Бәрін біліп жүргейсің!!!

Өз ойым /
Білгейсің…

Қабырғада ілулі тұрған дипломдар адамды – адам етуге жетпейді…

Білгейсің…
Ғашықтық сөзін неғұрлым көп қолдансаң, соғұрлым оның мағынасы да жеңілдейді…

Білгейсің…
Қарсыласыңды ренжітпеу мен өзіңнің ұстанымыңды қорғап қалу арасындағы орта жолды табу шынымен-ақ қиын…

Білгейсің…
Шын достардың арасына қашықтық кіре алмас,
Шын ғашықтардың да…

Білгейсің…
Тәжірибелілік сенің туған күніңді қанша рет тойлағаныңмен өлшенбейді, өмірде көргендеріңнің алуандылығымен өлшенеді.

Білгейсің…
Жанұяң ылғи да сенің қасыңда болмайды. Бөтен саналатын жандардың ішінде де саған көңіл бөлетін, махаббат сыйлап, сенім артатындар болады. Демек жанұя тек биологиялық емес.

Білгейсің…
Қанша жақын болса да достарың сені ренжітуі мүмкін. Оларды кешіре біл.

Білгейсің…
Кейде өзгелерді кешіру жетпейді, өз-өзіңді де кешіре білуің керек.

Білгейсің…
Жүрегің қанша ауырса да дүние сен үшін айналуын тоқтатпайды.

Білгейсің…
Өмір жолымыз кім болғандығымызға әсер етеді, бірақ кім екендігімізге өзіміз жауаптымыз.

Білгейсің…
Әр қиындыққа бір мұрсат артылған. Сол мұрсатты көре біл!

Білгейсің…
Махаббатты тез жоғалтасың, ал өкініштен құтылу – өте қиын. Барды бағалай біл!

Біліп жүргейсің

9 пікір

qyrmyzy
астынан санағанда 9-пункт, оххххх
SteVen_S_Sanzhar
ҚЫрмызы сіздің лог қандаай??
Zhanat
Өзіңде бәрін біліп жүргейсің, әсіресе қыздар логинін айқайлап айтпайтынын
bakosi
Білгейсің…
Шын достардың арасына қашықтық кіре алмас,
Шын ғашықтардың да…

Жақсы айтылған екен!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.