin jazsa koldaniz nesi bar.Men adminderden mundai narse kutpedim birak birak endi sizderdin aitkandariniz iagni adminnin aitkandari zango konbeske amal jok!tap osi jerde meni 5 adam koldasa sizder so eskertudi alasizdar!Kelisesizderme!
Karakulov
Qarabala_95
okidim!Siz magan bolisasizba alde dumanga ma men soni tusinbedim
satirik92
Неге екен көзіме жас алдым! Алла разы болсын!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.