Ортаны ойлағанда

Өз ойым /
Екіұдай ойменен сенделткен сананы,
Ортаны жек көрем бергенде бағаны,
Жартылай толығы, бостығы белгісіз,
Орта су шелегім мазамды алады.

Қай кезең шынымен өмірдің ортасы,
Қарбыздың қай тұсы баланың қолқасы,
Ортаншы балаға рөл қандай берілген?
Ортаңғы парақты еш ойсыз жұлқасың.
Қызық…

21 пікір

m170785
жаман емес, өзіңіздікі ме?
pana
жаман емес өзімдікі)
AL-ASTER
ілмектер

орта жарты , алтын орта , тб нәрселер мазалағанда
AL-ASTER
өлеңге қарағанда, ілмектерді меңгеру әлдеқайда жеңіл болды
AKA
Соны бағанадан қалай жазарымды білмей…
AL-ASTER
Келесі жолы ыңғайсыз жағдайда қалсаңыз, қысылмаңыз! Шығатын жол кок говорится, бар әрқашан) Бар болғаны актив нөмірге единица саласыз. Әлбетте, жомарттықтарыңызға алдын ала рахметтен басқа айтар жоқ.
Пікірлер құны төмендегідей:
ВИП қолданушыдан коммент (ең қмбаты, біз денсаулығымызбен риск жасаймыз)
Норм қолданушыдан коммент
Новинки юзерден көммент (ең арзаны)
AKA
Жо-жоқ, өлең жақсы, ойға салады, бірақ… дейтін момент бар.
AL-ASTER
ПсСы: Посттың мазмұны қызықтырмайды ғой, единица төлемі орындалса, сол да жетеді бізге
pana
қандай ойға әкелді? профессионально қызық, айтшы?
AKA
Жартылай толығы, бостығы белгісіз,
Орта су шелегім мазамды алады.
Мына жері қатты ұнады, элементтерін өзгертіп, ойланып отырмын…
pana
туу, бағанағы келісім шартта жария қылмау туралы бар еді ғо)
AL-ASTER
дегеннен басқа айтар жоқ
pana
қайтар единицаны!
AL-ASTER
Қайтарам не бопты! Пенсия алғанда қайтарам!
pari
Қарбыздың қай тұсы баланың қолқасы

qyrmyzy
Ортаншы балаға рөл қандай берілген?
makpal
Өлең өте әдемі. Ең алғаш маған жібергеніңде дұрыс түсінбеп едім. Кейін түсіндім, тым терең ойларыңды тым салмақты сөздермен жеткізгенсің. Мықты ақынсыңғо сен. Арыстаннын баласы сияқты өлеңдерің(ана әнгіме бар ғо өзің айтып берген, көп тумаса да арыстан туатын). Айтпақшы, жаттап алдым))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.