Өмір - өзен ағады немесе өмір мен уақыт

Өз ойым /

Өмір — өзен ағады деп, «Заман» жігіттері айтпақшы, өмір зулап өтіп барады. Ертеде ата-бабаларымыз айтпақшы 1 ғасырымыз — 1жылдай, 1 жылымыз — 1 айдай, 1 — айымыз — 1 аптадай, 1 — аптамыз — 1 күндей, 1 — күніміз — құрма ағашының жапырағының жанып кеткеніндей зу-зу өтіп жатыр. Кейде мен осы өмірден түңіліп, бас ауған жаққа жүре бергім келеді. Ешкім жоқ, жат жерге барып, жеке қалып аспандағы жұлдыздарға қарап жатқым келеді. Неге екенін білмеймін, күнделікті тірлік менің жүйкемді жұқартып, әбден қоздырғандай көрінеді. Тіпті, айналамдағы адамдармен тез ренжісіп қалатын жағдайға жеттім. Өзіме не болып жүргенін білмеймін. Соңғы кездері жұмыс жасауды да қойдым. ЕШ нәрсеге құлқым жоқ болады да тұрады. КЕйде ойланамын осының бәрі — компьютердің әсері ме деп. Кеше ғана соңғы қоңырау соғылып, 3 айға мектептен қош айтысып едік, бүгін міне мектепке баруға дайындалып жатырмыз. Сонда 3 ай қалай зымырап өте шықты? Осындай зымыраған уақыт мені қатты таңқалдырып, тұнық ойға батырады. Сонда уақыт адамға тәуелді ме? Жоқ әлде адам уақытқа тәуелді ме? Жаңа ғана таң атып мал маңырап жатқан еді, қазір міне түс болып қалыпты. Уақыт пен өмір — адам мен жұмыс секілді. Әйтеуір жан-жаққа ағылып бара жатқан адамдар, барлығы отбасын асырау үшін жанталасып қамшының сабындай қысқа өмірде барын салып жатыр. Осындай жабырқау сәттерде, ой тұнығында жүрген сәттерде, маған демеу болып, көңілімді бір сәтке алдарқатып, мені жұбататын — АЙТАБЕР сайты. Көңілім босаңсыған сәттерде Айтаберге кіре қалам да, посттарды оқып пікір жазып көңілімді басқа арнаға бір сәтке бұрамын.
Осы Айтаберденде көптеген жақсы-жақсы достар таптым. Білмегенімді біліп жатырм осы сайттан. Рахмет саған — АЙТАБЕР!
Өмір мен уақты туралы аздаған ойымды айтып, сіздерді жалықтырып алып жатсам кешірім сұраймын. Жалпы барлық Айтаберліктерден кешірім сұраймын. Артық кетіп қалған жерім болса кешіріңіздер мені...!

49 пікір

Jako
«Базар жоқтың» Тұрсынбегі айтпақшы 1 ғасырымыз — 1жылдай, 1 жылымыз — 1 айдай, 1 — айымыз — 1 аптадай, 1 — аптамыз — 1 күндей, 1 — күніміз — құрма ағашының жапырағының жанып кеткеніндей зу-зу өтіп жатыр.
Бұл бұрынғы бабалар сөзі, жазғанда абай болған абзал.
pari
солай ма еді, білмеппін кешірім сұраймын
Jako
Ешкім жоқ, жат жерге барып, жеке қалып аспандағы жұлдыздарға қарап жатқым келеді.

Шет жерде де осы уақыт.
pari
мүмкін басқаша болуы мүмкін кім біледі.
pari
Крузо сияқты болармын бәлкім
pana
КЕйде ойланамын осының бәрі — компьютердің әсері ме деп

бәрін біліп тұрсыңғо)
pari
тек ойлаймын мүмкін күнделікті тіршіліктің әсері болар әй қойшы білмеймін басым істеп жүрген жоқ осы күні…
Jako
Сонда уақыт адамға тәуелді ме? 

