...Деп ойлаймын.

Өз ойым /
Негізі айтпақ ойым не болса сол шатпақтарды жариялай бермей, салмақтылау постар жазуға тырысатын уақыт жеткен болар деймін.Бұл жазғанымның көп адамдарға ұнамайтындығын сезіп отырмын, бірақ амал қанша, соңғы кезде оқитын пост болмай бара жатыр. Біреу бірдеңе жазса көңілге қарап мақтай жөнелеміз, тегін плюсті аямаймыз.Бір сорақысы кімнің кімге плюс, кімге минус қоятынын да біліп отыратын болдық..«Блогкзмп — 2013» туралы әңгіме басталып жатыр, байқауымда оның өтуінде«Айтабер»салмақты роль атқаратын сияқты, олай болса осы бастан дайындалып, копипастықты, бүгінгі теледидардан берген жаңалықты жариялауды, майда-шүйде түкке тұрмайтын ас-мәзірлерін жариялауды тоқтату керек болар, оның орнына түрлі әлеуметтік мәселелерді қамтитын байсалды, байыпты посттар жазсақ жақсы болар еді. Жақында «Массагеттің» пікірлерінің бір жерінен біздің сайтты «балабақша»-деп атағанын, әрі біздің бір беделді қолданушымызды сол балабақша тәрбиешісі деп атағанын оқыдым да ойланып қалдым. Енді ше сол тәрбиешінің бірі мен екенімді ішім сезіп тұрса, және айтылған пікір ащы да болса шындыққа жақын екенін біліп тұрсам. Қазнеттегі барлық қазақ тілді сайттар маған жат емес, бірақ солардың ішінде«СЖ», «Айтабер» сайттарының мен үшін орны бөлек. Сондықтан осы сайттардың иығы басқалармен тең, шама келіп жатса биік тұрса екен деп ойлаймын. Ол үшін не істеуіміз керек, сайт жарияланымдарын сапалы деңгейге көтеруіміз керек болар деп ойлаймын, ал ол мына сіздер мен біздің қолымыздағы жұмыс емес пе? Сайтқа барынша мағаналы, мәнді, қазақи дүниелерді салуға тырыссақ нұр үстіне нұр болар еді. Мүлдем копи болмасын деген ойдан аулақпын, мысалы поэзияда өзімізге ұнаған өлеңдерді жариялап, пікірлесуге неге болмасын, ал енді бәріміздің күнде теледидардан көріп, естіп отырған жаңалықтарымызды пост қылып жариялауда не мән-мағана бар? Бір адам жариялаған тақырыпты қайталау да сол сияқты.Оңай жолдан шығып сәл де болса тер төксек, жұрт іздеп оқитын постар жазылатынына сенімдімін.Бәріңізді соған шақырамын және соған қалай жетуге болатыны жөнінде пікірлеріңізді жазасыздар деп сенемін.«Көп түкірсе көл»-деген қазақтың баласымыз ғой.

77 пікір

AKA
Массагеттегіні мен де көрдім, тәрбиеші деп Көркемді атапты, сізді емес. Маған да тиді сол бір сөз, ашуланып қалғаным рас, сондағы жағдайдан кейін әлгі бір жазбамды да шығарғанмын. «Балабақша» деп айтуға ешкімнің хақысы жоқ негізі…
Иә, келісемін, бірақ келіспейтін де тұстарым бар. Мәселен, сайтта «Асыңыз дәмді болсын» деген блог бар, блог бар бола тұра неге ас мәзірі туралы жазылмауы тиіс. Біреу үшін оңай, жеңіл жазба көрінетін шығар, мен үшін және басқа қыздар үшін де оңай емес білсеңіз. Бір жазба жазу үшін бірнеше күнім кетеді, суреттерді әрлеп, дұрыстаймын, қатемді тексеремін, мәзірдің дұрыс жазылғанын қадағалаймын. Сонан соң барып алдын-ала қарап, жариялаймын. Дайынды әкеп қоятындардың қасында бұл үлкен іс.
Jako
әрі біздің бір беделді қолданушымызды сол балабақша тәрбиешісі деп атағанын оқыдым 

