Илеу жобасы

Өз ойым /
Достар осындай бағдарлама жасауға болады ма екен оқып көріңіздерші. Сіздерден тұжырымды пікір күтем.
Мақсаты:
Қазақ өнерін дамыту; Оның ішіндегі сазгерлік талант арқылы жаңа туындаған сапалы әндерді халыққа жеткізу; әнің есерін іріктеу, сараптау. Теріс пиғылды әндерге тосқауыл қою.

Жобоға қатысу керек қызметшілер:
1) Жүргізуші
2) Әділқазылар.
Мүшесінде: Екі ақын, екі сазгер болу тиіс.
3) Сазгерлер ( өз әндерін алып келген)
4) Орындаушылар (Әншілер)
5) Халық (көрермендер)
Жобаның болу керек орны: Сахналық немесе соған ұқсас аудиторияда.
Жобаның өзіндік талаптары:
— Байқауға кемдегенде 5 сазгер ғана қатыса алады.
— Әділқазылар мүшесінде халық қайраткерлері, елеулі тұлғалар болуы тиіс.
— Сазгер әніне сөзді жаздырып алып келуі міндетті.
— Байқауға қатысатын сазгердің байқауға алып шыққан туындысын міндетті түрде сүйемелдеумен орындау керек ол – домбыра болама, басқа аспап түрі болама айырмашылығы жоқ тіптен фонаграмамен де орындауға болады.

Жобаның барысы:
Танымал, танымал емес, білімді, білімсіз кезкелген сазгердің өнерін илеуден өткізу. Әсер еткен елеулі әнді ескеру. Есерсіз, халыққа кері тәрбие беретін туындылардың алдын тосу. Әр туындыны халық қалаулылары тыңдап, жақсы деп тапқан әндерін белгілі бір әншінің репуртуарына қосып беру.

Жобаның негізі
1-ші кезең. «Жаңа ән» Жүргізушінің шақыруымен кезек-кезегімен сазгерлерді ортаға шақырады. Олар туындыларын өздері орындап шығады немесе өзгеге ыңғайлы деген әншіге орындатады. Орындаған туындыға Әділ қазылар сын айтып,өз пікірлерін білдіреді. Осылай әр сазгердің туындысы тыңдалғансоң әділ қазылардың ортақ шешімімен жақсы деген ән байқаудан өтіп халықтың игілігіне өтеді.
2-ші кезең «Ән иесі»
Бірнеше белгілі әншінің есімімен таңдап алынған ән халықтың арасына дауысқа түседі. Көп дауыс жинаған әнші сол әнді орындауға рұқсат алады. Яғни халықтың қалауымен. Сонымен жаңа туындаған ән өз иесін табады. Әнші халыққа өзі өндеген қалпында орындап береді.

Қортынды:
Байқаудың толық маусымы біткен соң. Илеуден өткен сазгердің әнін иемденген әншілер «Жаңа әндер әсері» атты халыққа концерт қойып береді. Әрине жаңа әндерді тыңдауға келген халыққа бір билеттің бағасы 300 мың тенгеден сатылатын болады. Сонымен байқауға кеткен шығын ақталады.

Жобаның халыққа беретін жақсылығы:
1-ші. Әнін естірте алмай жүрген барша сазгерлерге керемет мүмкіндік туады.
2-ші Авторлық құқық мәселесіде өз денгейінде орын табады. Еш қандай талас-тартыс болмайды.
3-ші «Ән саудасы» деген ұғым жойылып қазақ әндері өз бағасын табады.
4-ші Осындай байқаудың арқасында ғана халықтың қалауы орындалады. Бұрынғыдай әншілер өзіне ұнаған кез-келген әнді алып орындай салмайды тек халықтың тыңдағысы келетін әндерді орындайды.
5-ші Әншілерге дауыс беру арқылы олардың халықтың арасында беделі көтеріле түседі.
Айта берсең тағы басқасы жетіп артылады.

11 пікір

Jako
КСРО-ның кезіндегі көркемдік советке ұқсайтын сияқты.Өнерге халықтық цензура болады ма бүл? Сонан соң «илеу жобасы»-дегенге қарағанда «Екшеу жобасы»-деген келіңкірейтін сияқты.(илеу-нан илеу, балшық илеу, ал екшеу — таңдау, екшеп алу)
Жалпы ой жақсы.
Kan
атын өзгертсем дұрыстау болады деп ойлайсыз ба?
Jako
Өзің білесің, атында нем бар, мен сөздің мағанасын айттым.
Ais_97
Жақсы ой, келісемін!
pana
сәтсіз болатын сияқты,
Kan
Неге? Нақтырақ айтасыз ба сіздің пікіріңіз маңызды мен үшін.
pana
егер өзім танылмай жүрген сазгер болсам "қасқырларға" талқылатуға әнімді әкелмес едім. ішімнен шыққан дүниемді аукционға салғандай болам
Kan
Онда сазгер әнін қалай елге таныта алады? Өзі тыңдап жүре бере ма? Немесе нақаты қандай жолдары бар?
pana
не көп әнші көп жақсы ән іздеп жүрген, шынымен жақсы туынды болса өткізетін адам табам, ал туындым нашар болса тағы бір нашар бағдарлама жасауға атсалысам ба? әнге қатысты бағдарламалар эфир уақытын лишь бы біреуге ән айтқызып қойып толтыруға арналған сияқты.өзім көре алмаймын негізі
VVVWWW
мықты, логичный аргумент
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.