адам өміріне қауіпті нәзік дүние

Өз ойым /
Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан төрт миллион адам қайтыс болады екен.Бір қарағанда ауырмай-сырқамай, кеше ғана күліп-ойнап жүріп бүгін кенеттен керкен адам сияқты көрінгенімен,әсіресе қырыққа жетпеген жастардың қас-қағым сәтте ана дүниеге аманатын айтып үлгермей кете салуының себебі мүлде басқада темекіге телінген өмірінің ішкі ағзасын улап,ірітіп-шірітіп жіберетіндігінде болып тұр.Адам саусағына әзер ілігер бір тал ғана болып көрінген «нәзік дүниенің» мойнында қанша адамның өмірі бар десеңші.Темекінің адам үшін қауіптілігі орасан зор.Темекі өлімге алып келетін аурулар туғызады.Темекінің зияны туралы бәріміз білеміз.Тіпті жылтырақ әдемі қорапшасының сыртына заңнан аттап кетпеу үшін майда әріптермен көрінер көрінбес етіп темекі адам өміріне қауіпті деп жазып қояды.Бірақ оны оқитын оған мән беретін пенде бар ма десеңізші? Біле білсеңіз темекі тартатын адам күніне орта есеппен екі жүз рет, айына алты мың рет, жылына жетпіс екі мың рет ішке түтін тартса ал қырық бес жастағы адам өмір бойына екі миллион рет темекі тартады екен.Асықпай өлтіетін тажалды баста барлық адам ойнап қызық үшін тартып көреді екен де, сөйткен әр жүз адамның сексені тұрақты шылымқорға айналып шыға келетін көрінеді.Сөйтіп аурудың нағыз диагнозы айтылады.Ал оның басты себепкері жайлы сөз қозғалмайды.Міне сол себепті темекіден өлген адам көрмедік деген ой қалыптасады.Ал шын мәнінде оның зияны жердегі табиғи апаттардан бір жылда көз жұмғандардан да асып кетеді.Қазір тәжірибеде денсаулық сақтау саласы қызметінің ескертуі, дәрігерлер кеңесі, шылымқорларға қарсы шұғыл шартты рефлекс жасау, оларға жағымсыз жайттар туғызу, гипноз, миға код жіберу және қолдаушы топ арқылы темекі қойғызуға арналған бағдарламалар өте көп.Алайда бұлардың нәтижелері оңды болмай тұр.Бүгінде бір қорабы бір бөлке нанмен тең темекі үшін күніне ең арзан дегеннің өзінде елу теңге жұмсадық дегенде,365күнде 18250теңге жұмсайды екенбіз.Осылай аруды өзіміз сатып аламыз.Ал осы сомаға дәрі алып көріңізші қымбаттығын айтып, біразға дейін ақшаға ішіңіз ашитыны ақиқат.Темекінің зиянды әрекеттері бар:
1.Тіл және өңеш рагына жол ашады.
2.Ас қорытуды қиындатып, тәбетті қайтарады.
3.Асқазанда жара пайда болуына әсер етеді.
4.Туберкулез ауруына шалдықтырады.
5.Демікпе ауруларына ұшыратады.

25 пікір

qyrmyzy
бір күнде 150 теңгелік бір қорап темекі тартатын болса, жылына 55мың теңге темекі үшін жұмсайды екен.
tolkin9595
иа дурыс айтасыз
Manas
Өте пайдалы жазба екен, мәләдес)))Мен жазам ба деп жүр едім)))андай қылып)))
qyrmyzy
қандай қылып? Жазшиш
didi0393
темекіні нәзік деп атағаныңыз кызык екен)))
Kan
Темекіге қор болған нәзік сезім деу керек шығар.
Jako
Кан мырза,«нәзік»-деген сөзді тек қана «нәзік сезім»-деп түсіну қате менімше.Бұл жерде автор қылдырықтай ғана, нәп-нәзік,қолыңды қысыңқырасаң мыжылып қалатын, каттырақ жел тұрса ұшып кететін темекінің бір талының соншама қасіреттерге ұрындыратынын айтып отырған сияқты.
Kan
Ол да болады ең бастысы темекини тартпау керек екенинде. Тартатындар тастасын тартпайтындар жоламасын осылай болса болганы
Jako
О, тамаша,өмірімде темекі тартпағанымды айтсам, мақтаншақтық болар ма екен?
Kan
Темеки тарпайсын ба, маган тарткан екенисин десем бола ма болмай ма?
Jako
Неге болмасын,әрине болады)
Kan
Темекінің зиян екенін адамдар айтпасада жақсы біледі әйтседе нәзіктіктен көрі әлсіздік басым шығар бұл жерде.
Jako
Бұл жерде нәзік сөзі темекіге байланысты айтылып тұрғандықтан темекіні әлсіз деу қалай болар екен.
Kan
жок темекини әлсиз дей алмаймызғой адамның өзі әлсіз болып тұрғой
Jako
Бұныңызға келісемін.
mairosh
Төмендегі ауруларға тағы қосымша аурулар.
Темекі шегетін адамда Сосылмалы бронхит, Өкпе рагі, өкпеден қан кету, миға қан құйылу, қан қысымының жоғарлауы, нервтың бұзылуы сияқты аурулар жатады. Бұлар тек асқынған түрлірі
Jako
Толқын, жазған дүниеңіз қазіргі кездегі әлеуметтік мәнге ие такырыптардың бірі, жақсы жазылған.
tolkin9595
пікірлеріңізбен толықкқанды келісемін
Ak123
менің де принципім осы)
AKA
Зияны талай айтылуда ғой, өзіңіз темекіні жоюдың қандай жолдарын ұсынасыз?
tolkin9595
кәмелет жасына жетпеген жасөспірімдерге темекі бұиымдарын сатпау керек ондай заң да шыққан бірақ амал не саудагерлер ол заңды орындамай жүр
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.