Кім кінәлі?

Өз ойым /
Бүгін менің бірінші постым болғалы тұр бұл тақырып. Жоғары оқу орнындағы оқып жүрген студенттер мәселесі десем болад шығар… Бір студенттің өмірінен алынды, қазіргі таңда шынайы боп жатқан оқиғаның бірі. Жақсы бір досыммен сөйлесіп отырғаным еді, сондағы айтқаны:
« Ел ордасы Астанаға әкем мен әпкемнің қалауымен түстім. Көптен армандап жүретін, Алла қолдап армандары іске асты қазір міне елге белгілі бір университеттің студентімін. Қысқы каникулдан келіп отырғанымыз енді, сабақ аязға байланысты дұрыс болып жүрген жоқ. Жалпы сабақ 2-де басталады, группамызбен у шу боп барамыз бәріміз. Ең бастысы 6 апта бойы қалмай бару ғо, нб алмау… сабақта жәй әңгіме, сабаққа дым қатысы жоқ ырду-дырду боп жатады жартысы, қалғаны сол баяғы күндіз түні бас алмайтын АГЕНТ, сотка шұқылау, енді бір бөлігі мұғалімді алдаусыратып бір тірлік етіп отырад жәй… аты сабақ болғанымен кәдімгідей сабақ сұрайтын мұғалім де жоқ, сабақ айтатын студент те шамалы. Тек жетінші апта, яғни рейтинг немесе рубежка аптасы, келген кезде жақсы баға алып қалу үшін күйбең тірлік істей бастаймыз, 6 апта оқымаған тақырыпты, семинар мен өздік жұмысты өліп талып жүріп тапсырамыз әйтеуір, осылай екі рейтинг немесе рубежка аптасынан аман өтіп, сессияға да жетеміз. Экзаменнің көбі компьютерде өтеді, сондықтан тест жаттау біз үшін түк емес, ауызша тапсыратын сабақтар аз. Оларды да шпор дайындап жүріп өтеміз-ау… Студент қауымының таппайтыны жоқ қой! Әйтеуір осылай оқып жүріп бітіреміз бір жылды, жазда практика болад. Ол да өзінше бір әңгіме, кейбірі университетте, енді бірі белгілі бір мекемелерде, қалғаны өзі таңдаған қала немес ауылда өтіп жатады. Аты практика болғанмен кәдімгі маманға қатысты керек бірдеңке істеп, үйренеміз дей алмайм. Салпылдап барасың да келесің, жұрт қатарлы санда жүрсең болғаны...»- деп досым әңгімесін көңілсіз аяқтады.
Мен мұнымен ешкімді жаман етіп көрсеткім келмеді, бірақ қазіргі таңда шынымен осылай боп жатыр Жоғарға оқу орындарында. Менің өз ойымша бұл жерде оқымаған және өзіне керекті білімін ала алмай жүрген студенттер де, мамандығы білім беру, талап етуші бола тұра талап ете алмаған ұстаз қауымы да және дұрыс білім жүйесін жасай алмай отқан білім министрлігі де кінәлі… осылай саны көпте сапасы жоқ мамандар ертең елімізді көркейте алады деп ойламайм, әрине мен бұл жерде барлық ЖОО жаман ат етіп отқаным жоқ, бірақ көпшілігі солай екені ащы боса да шындық екеніне келісесіздер деп ойлайм. Сіздер қалай ойлайсыздар кім кінәлі?
Мені бұл жерде сынаңыз, даттаңыз мейлін. Ұзын сонар жазу боп кетті іш пыстырып кетсе ренжімеңіз, барлық тақырып көнілді, әрі жеңіл болуы керек деген шарт жоқ шығар мұнда!

11 пікір

ereke_enu
Бұл постты оқымастан бұрын пікірлер мен посттың арасында орналасқан "+" таңбасын басыңыз)
calendula
Түсініксіз, не үшін оқымай жатып + қоюымыз керек…
ereke_enu
Маған ұнады, өйткені..)))
dimash
Орынды, бірақ шынында досыңның әңгімесін қысқартсаң да түпкі ой түсінікті ғой.

Иә, бұндай жағдай орын алып жатқаны рас. Бірақ мен оқып жатқан коллдеж, жоғарғы оқу орны болмаса да білім беру жаға кейбір универлерден кем түспейжі, База мықты, мұғалымдар мықты.
Baha_07
Бұл бірінші постым болғасын болар, кейбірі түсінбей жатар деп жазғаным ғо толық.
Baha_07
Әрине, мен бұл жерде бәрі сондай дей алмайм… бірақ көпшілік солай боп тұр ғо. Не бір жақсы студент те, мықты маман да бар ғо барлық жерде, дегенмен…
Korkem
+1 )) менің пікірлерімді аңдып отырсаңызда жомартпын...))
Baha_07
Рахмет рахмет))) Сізбен пікір таласқан қызық маған… кей жерде артық кетіп жатсам ренжімеңіз, көңілге тию деген ойымда болған жоқ.
ereke_enu
Жарайсың, сенің +1 қоятыныңа күмәнім болған жоқ)
qyrmyzy
Бұл ereke_enuдің ойы!
ereke_enu
түсінбедім?)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.