Сезім сергелдеңі

Өз ойым /
Иә, дәл қазір түн ішінде ноутбукке шұқшиып отырмын. Жаңа ғана «оның» вконтакте мен фейсбуктегі жеке бетіне барып, суреттерін көріп қайттым. Жо-о-оқ, суретін көрейін деп ойламадым. Жай ғана соңғы кездері не жазғанын, статусын қалай жаңартқанын білгім келді. (Негізі суреті ноутымда сақтаулы) Айналып келгенде бәрі оны қызғануымнан басталады ғой…


Бұл сезімге қалай тап болғанымды, оны жақсы көруімнің қалай басталғанын өзім де сезбей қалдым. Күн өткен сайын оны тоқтаусыз ойлай беретін болыппын. Екеуміз сөйлескенде анық ештеңе сездіргім келмейді. Алайда, көзімде бәрі жазылып тұр. Соны байқай ма екен. Жо-о-оқ, тіпті сездірмеймін демеймін. Әңгіме арасында оны ойлайтынымды қыстырып қоямын. Әңгімемен байқалмай кетсе де, сөзімнен ұнататыным сезіліп тұрады. Соны сезе ме екен?

Онымен алғаш таныстығымыз виртуалды түрде болды. Біраз сөйлестік, әңгіме айттық. Суреттерін қарап көргенде пәлендей сезім байқалмады. Тек «ее, әдемі қыз екен» дедім де қойдым. Былайша көп қыздардың бірі секілді көрінді. Тіпті, екеуміз алғаш кездескенде де ешқандай сезімді бастан өткермедім. Бірақ…

Әйтеуір бір білетінім оны қатты жақсы көріп қалғаным. Мүмкін, Айдоштың іс-әрекеті әсер етті ма екен. Қызық, үш жылдан бері бірінші рет Айдананы ойланбаған, қызғанбаған күндерім өтті. Енді менің өмірімде оның орыны жоқ. Жүрегімде қалған жараны бір сәтте жоқ қылып жіберді. Алайда, жаңа жараны ол салады ма деп қорқамын. Сондықтан болар сезімімді айтуға дәрмен жоқ. Осындайда сөзсіз ұғысатын кинодағыдай кез болса ғой…

Менің махаббатта ешқашан жолым болған емес(Шын сүйгендер туралы. Әйтпесе, күнделікті уақыт өлтіру үшін жүретін қыздар бұл тізімге кірмейді). Сірә, «Махаббат періштесін» жылатқаным үшін бе екен? («Махаббат періштесі» туралы келесі бір жазбамда жариялармын).

Ол — өте әдемі. Сондықтан оған көп жігіттер қызығады. Әрине, мен қызғанамын да, қолымнан келер шара жоқ болғасын іштен тынамын. Мейлі, екеумізде ортақ ештеңе болмаса да өкінбеймін. Себебі, ол ұмыта алмаймын ба деген қызды ұмытуыма көмектесті.

Соңғы рет оны шығарып салғанда сезімім туралы айтқым келді. Айта алмадым. Оның орынына басқа нәрсе, елдегі келеңсіздік туралы әңгімелесіп кеттік. Қашан айтатыным белгісіз. Мен сезімімнің алдында дәрменсізбін. Мен — тормозбын!

22 пікір

konvict
Тормоз болғасын қолымнан бар келетіні сезімімді блогқа түсіру(((
Aikona
Сірә, «Махаббат періштесін» жылатқаным үшін бе екен?
ондай да бар ма? :).
Абай, саған өзіңе сенімді болу керек деп ойлаймын. Сен өте ақылды, өз ерекшелігі бар жігітсің тек өзіңді көрсете алмайтын сияқтысың.
Korkem
Мен — тормозбын!
келісемін, дұрыс айтасың. Өте дұрыс айтасың! Тіпті, келіспеске шарам да жоқ на
konvict
Кетшәй өзің
Zhanat
Рубенде күледі екен ғой
AL-ASTER
Оның орынына басқа нәрсе, елдегі келеңсіздік туралы әңгімелесіп кеттік.