Мені деп жазбаған сияқтымын, тек атын атауды артық санадым.
AKA
Енді ше сол тәрбиешінің бірімен екенімді ішім сезіп тұрса
Jako
Мен ол түрмақ тәрбиешілердің атасы да емеспін ба?
AKA
Пікірлеуге келетін болсам, онда көңілге, туысқандыққа, таныстыққа жол бере қоймаймын. Ашық түрде жазып жүрмін, жан-жақты қарастырып барып жазамын. Егер алғаш тіркелген болса, онда түсіністікпен қарауға тырысамын, көмектесуге әзірмін. Ал, бұрыннан жүріп, қателікке жиі бой алдырса, онда минустауға мәжбүр боламын. Кейбіреулер ойлауы мүмкін, сыни пікір қалдырса болды, минустап кетті деп. Жоқ, мүлде олай емес, минусты да лайықты болған соң қоямын.
Jako
Бұл пост бір адамға емес жалпыға құлаққағыс ретінде жазылған ғой.
AKA
Қайта бұрынғыға қарағанда өрлеу бар, бұрын копи суреттер, видеолар, мақалалар көп болатын, қазір сол сурет пен видеоларды да бір мақсатта, түсінік беріп шығаратындай деңгейге келдік. Бұрынғыдай қате көп емес, жауапкершілік бар, тексеріп тұратын болды, тек жаңадан келгендер болмаса. Қазақи дүниелерді көптеп жазумен келісемін, бірақ бірыңғай сол бағытта кеткені дұрыс емес. Мұнда оқушылар мен студенттер көп, олар басын оқып, пікірлей беретін болған, кейде тіпті ондай тақырыптарды да қарамайды. Сондықтан, жан-жақты тақырып қарастырылып, талқылануы керек деп санаймын.
Jako
Келісемін, жақсы пікір.
Korkem
Қап, Жако аға, көңілге тисе де жүрекке жақын алмай кетіп едім сол сәтті. Ауыр тигені рас, бірақ көтердім. Өтірік те емес, рас! Шындық ол!

Жібі түзу пост жазылмай жүр, бірақ бұл да өтпелі кезең, уақытша ғана. Ондай-ондай болып тұрады. Меніңше, бәрі орнында, түзеліп, алға басып келеміз.

Мен бір ғана нәрсеге реніштімін. Ол сайт админдерінің сайтқа немқұрайлы қарауы. Садықтың қолы тимей жүр, байқастасақ ол келген күні сайт гүл-гүл жайнайды. Ал басқа админдерден қайран жоқ… Иә, түсінеміз ғой, жеке өмірі, жұмысы бар дегендей…
Jako
Меніке бұдан да жақсы болса екен деген ой ғана.
User
Рейтинг жоғарыларды бағалау-Плюс
Рейтинг төмендерді бағалау-минус

Аха,қазір біреу пост жазад: Соларға кейбір қолданушылар(қолданушылар демей-ақ қолданушы) дей салайыншы.Қолданушы: Ооо **** күшті жазыпсың рахмет дейд болды.Лишь бы пікірлеу көбейіп барады.Абай Кз сайты сияқты.ЖұлдызшаРиоттық жазбалар көбейіп барад.«Біз патриотпыз»«Алға Қазақстан» сияқты.Ойымызды ашық айта алмаймыз.Робот сияқтымыз.Өтірік сыпайы бола қаламыз.Пікірталас NO! дейсіңдер, пікірталассыз сайт болмайды.Егер сайт нептему мәдениетті бола берсе,«Балапан» телеарнасы сияқты.Біз шыныменде БАЛАБАҚШАМЫЗ.
Jako
Жарайсың Сенім, сенің бір осылай төте салатының ұнайды.
User
ойыншық биш мағаан.:)
rauan
Ия, толық келісемін )
Daniar_alan
«Блогкзмп — 2013» туралы әңгіме басталып жатыр, байқауымда оның өтуінде«Айтабер»салмақты роль атқаратын сияқты,

