Анаға қарап қыз өсер,әкеге қарап ұл өсер!(Менің ата-анам)

Өз ойым /
Ассалаумагалейкум Айтаберліктер)
Мен өз ата-анам туралы айтпақшымын.Ата-анам өте жақсы кісілер.Мен үшін олардан артық адам жоқ бұл өмірде.Кейде оларды ренжетіп алатын кезім болады.Кейде кешірім сұрасан, кейде ашумен сұрамай кетесін.Кейде қатты ашумен анамның айтқанын тыңдамай кетем.Мүмкін оны өз балам болған кезде түсінермін.«Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсін»дейдіғо.Бірақ ренжетпеген дұрыс.Ата-ананың ақ дегені алғыс,қара дегені қарғыс деген бар.Ата-анаң риза болмай бәрібір сенің істеген ісің оңға баспайды.Бірақ оларды қатты жақсы көремін.Оны әлі өздеріне айтып көрмеппін.
Ата-анам туралы айтар болсам,Әкем аты-Қибан, анам аты-Ажар.Анам қойшының қызы болған,әкем жылқышының баласы болған.Әкем әкесінен 8-ші сыныпта айырылып сабағын тастап кеткен.Екеуіңде әкелері сонау КСРОның кезінде қайтыс болып кеткен адамдар.Әжемде, нағашы әжемде тірі.Енді суреттер сөйлесін)тауып алдым қопарып)
Анам 8-сынып оқып жүрген кезі

Әкем әскерде жүрген кезі(бәрі маған ұқсайд дейді)

Анам студент кезі

Мынау үйленген кейін 3 жылдан соң тускен


Міне осы кәзіргі суреттерін тусіріп алып пікір ретінде салармын)

П/сы: Сіздерде ата-аналарыңыздың ескі суреті немесе қәзіргі суреті болса салыңыздар)Анасына қарап қызын ал дегендейОсындай етіп

4 пікір

Ата-анаңмен мәңгілік бақытты бол дегім келеді.Біздің үйде ондай ескі суреттер көп-ақ.Сәті түссе мен де салармын.
alikona
бәрі маған ұқсайд дейді
ммм папан саған ұқсаған екен))))))))))))))
папан саған ұқсайд) деген бүртүрлі емес пе? одан да сен папаңа ұқсайсың демейсің бе)XD
followme_alik
Жарайсың, Манас. жігіт!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.