Күзде өмір есігін ашқандардың 100 жасауға мүмкіншіліктері мол

Өз ойым /

Күзде өмір есігін ашқандардың 100 жасауға мүмкіншіліктері мол

Қыркүйек пен қараша айларында дүниеге келген балалардың басқа айда өмірге келгендерге қарағанда 100 жасауға мүмкіншіліктері мол.
Сан-Францискода өткен Американдық демографиялық қоғамның жыл сайынғы съезінде Чикаго университетінің ғалымдары Леонид пен Наталия Гаврилов ұсынған жұмыс осы тақырыптағы бұған дейінгі зерттеулердің нәтижелерін қуаттай түсті, деп хабарлайды New Scientist.
Авторлар қыркүйек, қазан және қараша айларында дүниеге келгендердің ұзақ өмір сүру феноменін түіндіретін бірнеше гипотеза ұсынады. Олардың біріне сәйкес, күзде дүниеге келген нәрестеде маусымдық, бірінші кезекте жазғы жұқпалы ауруларды жұқтыру тәуекелі барынша аз болады. Өйткені бұл аурулар әдетте адам денсаулығына ұзақ уақыт бойы теріс ықпал етеді.

Сіздерге оқуға түсінікті болсын деп қысқартылып алынған,

Алтын сандық газетінен

3 пікір

nurgazina
менің папам күзде туылған!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.