Арақтың жеткізер күні

Өз ойым /
Массагет сайтының қолданушысы Баубек Сағындықтың «Бақытын арақтан іздеген бауырыма» атты жазбасын оқығанан кейінгі ойлар.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) заманында бір діндар адам болыпты. Ол бір шаруалары шығып ауылдан қалаға қарай жол жүруге бел буыпты, содан жаяулата келе жатып, кеш қарайған кезде орманның ортасында бір орманшының үйіне келіпті. Үйде орманшының әйелі мен екі жасар баласы ғана бар болатын. Әйел азып кеткен жан көрінеді. Жолаушы әйелге жағдайын айтып, қонуға рұқсат сұрайды. Сонда әйел үш шарт қояды, соның біреуін орындасаң қонуға рұқсат дейді. Ол шарттар мынандай еді: «менімен төсектес бол, не болмаса баланы өлтір, не арақ іш» Діндар ойланып, бері ойланып ақырында «күнәнің кішісі ғой»-арақ ішуді жөн көреді. Бірінші жүз грамм өткен жерден бірнеше жүз грамм өтіп, есінен танғанша ішіп ұйықтап қалады. Таңертең тұрып айығып қараса әйел қасында жатыр, есік алдына шықса баланың балталанған денесі жатыр, осы жайттарды көрген діндар жынданып асылып қайтыс болыпты. Міне арақтың салдары. Арақ — өзі алфавиттің алғашқы әріпі «А»-дан басталып алып той болған үйдің төрінен табылып, еліміздің атын алып "Қазақстан", жыл басы басталатын айдың атын алып «Наурыз» талай шаңырақтың күлін көкке ұшыратқан сұм.

Дина мен Талғаттың махаббатына жатақханада қызықпаған жас жоқ шығар. Студенттік жылдардың аяғына қарай шаңырақ көтерген достарым 1 жыл өтпей ажырасты. Себебі, қу арақ. Жұмыссыздықтан қолы бос Талғат күнделікті арақпен өзін алдап іштегі күйігін басып жүрді, күнде ішіп келген жарына Дина реніш шығарады. Өзі күйіктен ішіп жүрген жас жігіт әйелін сөзін көтермей соққыға жығады. Сол соққының салдарынан Динаның ішіндегі ұлы Дастанға зақым келіп, қазір бір аяғы бір аяғынан кішкентай болып мүгедектер қатарына қосылды, ал анасы Дина басынан зақым алып өзіне бір кісі қарап отыр, осының бәрін өз қолымен жасағанына шыдай алмай Талғат асылып қайтыс болды.

Арақтың жетелеп жеткізер күні осы ғой, осыны ертерек түсін бауырым!

10 пікір

Karakulov
Өзім тәуелсізбін арақтан, бірақ Құдай біледі ғой, алда не күтерін, мына шығарма көңіл-күйіме кері әсерін тигізіп жіберді((
Zhanat
осы тәуелсіз күніңінен арылма
Ais_97
Арақтың адам өміріне зияны соншалық, адамды өлімге дейін апарып соқтырады!

Арақтан аулақ болыңдар достар! Жарайсыз +1!
Zhanat
арақтың өз өмірінен бұрын басқаның өмірін құртатын жақтары да бар
ereke_enu
Арақ, темекі, насыбай, т.с.с нәрселер ер жігітке жараспайтын нәрселер ғой. Мақтан тұтатын, қызығатын түгі де жоқ. Керісінше, адамның кемшілігін, әлсіздігін көрсетеді ма деймін.
Yasin
Арақ ішкен адам үш нәрсеге айналады
1) Ақ көңіл болады менің шотымнан деп ағынан жарылады
2) Батыр болады қасындағы серіктерін ұрып соғып төбелеседі
3) Шошқа болады кез келген жерде домалап сиіп тышып жата береді
арақ атаңнан қалған ас емес деген
duman
Арақтың бұл дүниені қойшы, арғы дүниеге барғаныңда көресіні көрсетедіғойй… Ыййй соңғы стаханды ішпейеқ қою керек едіііі!!!
zhomart
Арақ атамыздан қалған ас емес, ойланайық, бауырлар, ойланайық. Арақ ішу харам — ауыр күнә, ертең сұрауы болады, міндетті түрде.
mairosh
Бұл бір ғана себеп қой. Қаншама от басы осы қу арақтың кесірінен ажырап кетіп жатыр десейш(((((( Өкінішті әрине
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.