Қаз-қалпында...

Өз ойым /
1-бөлім. Қызылорда-Астана

Жиі пойызбен сапар шегіп жүрсем де әлі үйрене алар емеспін. Осы жолы да біраз қиналдым жол үстінде. Ауылдағылар да қызық, «Сен көтермейсің, пойыз көтереді ғой» деп аманаттарын үйе береді. Өз затым тым шағын бір-ақ дорба еді, пойызға отырып бір санағанымда алты дорбаға жетіпті. Оңтүстіктің жанып тұрған кезі ғой тамыз айы. Әйтеуір, жолсеріктер "қоян" алмайтын болыпты, онысына да шүкір дедім іштей, адам лық толы болатын замандар еске түсіп.
Сағат түнгі он бірмен ілесіп біздің де арбамыз қозғалды орнынан. Қасымдағы көршілеріммен таныса бастадым. Қарама-қарсы төменгі орында бір тұйықтау келген жігіт орналасыпты. Онымен оншалықты әңгімелесе қоймадық. Есесіне оның үстіндегі жайға тартымды келген орта жастағы келіншек орналасыпты. Өзі Ресейден көшіп келген қандасыммыз екен. Елордамыз Астанадан үй алыпты да жұмысын туу оңтүстікпен байланыстырыпты. Әрі-бері пойыз «терлетіп» көп жол жүретін көрінеді. Ә дегеннен-ақ әңгімеміз жарасы кетті. Жасы отыз бен қырықтың ортасында болса да сымбаты уақыт сынынан мұқалмай өткен екен. Әдетте, іштей әділдік сақтағансып, көпшілік жерлерде әрбір тілі бар, құлағы барды ортаға тартып отыратын едім шет қалмауын қадағалап, бұл жолы осы бір қызықты жанмен ғана шектелдім. Қасымыздағы өзбек келіншектің майда-шүйде бес баласының шуы да кедергі тудырмады. Қайта соларды да тамашалап, тамсана тілге тиек етіп жаттық. Әне-міне дегенше, бір жарым тәулікке есептелген сапарымыз да аяқталды. Оған заттарын түсіріп көмектеспек болдым. Вагонның ең түбіндегі купемен келген едік, кесірі тиіп, оның заттарын түсіріп болып өз заттарыма кезек келгенде пойызға енді отырып жатқан жолаушылардың толқынына тап болдым. Итеріп-тартысып жүріп заттарымды зорға түсірдім. Астанама жеттім, өзіме ұнайтын қаланың азаң-қазанына бас сұқтым деген ой қуат беріп, ешкімнен өтініп-тіленбей бар жүгімді екі қол екі иығыма бөліп бердім де қисалаңдап кете бардым.

2-бөлім. Жалғасы (2-бөлім дегенге екі жыл өтті деп қалмаңыздар)

Заттарымды таксишілер алаңына бес тоқтап зорға жеткіздім. Барар жеріме талай рет 500-600 ге барып жүр едім, бұл жолы жүгімді көпсінді ме, такси иелері 1500-нан түспей қойды. Мұрнымды шүйірдім де автобуспен кете бермек болып шештім. Автобустың артқы алаңқайына көшімді тоқтатып, терезеден сыртқа көз жүгіртіп отыр едім, жақындап ақша түгендеп келе жатқан контролердың да даусы естілді. Күттіріп қоймас үшін ертерек қамдана берейін деп ақша салған сөмкемді ақтаруға кірістім. Сол заматта бірнәрсені дұрыс істмегенімді сезгендей ішім қылп ете түсті. Масқара, тапсырылған аманаттардың біреуі жоқ. Қайта-қайта қадап тұрып айтқан еді аманат егесі маңыздылығын. Сол үшін де жоғалмасын деп қуысқа тыққан едім купеде. Қап, әттеген-ай, менің де сорлайтын кезім болады екен ғой!
Жетем дегенше бес тоқтатқан бес сөмкені бір жұлқып сыртқа шығардым. Кімге тапсырарымды ойлап түсіп келе жатқанымда алдымда бір қыз тұрғанын көзім шалған. Қасына жетіп келдім де: «Осы жерде бола тұрасың ба?»-деп сұрасам, «Жоқ, Шымкенттенмін» дейді сарыауызым, «Осы жерде бол!»-дедім де заттарымды қалдыра салып, пойызыма қарай жүгіре жөнелдім. Пойыз екінші жолда — оған вокзалдың екінші қабатымен айналып бару керек заң бойынша, ал менде болса уақыт зар. Тәуекелге бел буып, темір жол сақшыларының көзінше белгіленбеген жермен кесіп өте бердім. Жолсеріктер есіктерін жауып жатқан кезде мен де айқайды салып жетіп келдім де ештеңе түсіндірместен мініп кеттім. Билет көрсетпей ішке ұмытылып бара жатқаныма жолсерік қарсылық танытып жатса, артқы жақтан мәдениетсіздік көрсетіп жол кесіп өткеніме темір жол қызметкерлері наразылығын жеткізіп жатты. Ешқайсысына да көңіл аударатын шама жоқ. Пойыз жүріп кетпес пе екен? Әлгі бейтаныс қаршадай қызға тапсырып кеткен заттарым не болып жатыр екен? Бір затқа жанымды салып жатып, бар затымнан айырылып қалмайын, сорлы басым. Әлгі қыз күте ме екен кешіксем? Ақшамды да, құжаттарымды да сол сөмкелерде қалдырып кеттім емес пе, түфф, аласұрмай құрығанда ақша-құжатымды ала жүгіруім керек еді, қазір пойыз Көкшетауға тартып кетсе не істеймін деген ойлар жанымды қоярға жер тапқызбай вагонның соңына қарай тарта бердім…


Жалғасы бар.

Қай блогқа сәйкестендірерімді білмегендіктен осында орналастырдым. Қолдарыңыздан келсе, тиістісіне ауыстырсаңыздар, риза болар едім.Рахмет.

13 пікір

AKA
Қызықты, нағыз интрига жерінде тоқтапсыз, күтелік…
AKA
AKA
Кәйпіңіз бұзылса да, шыдамды болуға тәрбиелейді, күте біліңіз.
AKA
Өзің сондай!
zhurttyn_balasy
смайлик салмайтын кезіңіздегі мәтіндік смайлигің «милее» еді. әттең, ((((: деш
Kan
Құжаттарыңды уайымдап тұрмын. біреудің затын тасимын деп өз құжатыңды жоғалтып ал енді. Ай масқараааааааааааааааааааааа…
banzaika1990
Бейтаныс қыз да «непонятка» боп, жіпсіз байланып нестерін бімей абдырып қалай тұр екен????!!!
m170785
кино көргендей болдық қой, 2 бөлімнің соңы деп ))
kema
kutty bolsyn su jana KZ serial))))
Korkem
Жәнеем-ау, түріктің сериалынша жүйкемді жұқартып-ақ тастадың ғҰәәә, соңын жаза салсаң нең кетеТкен((( Көпәріп болса да, сүйсініп тұрып оқуға тұрарлық екен. Жаз, жаза түс сериалдан өле-өлгенше құтылмаспыз, сірә..)
AKA
Алаңдаулымын, қашан жалғастыратын ойыңыз бар?
ereke_enu
Жалғасын жазбадың ба? Керемет жазады екенсің
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.