Бір арман

Өз ойым /
Өлең деген өнерге құмар болдым,
Көңіл шіркін, мәуелі шынар болдың
Бір шумақтың тармағы ұйқасқанда,
Бір ұйқасқа бір ұйқас сыңар болдың.
Сезіндім бір шумақтың құралғанын
Осы еді жастайымнан бір арманым
Шабыт келсе қағазға түсіргенше,
Тықыршып бір орнымда тұра алмадым.
Өлеңнің алғаш сырын түсінбеп ем,
Бір түрлі келетін де қысымменен,
Сондықтан да білмедім өңім түгіл,
Өлең жазып жатамын түсімде мен

2 пікір

Jako
Өзіме өте ұнады, таныс сөзімдер, ақжол тілеймін!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.