Бүгінгі күн

Өз ойым /
Зымыраған уақыт тоқтауды білмес сірә. Рамазан айымен де қимастықпен келесі жылға дейін шығарып саламыз біраз күннен соң. Қасиетті айды сезініп, бір ай бойы жамандықтан жиреніп, тәнім мен жаным оразада болды. Алғаш рет мұсылмандық парызымды өтеп жатырмын, Исламның асыл құндылықтарымен кеңінен таныстым, білмейтінім көп екен. Осы айда берген садақаларды, істеген жақсылықтарды екі есеге артатын көрінеді.


Біраз күн болды Аякөз жақта жүргеніме. Бүгін арнайы үйден шығып, мешітке соғып қайттым. Пітір садақа беріп жатқан жамағаттың легі көп екен, іштей қуандым.
Мешіттен шығып фотосалоны бар досымнын салонына соқтым. Амандықтан соң жөн сұрасып, мешітте көргенімді айтым. Сонда сол жерде отырған жігіт ағасының мына сөзі: «Биыл садақа кісі басына 150 теңге болыпты ғой, былтырғыдан қарағанда қымбат» деген диалогы бойымдағы қуанышты лезде су сепкендей басты. Сол жігіт ағасы күнделікті харамға (темекісіне) жұмсалатын ақшаның бағасын неге қымбат санамайды екен, жылына қарап отырсақ темекіге шамамен 100 мың теңге жұмсайды. Жылына бір келетін садақаны неге қымбатсынады екен. Бұл менің ойым, осы айда көп адамдардан естідім биылға садақаның қымбаттағанын әңгіме етіп тұрғанын. Беретін садақаларын бұлдамай берсе екен.

Таң атып күн батқан сияқты алма кезек уақыт өз ырқымен жылжып барады. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демей ме атам қазақ. Құстың ақ қауырсынындай таза ниетіміз қабыл болып, әр үйге, әр отбасына береке-бірлі, қуанышк сыйлаған ұлық айды келесі жылы да сіздер мен біздерге көруді нәсіп етсін. Әумин!

10 пікір

Jako
Иншалла, айтқаның келсін.
AKA
Иә, ораза тұтқаныңыз жақсы. Байқау ұйымдастырып, көп адамды сыйлықпен қуантудасыз, АРБ! Жасаған жақсылықтарыңызды Аллаһ еселей түссін.
Zhanat
аумин! әр қашан дайынмын ғой қуантуға
Chimaq
:):)
Zhanat
әдемі екен жақшалар
Jako
Бізде, Таразда, обылыстық мешіт пітірді кісі басына100тг. деп белгілеген. Әр региондағы бидай құнымен алынған болар.
Zhanat
бидайдың бағасы бізде сондай мөлшерде болады
Kan
Иманның арта берсін Алла саған тек жақсылық берсін.
Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!