Күлкілі болмағанда, мұңлы болар еді. Мындағы жазылғанның бәрі бекер, колбаса! (әлде далбаса ма?)
AL-ASTER
Таң атқан соң Джонси тағы да терезені аштырды. Соңғы жапырақ әлі тұр!
Джонси жапыраққа ұзақ қарап жатты да, Сьюдиді шақырды. Көздері ұшқын атқандай жарқырап:
— Мен бір оңбайтын қыз екенмін! — деді Джонси. — Анау соңғы жапырақ менің сол оңбаған қыз екенімді көзіме көрсетуге ұшып түспей тұрған сияқты. Өлім тілеу деген не деген күнә, не деген бейшаралық! Әкел сорпаңды! Содан кейін сүтпен шарап бер… Әуелі айна әкел… Айналамды жастықпен қымтап бер. Мен сенің тамақ әзірлегеніңді көріп отырғым келеді.
Бір сағаттан кейін:
— Сьюди, жаным, енді мені бір кезде Неаполитан бұғазын жазып шығармын деп те сенемін! — деді Джонси.
— Бүгін екі жақтың ұпайы да бірдей! — деді доктор Сьюдиді оңаша шығарып алып. — Жақсылап күтсеңіз, жеңіс сіздің жақта!
О*Генри, Соңғы жапырақ новелласынан үзінді
konvict
Сыболыш екенсің. Бірақ, «соңғы жапырақты» еске түсіргеніңе рахмет
AL-ASTER
Нытик афффтыр болмағын амиго, жараспайд дегеннен басқа айтар жоқ. Былайша, ойыңдағыны постқа құсып тастаудың өзі ерлік ей деймін де қоямын. Мені қойш, бір жүрген оқырман, оқимын да қоямын, ал сен осыны қыздың өзіне айтып көр, бірақ ол мен сияқты оқырман еместігін және ескер.
konvict
Хехе, ол қызға бұндай әңгіме айтылмайды ғой. Ол кездегі әңгіме тіптен бөлек. Оның бұл жаққа кірмейтінін ескеріп, ішімдегіні ақтарған түрім ғой. Жеңілдеп қаласың
AKA
Негізі дим да, Кәңвиктің бір қызды ұнатып, сонымен бақытты болғысы келгені қуантады, оның тұрақтылығына риза боласың. Бірақ, екінші жағынан ол қыздың сенде көңілі болмаса, ұнатпаса, соңынан қалмай жүрудің сырын түсінбеймін?!
Жап-жақсы қызға лайықтысың, фбда андай* қыздардың суретін лайктауды қойсаң.
konvict
Хехе, мүмкін андай қыздарды лайықтауымды көріп, көбі мені Дон Конвикт Жуан деп ойлап қалатын шығар
Jako
<code>(Шын сүйгендер туралы. Әйтпесе, күнделікті уақыт өлтіру үшін жүретін қыздар бұл тізімге кірмейді).</code
</code>
Қатырасың Абай, бұндайды айтпайды…
pari
Мен — тормозбын!
деудің орнынан «Мен — әлсізбін» немесе «Мен — ұяңмын» деген жақсырақ. Өйткені сіз, бұл жерде сезіміңіздің алдында әлсіздік танытып қойдыңыз
User
Пизнес сізде махаббат болған дегенге сенгім келмейді.Болса бір ДЕТСКИЙ махаббат шығар
qyrmyzy
Жәнееем, сендей жігітке қарамайтын қай қыз, әй?! Негізі, қыздар өздері ұнатпайтын жігітпен сөйлеспейді, меніңше, әлде мен ғана сондаймын ба, ық ық. Оны жақсы көрііііп жүре беру керек емес, жүрегін жаулап алатындай не істесем екен деп жүру керек. Сезімнің алдында бәрі әлсіз, аузыңа сөз де келмейді кейде, басқалардың алдында сайрасаң да… Жоспар жаса, тосын сый, өзіңді әр қырыңнан көрсет, сені онсыз да мәдениетті, сөзін ойлап сөйлейтін жігіттердің қатарына жатқызам. Сен күчт жігітсің, білген қызға. Сәттілік! Тез арада қуанышты жазба оқитын болайық. (Қалғаны жекеде)
Zhanat
Батылдырақ бол. Абай деген атыңа лайықтырақ іс жаса.
pana
игра стоит свеч болса, байқап көру керек)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.