Өз ойым

Өз ойым /
Қателеспеген адам — алға баспаған адам.

Өткенің — ой жүгіртіп талдау үшін,
Болашақ — көз жүгіртіп барлау үшін.
Ал қазіргің бар күшіңмен ұмтылуға,
Уақыт өте бармақ шайнап қалмау үшін.

Барлық проблема тек қана адамның санасында.

Аяқтамағаннан бастамаған пайдалырақ.

Өз көзқарасыңды қорғай білу — өмір сүрудің алғышарты.

Кез келген қарым-қатынас ненің негізінде құрылып жатқанына назар аудару керек, негізі құрыған сәтте қарым-қатынас та құриды.

Біреудің сөзін, ісін өз көзқарасыңмен ғана топшылау асығыстық.

Мақсаты бір адамдар ғана әріптес бола алады. / Әсіресе, осы ойымды талқылауға ұсынамын/.

ҚТҚ/МТҚ: Рубекеңнің пікірін күтемін.

21 пікір

Karakulov
Интернетім қуып кетті ме, өзім де байқамай қалдым 3 рет жазылып кетіпті шағын мақалам. Қалған екеуін өшіре саласыздар ма, админдер?
Kan
«Мақсаты бір адамдар әріптес бола алады» деймісің. Ал бар адамның мақсаты бір емес пе? Өмір сүру дегендей. Ендеше мақсаты бір әріптес бола алмайды ісі біріккен немесе кәсібі іліккен әріптес бола алалады. Баріміздің мақсатымыз Қазақстанның тәуелсіздігін қорғау емес пе, бірақ барша Қазақстандықтар менің әріптесім бола алмайды ғой себебі әр кімнің ісі бөлек, кәсібі бөтен.
Karakulov
бар адамның мақсаты бір емес пе? Өмір сүру
Баріміздің мақсатымыз Қазақстанның тәуелсіздігін қорғау
… күмәнім бар) мүмкін, осылай болуы керек дегіңіз келген шығар?
Kan
Мақсаты бір әріптес бола алмайды дегенімғой. Әріптес деген мүлдем басқа ұғымда. Әріптестіккпен мақсаттың түсінігін бір шеңберде қатырып тастамаған абзал. Мен сізге өз пікір айттым айып етпеңіз арине әркімнің өзінікі дұрыс. Егер түсінбестік танытсам кешірім сұраймын.
Karakulov
ЕЕЕмое, ағасы)))
Егер түсінбестік танытсам кешірім сұраймын.
Бұлай жазбай-ақ қойсаңыз да болады маған, керісінше, үлкендердің ойлары қызық қой. Бар тәжірибеңізбен бөлісе беріңіз, керегін сорттап алармыз. Қарсы болмасаңыз, агент логиныңызды жекеге жібере салсаңыз да жаман болмас еді.
Kan
Менен логин сұрадыңыз ба?
Ademi
сіздің оқушыларыңызды аяймын. Қай пәннен сабақ бересіз?
Karakulov
Оқушыларымды не үшін аяйсыз? Қатты қинайтын адамға ұқсаймын ба? )))
Ademi
Мұғаліммін деңіз… мен Кан мырзаға айтқам
dimash
Барлық адамның мақсаты атына кір келтірмейтін ұрпақ тәрбиелеп өсіру емес пе?
Меніңше, барлық адамдардың алға қойға мақсаты осы. Ал қалған қосымша мақсаттар осы басты мақсатқа жету үшін жоспарланған. Ендеше, барлығымыз әріптес болып шықтық па?..
Karakulov
Ұқсас мақсаттары болған адамдар міндетті түрде әріптес болып кетеді демедім, әріптес болу үшін міндетті түрде сол саладағы мақсаттары ортақ болуы керек деген ұғымда айтылған ой ғой.
AKA
Барлық проблема тек қана адамның санасында.
Жөн екен, бірнешеуімен келісер ем.
qyrmyzy
Аяқтамағаннан бастамаған пайдалырақ.

100 пайыз келісем)
Ademi
Өз көзқарасыңды қорғай білу — өмір сүрудің алғышарты
өзіндік пікірі жоқ, өзінше ойлай алмайтын адамдарды түсінбеймін. Меніңше, ондайлар жоқ адам!
Kan
Адемі менімен әдемі пікір таласады. Маған несін мұғалім дедіңіз?
Ademi
Бір пікіріңізде мұғаліммін депсіз…
Kan
Егер мұғалім болсам. Оқушыларымды неге аядыңыз?
Karakulov
Kan jane Ademi — takiriptan bolek wigar kezde jeke betti koldansanizdarwi.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.