Уақыт еш уақытта адамға тәуелді бола алмайды, ол Ұлы.
pari
ммм оосы сұрақтардың шешімін таба алмай жүр едім рахмет аға
Ais_97
Өмір зулап барады, сол алтын уақытымызды тек жақсы нәрсеге арнайық!
pari
дұрыс бірақ барлық адамның қолынан келерме екен?
Ais_97
білмедім ал, уақытымызды текке өткізбейік дегенімғо.
Manas
<code>5 күндік мына жалғанда
Мұңайып жалғыз қалғанда
Түңіліп мына өмірден
Әркімге ыза болғанда
Виртуал сені табамын…

</code>
дешиш

qyrmyzy
айхай-ау, сен де жылайдкесің ғо! Сен ұйқтайсың ба, осы?
Manas
ии, мен жыламайм, анау тақпақың сәніғоо.сұрап алған 5 сағат энергиям бар,1 күнге жететін))
AKA
Иии, мәдес бала!
Jako
Уақыт түрмеде өтпейді, Құдай сені одан сақтасын, ол жаққа барғың келмес. Он бес жылдық өміріңде саған уақыт,өмір жайлы пәлсапа соғу еш жараспайды. Өмір деген ойыншық емес балам, сен құсап жаттанды сөзбенен жазғанмен өзгермейді. Мені тыңдасаң әлі әзір сен өмірге құштар бол,өмірді сүйе біл, уақытты тиімді пайдалана біл. Ол туралы жазба, саған ерте, ол 60-70 жылды артқа салғандардың еншісі. Жасым біразға келсе де бұл туралы ой толғауға қорқамын.
pari
мына сөзіңіз маған бір күш бергендей., рахмет аға
Jako
Сағанда рахмет, түсінгеніңе.
Manas
Иа, Жако ағай дұрыс айтады.Тек сен емес қанша адам сондай халді кешіп жүр.Тіпті айналасында бәрі бар бай адамдар да өмірден түңіліп біп нәрсе жетпей тұрғандай болады.Әрине оларға иман жетпейді Бұл өмірдегі рахатты да, бақытты да исламнан іздеу керек.Ислам адам өмірін өзгертеді))
didi0393
кім… бауырым Пари неғо,өмірді, уақытты ойлап жүргенің жақсы екен әрине, дегенмен компьютерге тәуелді болмай, анда санда сыртқа шығып, таза ауа жұтып, достарыңмен көңіл көтеріп дегендей ісәрекет жасасаңшы!)))сенің диагнозың Депреснякко))))
pari
ибббай көшеге шыққанда қандай 12-ге дейін қаңғып келесіңғооо
didi0393
сен канғыма, а көңіл көтер)))))
pari
енді солға көңіл көтеру
Manas
сағыныш сен сияқты күн кешкенде осы суретке қарап әәәә дейм
pari
Манас мына сурет ойландырады екен
Manas
біз осы 4 кезеңнің біреуінде жүрміз, алда әлі өмір бар, бұлай жабырқауын орынсыз................
qyrmyzy

осылай әр аптамыз өте береді…
zhomart
Қырмызының бір апталық өмірінен көріністер
Manas
иаааааа,ұқсайдд))
Korkem
Қырмызының бір аптасы: 1 сурет: Ертең емтихан
2. сурет: Емтихан үстінде
3. сурет: Результат куту
4. сурет: результат нәтижесі
5. сурет: емтиханнан 5 алды
6. сурет: интернет әлемінде
7. сурет: ертең емтихан...
qyrmyzy
ңеп**, осы апта осылай өткен шығар. осы аптаның 7-күнінде: ертең кездесу
Korkem
кіммен? кіммен?
qyrmyzy
Бір апаймен
елең ете қалдың ба?
AKA
Базар жоқ сурет!
Kan
Саған психологпен сөйлесу керек.
немесе иман жолына түсу керек. Өмірден түңілу ол тым қиын.
ereke_enu
«Живешь — терпи, раз терпишь — живи» ©
User
Кеше осы пост +15 па болып еді ғо… неге
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.