Өмір - ойын

Өз ойым /
Өмір...Өмір...Өмір...



Өмір демекші, "Өмір" атты ойынның біз бас кейіпкеріміз. Бұл "Өмір" аталатын ойынның ережесі күрделі. Бұл ойынның жеңімпазы болу үшін біз барымызды саламыз. Бұл ойынның кезеңі де күрделі. Барлық кезеңнен сүрінбей өтсең, өзіңді бұл өмірдегі бақытты жанмын дей беруіңе болады. Кейде бұл ойында ұтасың, ұтыласың. Кейде сүрінесің, кейде мұңаясың. Кейде қуанасың. Бұл ойынды аяғыңнан шалып, ойыннан шығарып жіберуге тырысатын қарсыластарың да болады. Бірақта, сол қарсыластырыңа жығылмауға бар күшіңді саласың. Бұл ойында өз-өзіңе сенімді болуың шарт! Бірінші кезеңнен өттім деп қуанған сәтіңде, келесі екінші кезең шыға келеді. Оған төтеп беруің сенің күш-қайратыңа батылдығыңа байланысты. Алғаш ойынға араласқанда, сен бұл ойынның ойналу мәнісін түсінбей бейқам жүресің. Екінші кезеңде сол ойынның кезеңдеріне қызығушылық пайда болады. Үшінші кезеңде ес жинап, ақыл тоқтатасың. Төртінші кезеңде ойынның барлық шарттарын толықтай түсініп, егде боласың. Бесінші кезеңде ойын мәресінің қалай аяқталу керектігін ойлайсың. Алтыншы кезеңде ойын мәресіне жетуге таяп қаласың. Сол сәтте бірінші кезеңдегі қылықтар қайта пайда болғандай болады. Бірақта, жеңіске жетуге тырысасың. Бірақ… "Өмір" аталатын ойын сені кез-келген сәтте ойыннан шығарып жіберуі әбден мүмкін. Қалай шығып қалғаныңды да, сезбей қаласың. Кейін сенің ойындағы қарсыластарың және ойында саған демеу болған жақын адамдарың...



Иә, "Өмір" аталатын ойынның шарты осындай… Бұл шартты ешкімде өзгерте алмайды. Сол қалпында қала береді…

Абай Аязбаевтың "Өмір" атты өлеңі қатты толғандыралы екен. Соны тыңдайық.




Түртіп алам деушілерге...

Ей, өмір, әуреге салған,
Қол жетпес арман, өтер жалған.
Болсаң да қатал,
Таңдарым да атар,
Бөленіп жатар, бақытқа апар.

Күн мен түн таласып жарысқан,
Жандар көп өмірмен алысқан.
Талайдың басынан бағы ұшқан,
Талайлар өмірде табысқан.

Тәтті ғой бұл өмір жағымды.
Өмірге салып қал жаныңды
Өткенің келмейді өкінсең,
Өмірден алып қал барыңды.

Кеткендер өмірді сағынар,
Өмірге келгеннің бағы бар.
Түсінсең өмірдің жаны бар
Өмірмен шырағың жағылар.

Өмірдің қарасы-ағы бар,
Қас қағым өзендей ағылар.
Қуантар, жылатар, жағылар,
Өмірдің өзінің заңы бар.


Құрметті достар! "Өмір" аталатын ойында сақ болайық, ойнағанда көп елірмей баппен ойнаңыздар. Ойынның гаммысына түсіп кетіп артық қылам деп, тыртық қылып алмасаңыздар болғаны. Ал, ендеше, ойыншылар "Өмір" ойынында өз орнымызды тауып, жеңіске жетейік!

15 пікір

Ak123
Бірақ… "Өмір" аталатын ойын сені кез-келген сәтте ойыннан шығарып жіберуі әбден мүмкін.
онда шыңы жоқ қой? жеңіске жетіп көрген адам бар ма екен? жеңіске жеткенімді қалай білуге болады?
pari
немере, шөбереңнің қызығын көрсең, сен жеңіске жеттің!
Ak123
немере шөбересі жоқ жалғыз қалған қарттар үйіндегі қариялар сонда бұл ойынды мүлдем ойнамаған ба??
pari
ойнаған., оған қолдау көрсететін жанкүйерлері оны қолдамаған ойында жалғыз қалған.
Ak123
өзің өмір атты ойында проф екенсің ғой
Manas
Өмір ойын деп жатыр екенбіз, онда мен де өз ойымды айтып жібериін.
Бұл Өмір атты ойындағы менің жеңісім о дүниедегі жұмаққа жету.Сол мәреге жету үшін барымды саламын, мейлі қанша қиын кезең болсада.Және бұл ойында ойын тәртәбін бұзғандарды кешірмейтін, ойынды дұрыс орындағандарға мейірімді болатын төреші Аллах екенін ұмытпайық)
pari
жарайсың, тамаша айттың!
Jako
Өмірді ойын деп ойлағандардың ерте ме, кеш пе ойыны осылады, осы сөзімді ұмытпаңдар.
qyrmyzy
сыйласып өткенге не жетсін?
pari
әрине.«Сыйға — сый, қымызға — бал»
AKA
Ошм былай ғой: қателік жіберсе болды, Паридің өткендегі қатесін бетіне басып, жанжалдасуды қойған дұрыс. Бірақ, өз кезегінде Пари, өзің де былапыт сөздеріңді азайтып, қанша ашуланып тұрсаң да, жаман сөздеріңді дауыстап айғайлап айт. Виртуалда бәрібір бізге естілмейді ғой… Сосын әлгіндегідей құйтырқы әрекеттеріңді қой енді, таза болсаңшы. Әйтпесе Паридің қатесін айтып, ұрыс шығару жиілеп кетті. Дос болайық бәріміз!
Manas
Дос болайық бәріміз
pari
АКА, дұрыс айтасың.Мен енді Паридан басқа аккаунтпен кірмеймін. Алдындағыдан кейін басқа аккаунттармен мүлде кірген жоқпын. Қатемді түсіндім. Енді жаман сөздер айтпаймын. Бәріміз бір үйдің балаларындай тату — тәтті болайық. Дос болайық! :))
User
ООО біз доспыз.

Әрқашан бәріміз «AND» болып жүрейік!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.