Түсінгенім

Өз ойым /
Көзімді ашып жан-жағыма қарадым, көзім бірден терезеге түсті дала жарық екен, таң әлдеқашан атқанға ұқсайды. Төбе жағымда жатырған телефонымды қолыма алдым сағат 5-35. Әлі ерте екен дедім ішімнен. Төсегімде жатып арам ойлар келіп жалқаулыққа итермелеп жатыр "бүгін бармасам қайтеді", "бүгін бір күн өзіме демалыс жарияласам ба екен?" деп ішімнен ойлап жатыр едім, кенет кеше кешкісін дайындап қойған киімдерім есіме түсіп, бойымды тез жинап алдым. "Жоқ, жоқ болмайды, өз-өзіңді алдама Ардақ" деп іштегі ойыма кереағар пікір айттып, дереу орнымнан тұра қойдым. Жуынып болған соң, киініп алып стадион жаққа бет алдым. Далада жан жоқ, құстардың шиқылы мен мысықтардың миялауғаны ғана естіледі. Стадионға келдім де бір орнымда қатып тұрып қалдым, өз көзіме өзім сене алар емеспін адам көп, адам көп-ау солардан ерекше боп, бірден көзге түсетін, мен 1апта бойы бақылап жүрген мүгедек жігіт те жүгіріп жүр. Жүгіріп жүр дегенім асырып айтылған сөз болса да, ол әр қадамының өзін қиындықпен басады. Ол жігіт 1апта бойы жүгіріп жүрген адамдардан көз алмай көгалда отырушы еді. Барлық адамдар тарқағанда ол жігітте балдағына суйеніп, орнынан әрең тұрып, өз жөніне кететін. Алғаш оны көргенімде "Таза ауа жұту үшін, күні бойы сергек болу үшін таңертең серуендейтін шығар" деп ойша топшалап қойдым. Сөйтсем, ол жігіт өзін-өзі 1апта бойы жүгіруге дайындап жүр екен… Көзімді әлгі жігіттен ала алар емеспін. Неге келгенімді де ұмытып қалдым. Ойлар, ойлар "бұл жігіт неге мынадай күйге түсті екен?, жасы қаншада екен? шамасы меннен 1-2жас үлкен болса керек" деп ойлап қойдым. Бір сәт оны іштей аядым, дос болғым келді, сөйлескім келді. Жаным ашып тұрғанын байқап қалмасын деп дереу бойымды жинап алып жүгіруге кірісіп кеттім. Мен 4ші кругты бітіріп, жаттығу жасауға кіріскенімде, ол жігіт енді 2ші кругты бітірді. Жүгіріп жүріп одан озып кетуге ұялдым, бірақ жігіт те соны сезгендей мен жанына келе қалсам барынша тез жүгіруге тырысады, маған қарамай, жан-жағына жалтақтай береді. Жаттығу жасап болған соң көгалға отырдым, егер мен әлгі жігіттің орнында болсам жұрттың көзіне көрінуге батылым жетер ме еді? деген сұрақ ойыма сап ете қалды. Егер мен әлгі жігіттің орнында болсам адам аз жерлерде жүруші едім, жұрттың қайта-қайта көз алмай, аяушылықпен қараған көздерінен жасқанып жүрер ме едім? кім білсін, бәлкім өзімді мүлде тастап жіберіп, үмітсіз, керексіз адамдай сезінер ме едім. Мына жігітті көріп денімнің саулығына ең алдымен Аллаға мыңда бір шүкір десем, екіншіден жігіттің батылдығына қайран қалдым, одан үлкен сабақ алдым. Біз тіпті бетімізге бір жара, безеу шықса елдің көзіне көрінгіміз келмей, барлық адам бетімізге қарап жүргендей жасырынамыз… Ал, бізден де, біздің жағдайымызда да төмен адамдар барын ойламаймызда…
Мен жаттығуымды аяқтап уйге қарай бет алдым, есік алдына жақындадым қолымды қалтама салып кілтімді іздедім, жоқ, таба алмадым. Стадионда түсіп қалғанын шығар деп ойладымда, келген жеріммен қайта жүріп келе жатыр едім, алдымнан жүгірудегі таныс ағай шықты. Менің бірнәрсе жоғалтып алғанымды сезе қойды да: кілт жоғалтың ба? оны көргенін және мына жерге қойым кеттім деп түсіндіріп жатырды. Мен рахметімді айтып, стадион жаққа бет алдым. Әрі іздеп, бері іздеп таба алмадым. Артыма бұрылып қарасам әлгі ағай маған қарай беттеп келе жатыр. Ағай бірдеңеңізді ұмыттыңыз ба? деп сұрап едім, сені кері келмей жатырған соң, таба алмай жатырған шығар деп ойладым, қазір іздеп көрейік деп, менімен бірге іздеп кетті. Кілтімді тауып берді, алғысымды жаудырып жатырмын мәз болып. Сосын екеуміз уй жаққа беттедік. Менің руымды сұрай келе нағашым болып шықты. Уй маңына жеткенше ағай екеуміз әңгіме айтып бардық, олда әлгі жігітке риза болғанын айтып, маған да ақыл айтып келе жатырды. Жол қиылысынан ағаймен қоштасып, уйіме кірдім. Уйге келіп бір орында отыра алмадым. Бақшаға барып тапшанда аспанға қарап ұзақ жаттым, ойлар… ойлар. Шексіз ойларымнан бір нәтижие шығардым: Жан-жағымда жүректері иманға толы, қиналғанда, басыңа іс түскенде қол ұшын берер, көмеккке зәру қаншама адамдар өмір сүріп жүргенін ұқтым. Олар барда мен өзімді жалғызбын деп, және өмірге деген өкпемді айта алмаймын. Әр адамды сырт-келбетіне, жағдайына қарап емес, жан-дүниесімен бағалауды жөн көрдім. Әлгі жігіттен қаншама сабақ алдым, шүкіршілік айтып, осы күніме риза болдым. Барымызды бағалайық, ағайын!

