Махаббат аксиомасы

Өз ойым /
Дүйсенбі, сағат 19:12
Ұйқым қанбағандықтан шаршап отыр едім, бір кезде агент жыпылық ете қалды. Бірден ашып оқыдым.
— Сәлем, қалайсыз?
— Сәлеееем, орташа. Қарным ашып, ұйқым келіп отыр. Өзің ше?
— Жақсы. 25-не Таразға шығатын болдым. Мерсиімді(Шоколад) бересің бе?
— Әлбетте, қаншада Астанада боласың?
— Таңғы сағат 5-те...


Сәрсенбі, сағат 19:12
Газет шығатын күн болғандықтан, жұмыста әлі отырмын. Беттеуші нөмірді дайындағасын сайтқа салу керек. Сол сәтте телефон шыр ете түсті.
— Альө?
— Селам алейкум. Қалайсың Абай?
— О, Мейірбек бәрі жақсы. Өзің?
— Бәрі жақсы. Кешке сағат 9-да «Керуенге» кел. Ауыз ашайық.
— Ок!

Сағат тілі сегізді көрсеткенде жұмыстан шығып, «Керуенге» қарай тартып кеттім. Іштей ертеңгі болатын кездесуді ойлап, қобалжып тұрмын. Ұйықтап қалып, масқара болып жүрмесем десейші. Қазір ол жақта он екіге дейін болсам, сосын үйге келемін. Сәресі ішіп алғасын вокзалға шығып кетуге болады екен…

«Керуен», сағат 9:12
...Қарақыз: — Абай деген сен емес пе?
— Иә!
Мейірбек: — Ішетін не аламыз?...
Керекшілермен кездесу барысында ойымның бәрі басқаша жақта болды. Ауыз аштық, әңгіме айттық, көңілді отырдық. Алайда, менің көңілім алабұртып тұрғаны…

Сарайшық көшесінің бойы, сағат 01:12, 26-шілде
Мейірбек екеуміз такси тоқтатып тұрмыз.
— Абай-Сарыарқа. Бес жүз. Бола ма?
— Кеттік!..

Үйде, 02:12
Азанда ұйықтап қалар ма екенмін, хмм?.. Қобалжығандықтан қатты қауіптеніп отырмын.
— Жеңге, сәресіге мені қалай да оятыңызшы..

03:12
— Абай, тұр! Сәресі ішіп алайық.
Ұйқымды қимай жатырмын. Электр шамының жарығы көзімді қарып барады. Түһ, сәресі ішпей-ақ қойсам ба екен?.. Кенет есіме түсіп кетті. Атып тұрдым. Ұйқы шайдай ашылды.

04:12
Сәресі ішілді. Енді, міне, вокзалға бару үшін такси тоқтатып тұрмын. Жүрегім бір орында тұрақтай алар емес. Қан қысымым көтеріліп кеткен шығар. Қолымды жүрек тұсыма апардым. Дүүк-дүк! Дүүк-дүк! Дүүк-дүк! Өңім бе, әлде түсім бе? Шынымен ба? Ешқандай қиял әлемінде емес, тірі екенімді білу үшін әр жерімді шымшылап қоямын.

Вокзал, 05:12
Дууууук-дуууууук. штық
— Сәлем, келдіңдер ме? Мен тура сендердің вагондарыңның алдында тұрмын.
— Сәлем, иә! Қазір.
Дүүк-дүк! Дүүк-дүк! Дүүк-дүк! Дүүк-дүк! Дүүк-дүк! Дүүк-дүк! Дүүк-дүк! Дүүк-дүк! Дүүк-дүк!

Кенет, кенет! Вагоннан мен күткен адам түсіп келе жатты. Көптен күткен кездесу. Ұйқысыз өткен талай түннің кінәлісі қарсы алдымда тұр...

18 пікір

rauan
Керемет екен )) Ұйқысыз өткен талай түннің кінәлісі кім екен?
AL-ASTER
Сыболыш. Бекерде менімен барғыш амиго, дәл осы жерде қалдырып кеткенің неткенің?!(
Зря такси тоқтатқансың. Сол ақшаны маған берсең, апарып салар ем ғой)
konvict
Брат, ауыз ашарға барар кезде тамақтан басқа ештеңе ойлана алмайды екенсің. Сыболыш, вокзалға сен ойлағандай мақсатпен барған жоқпын
AL-ASTER
Амиго, және тағы: қуаныш ұзағынан болсын!)
MSHERIMBEK
Махаббат аксиомасы
Мынадан кейін бітіру гипотезасының мүмкіншілік коэффиценті бірнеше есеге дейін асқан деп ойлаймын:)))))))
konvict
Бұл жерде мүмкіншілік коэфициенті емес, ықтималдық теориясы зерттеледі. Яғни, тиынды бес рет лақтырғанда қанша рет бүркіт жағы түседі деген секілді нәрсе анықталады. Шатыспа бауырым. Әгәрәки, есептің шешімі дұрыс табылып жатса тригонометрия жалғасады. Қарсылас жатқан катеттер арасындағы синус пен котангенс
MSHERIMBEK
Катушка өрістерінде қатар жүзген бейаттас заряддар сияқты бір-бірімізге тартылу ықтималдығы мол дегің келіп тұр ғой сондағысы:))
qyrmyzy
Жалғасын жазсаңшы, жалғасын!
qyrmyzy
мен попкорн, сіз ішуге бірдеңе әкеліңіз. Жақсылап жайғасып алып, күтик сеансты
Korkem
ыыысыыболыш-ай, кетЧ н**
qyrmyzy
Саған мерси берми қойды ма?
AKA
Мәәәә, сілтемемен қатты қызықтырып қойып ең, оқығанша асықтым ғой :)) Керемет, жүректің дүрсілін айтсаңшы, оххх, жаза түс! :) Мәләдес, таңғы бесте шыққаныңның өзі, сен үшін қымбат адам екенін көрсетеді. :))
mairosh
ыыыы не деймін енді. жақсы Көркем бірденке деп жибер енді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.