Болашақ әкеге хат

Өз ойым /
Сен бүгін кездесіп жүрген бойжеткеннің аяғы ауырлап қалғанын естідің. "өлә-ә-ә-әә, енді қайттім.." деп сасқалақтап қалатының айдан анық. Өткені сен әке болуға дайын емессің және ол қыздан бала сүйем-ау деген үш ұйықтасаң да түсіңе кірген жоқ.
Әр адамның басына шешім қабылдайтын сәт келіп туады, біреуге ерте біреуге кеш дегендей. Құрсақтағы сәби өмірі өзге шешім сенің ар-ұятыңның, адамгершілігіңнің таразысы болмақ. Бірінші кезекте сен қызға сүйеніш болып, жігіттігіңді дәлелдеуің керек. Өйткені оның құрсағында сенің балаң! Ол титтей болса да тірі жан тіршіліктің иесі. Ол сенің қамқорлығыңа, махаббатыңа зәру, сен ол сәбиге өз жүрегіңнің жылуын бере аласың.
Аборт (атың өшкір-ай!) жасатуға бекінген адамдар «аборт жасатамыз, содан түк болмағандай өмір кеше береміз» деп ойлайды. Бірақ бұл қате ой. Жасалған аборт өмір бойы сенің соңыңнан қалмайтын болады. Ойлашы, 20 жылдан соң сен өткен өміріңе көз салған кезде аборттың есіңе түскені дұрыс па, әлде көз алдыңда 20 жасар ұлың жайнап тұрғаны жақсы ма?
Әйтеуір бір кезде үйленіп үй болуды жоспарлаған шығарсың, ал ол дәл қазір Алланың қалауымен дәл қазір соғып тұр. Енді сенің қолыңда титтей сәбидің өмірі тұр. Өмір ұзақ та бақытты ғұмырға айнала ма, әлде қайғылы түрде уақытынан бұрын үзіле ме — ол саған байланысты! Егер сен абортты таңдасаң — сенің қызың не ұлың сен жұмыстан келгенде "Әкем келді!" деп алдыңнан шықпайтын болады! Ол ешқашан да мектепке бармайтын болады, анасын құшақтап, сүймейтін болады. Оның өмірін қиып сен өз немерелеріңді де жоқ етесің, одан келешекте бір әулеттің ұрым-бұтағы тарау мүмкін ғой. Сенің шешімің балаңа өлім не өмір сыйлайтын шешуші сөз. Себебі, көп қыздар баланың әкесінен қолдау таппаған соң сәбиін аборт арқылы өлтіріп жатады. Аборт деген іштегі шарананы кескілеп өлтіру екенін білетін шығарсың.
Егер сен әлі студент болсаң, бала мен оның анасын асырай алмайтын болсаң ата-анаңмен, жақындарыңмен ақылдас. Балалы болып та оқу бітіріп жатқандар көп қой. Бала десе жанын үзіп беретін қазақтың немереден қашатыны кемде-кем. Жұмысың жоқ болса да Алладан қолдау тіле, бірақ несібесі өзінен бұрын жаратылған титтей балаңда өлтіру шешімінен аулақ бол. Асыраудан қиналсаң, мұңайма, қазақта мынадай сөз бар «бір қозы туылса, бір түп жусан артық шығады» мақал дегенім ғой. Сол айтқандай әр сәбидің өз несібесі болады. Баланың анасына тіреу бол, оның ішіндегі титімдей тіршілік иесі сенен мейірім күтетінін түсіне алсаң, нағыз азамат болғаның.
«Адамдарға ауызды берген Құдай нәсіпсіз, нәпәқасыз қалдырмайды» — деп жырлаған Мұхамеджан Тазабеков сөздері есіме еріксіз түсіп отыр…

Алтын босаға газетінен алынды

21 пікір

Baha_07
Рахмет, кәдімгідей ой салып тастадыңыз… Бұл расымен қазіргі кезде қоғамның бас ауруының бірі… шынымен кей кезде жастықпен, шалалықпен ойланбастан осындай қате жібереміз… бұған қыз да жігітте жауапты, келісіп пішкен тон келте болмас…
dimash
осындай посттарды оқып контрасепцияны дұрыс пайдалану жайлы пост жазу керектігі ойымнан кетпей жүр… Аборт жайлы да постты оқыдым, енді бұл… еріктен тыс пайда болған баланы (және өздері де бала бола тұра) дұрыс тәрбие берер ме екен деген сұрақ туындайды ғой… ертеңдері ойымдағы постты жазамын Алла бұйыртса.
Baha_07
Дұрыс дұрыс… күтеміз. Расымен керек, біліп жүрер нәрсе.
ereke_enu
Ең дұрысы үйленген соң ғана төсекке жақындау керек жастарға… Өз басым келіншегім қыз болғанын қалаймын. б/у аты б/у.
Aizhan
тең теңімен, тезек қабымен…
ereke_enu
Солай десек те, қанша түсініспеншілікпен қарасақ та, жастар, замандастар, мұндай арсыздықтардың өркендеуіне жол бермейік…
Aizhan
әр бір адам өзі үшін жауапты! Әр бір ата ана баласы үшін жауапты. Әке мен шешесі бермеген тәрбиені сен бермекшісің бе? Ал мен беремін бе? Зинақор болу норма жизни болған қазір, қарсы тұру қиын, бірақ кем дегенде өзің мен өзің жақсы көретін адамдарды сақтап қалуға мүмкін…
ereke_enu
Әлбетте, әркім өзіне жауапты. Тек арсыздықты норма емес, арсыздық деп таңбалау үшін жазып жатырмын. Бәлкім, арамызда осы сұрақты шеше алмай жүргендер де бар шығар.
Aizhan
мүмкін… Мұндай сұрақтар көбіне көтерілмейді, айтылмайды. Сенікі дұрыс. Көтеру керек те шығар. Әсіресе, жас өспірімдерге алтын сырға… Өзі бала боп тұра балалы боп жүргендер көп, алдын алу үшін осындай тақырыптар, ұят болса да, жазылып, талқылануы керек шығар…
Jako
Көркем өте тамаша жазылған пост екен.
Korkem
Рахмет ағасы!))
Guka
Оқыған адамға ой салатын, өте жақсы жазылған дүние екен!
ereke_enu
Кейбір қыз-жігіттер үйленбей жатып жыныстық қатынаста болғанды өздерінше «современный» түсінік деп айтады. Қыздарға айтарым, нақтырақ «жай Жібектерге», олай өздеріңді не өзгелерді адастырмаңдар. "Қызға қырық үйден тыю" деп қазақ бекер айтпаған. Жігіттерге бір сұрақ: Сен өз қарындасыңа соны қалар ма едің?
Baha_07
Жоқ әрине… расымен біз жұрттың бәріне қой, таста деп артынан жүре алмаймыз… бірақ өзімізге ет жақын адамдарға түсіндіріп, сақтандырып жүреміз…
Aizhan
Зинақорлықтың жемісін АЛЛАның қалауы деуге болмайтын сияқты. Қалғаны, сөз жоқ, әдемі мақала. Жігіттерге алтын сырға!
Qarakerey
қосыламын сізге.
vkm
Мақала ұнады. Жарайсың, Көркем!
ereke_enu
сендерге ұнағанынына қуаныштымын)
Jako
Жазыуын жазатын Көркем, сіздікі не қуаныш, Ереке?((((
ereke_enu
ааа… жалпы қыздарға ұнағанына қуаныштымын дегенім да)
Qarakerey
сізге де қосыламын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.