17 пікір

Karakulov
Өте жақсы ой тастадыңыз, Ардақ. Шығарма менің есептеуіммен жоғары деңгейде екен. Тек, келесіде қате-қате қылмай, мұқият болсаңыз екен. Бұл жолы шығармаңыздың ойы кішігірім қателіктерін басып кетіп, білдіртпей тұр. Оптимизм ұрып тұр екен! + қоямыз да)))
ardak1996
рахмет...қазір және тексеріп шығайын.
ardak1996
менде неге азат жол қойылмай тұр? Tab-ты бассамда азат жол қойылмайды.
Karakulov
Tab-ты бассамда азат дол қойылмайды
ой, Ардақ-ау))
ardak1996
оны өзімде байқап, жөндеп қойған едім негізі.
Karakulov
оны өзімде байқап, жөндеп қойған едім негізі.
ендеше, осы пікірді де жөндей салыңызшы))
Оны өзім де байқап, жөндеп қойған едім, негізі.
деп. Көңіліңізге тиіп кеткен жоқпын ба, Ареке? Керемет жазылған шығарманың иесінің көңілін түсіріп алып жүрмейін, жеңіл қабылдағайсыз. Менікі әзіл аралас қой, НЕГІЗІ)))
ardak1996
Өкінішті, пікір жазылған пікір қайта түзелмейді. Мен қазақ тілді қайта қарауым керек екен. Жарайды, рахмет!
Karakulov
Егер артыңызша тура сол сіз жазған пікірге жауап қайтарылса ол мүмкіндіктен айырыласыз, қателеспесем/қолданушы ретінде/. Егер дер кезінде үлгерсеңіз
Пікір 2012-07-18 15:52:01 күні Karakulov тарапынан түзетілді
деген сияқты жазумен белгіленіп, түзетіліп сақталынады.
Әйтпесе, мен де өкіртемін қатені)
Aknyet99
Жақсы жазғансың +1))
qyrmyzy
Расымен, екі аяғымыз сау болса да, таңертең тұрып, жүгірмейміз-ау…
Karakulov
аха, адам ешқашан екі нәрсенің қадіріне жете алмайды екен. Бос уақыт пен денсаулықа қатысты айтылыпты.
nurgazina
шығармаң адамға үлкен ой салады екен.Мған ұнады!+ қойдым!
Yasin
Төбе жағымда жатырған телефонымды қолыма алдым сағат 5-35.
жатырған болмайды жатқан болады
qyrmyzy
ағасы, диалект қой:)
Korkem
«Біреудің кемшілігін тез көруге емес, тез түзулеуге ұмтылу керек» ©
followme_alik
Қанағатшылдық… жақсы қасиет)
AKA
Ойың дұрыс, сабақ алғаның да жөн екен. Ұнады жалпы, әдемі жазып жүрсің.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.