Тілімнің қатқан үні

Өз ойым /
Ойым сан саққа жүгіріп, тіптен не бастарымды білмей кеттім. Кейде қателіктер жіберіп те жатамыз, бірақ артынан соның өтеуі бар екенін ұмытып та кетеміз. Жасым 19 ға келсе де, өмірде біраз нәрсені көрдім. Жақсылардың жомарттығының арқасында жамандардың көкке өрлегенін, тентек-бұзықтардың арқасында өсиетті-өнегелілердің бүлінгенін. Менің бұл өз пікірім. Адам баласының маңдайына жазып қойған тағдырына шара бар ма?! Алайда, бейкүнә сәбилердің жетімдер үйінде қалып жатқанын, ол былай тұрсын, жарық дүниеге әкеліп, аялап, мәпелеп өсірген ата-аналарын қарттар үйіне тастап кеткен сондай оңбағандарды көргенде жүрегің мыңдаған бөлшектерге тіленеді. Сол уақытта«Ей Аллам, осы күнге жеткізген, осындай өнегелі отбасында дүниеге келгеніме мың да бір алғысымды айтамын»,-деп ішімнен үнемі айтып жүремін. Білмеймін, сол сәбидің кінәсі бар ма еді?!

3 пікір

mairosh
saktauova қазіргі өмір басқа. Адамдар бір бірін түсінуден қалған.
saktauova
жоқ өмір сол баяғы, тек адамдар басқа. осы түсінсеңіз жақсы еді
Kan
Сәбидің еш кінәсі жоқ әрине. Айтседе өзің айтқандай «маңдайына жазып қойған тағдырына шара бар ма?!» Бірақ Аллаһ тағала осындай сәбилердің өмірі арқылы сіздей асыл жандардың жүректерінен мейірім отын оятып жақсы адамдардың бар екенін дәлел деп отыр деп білем. Әрине әр заманның өзіндік ерекшелігі болады. Дәл біздің заманды жаман деп кесіп айтуға болмайды, әрі жақсы адамдар жоқ бәрі нашар деп те айталмаймыз. Себебі сізде осы заманың адамсыз енді өзіңізді сол нашар адамдардың қатарына жатқызасыз ба? Ең бастысы сізде сәбиіңізді жетімдер үйіне тапсырмасаңыз болғаны. Аллаға дұға етуден жалықпаңыз.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.