міне ақылды жігіт!!! пүлістеймін!!!
Daniar_alan
не ғой бырат… мен +6 қоям дегем… сөйтсем +12 болып кетті… мен келесіде бірнәрсе жазғанымда сен менің +6-ымды қайтара сал мақұл ма :)
pari
сіздіңде алты аккаунтыңыз бар екенін білмеппін
Jako
12 сияқты ғой айтысына қарағанда.
Aikona
әлі Шымкенттің туын көтеріп жүрсіз ба? ))) Блогкэмп қайда өтсе де жақсы өткенін қалаймын.
Jako
Мен Шымкенттік емеспін,Қазақстандықпын.
Aikona
Бұл Даниярға қатысты айтылған, ол блогкэмпта Шымкентте өткізу идеясын ұсынған еді. Блогкэмп кезінде біраз талас болған, келесі блогкэмп қайда болады деген. Мен бұл жерде ана қала мына қала деп бөлгенім жоқ.
Daniar_alan
Мен Шымкенттік емеспін,Қазақстандықпын.

Біз Мансұр екеуміз қазақпыз © құсықкино эпизодынан…
Daniar_alan
қазақ емес қазақстандық деген сөзді әбден сіңіріп тастапты… саясатыңды…
Uleke
вот так, баримизде ниет бар, бирак амал жок!
AKA
«Ал, өзім не бітірдім, нендей үлес қостым?! ©
Uleke
озим сол баримиздин ишинде кеттим
AKA
Білем, осы сұрақ санада болса дим да жалпы.
Uleke
санада. уайымдама)
Aikona
Меніңше еркін ой айтатын ортада болғаны жақсы. Блогтың мақсаты тек ақпарат беру емес осыны түсініп алған дұрыс. Блог- ол онлайн күнделік, күнделік ол сенің ішкі ойыңды ашылуына, басқа да қызығушылығынығ оянуына сендей ойлайтын адамдармен ой алмасуға жетелейтін нәрсе. Елдің бәрі саясат, ақпарат, дін немесе қатып қалған тақырыпты жазатын болса газеттер мен ақпарат құралдарынан еш айырмашылық жоқ болып қалады ғой. Блог- ол әркімнің еркін ой алаңы. Елдің бәрі журналист не жазушы емес, әрім өзінің ойы, шамасы, түсінігі жеткен жерге дейін жазады. Біреулер қалжың әңгіме ретінде жазып отырып қоғамның тақырыбын қозғап отыруы мүмкін. Ол әр адамның жеткізе білу, жаза білуінде деп ойлаймын. Сондықтан да, әр кім өзі білсін не жазғысы келетінін. Ол тақырыптық блогтар, ішкі сезім, ақпараттық тақырыптар деп әр кім өзі бөліп қойса сонда реттілік қалыптасады.
Jako
Тамаша пікір, келісемін, блог туралы өзімнің де түсінігім шамалы, жасырмаймын.
Aikona
Сонан кейін ана сайтта былай жазыпты бүйтіпті деп айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Себебі барлық қазақ сайттары болсын, блогтұғырлары болсын бәрінің илеп жүргендері терінің бір пүшпағы яғни қазнет. Керекинфода блоггер болып қалыптасқандарына 5-10 жыл арасындағы блоггерлер ортасы, айтабер жаңа бастап келе жатқан жастар ортасы сондықтан да оларда еркін ойлау басым максимализм басым, масаггет белгілі блогтұғыр емес, ол ақпараттық сайт осының арасын ашып анықтап алу керек. негізі ол жердегі ол пікірді айтаберліктің өз қолдаушысы жазған, соныда ойлау керек. Сайттардың арасында салқындылық орнатудың қажеті жоқ. Иа келісемін, тв мен газеттегі мақаланы көшіріп жазу әрине ол блогқа жатпайды сондықтанда блог жазарда ойлану керек мен блог оқып отырған адамға өз тарапымнан не ұсына алам деп, сол нәрсе басты мақсатта болу керек.
Jako
Бұл пікірге де 100 пайыз қосыламын.
Aikona
аға, сайттарды бөлуге болмайды. түсінем, өзіңіз ұнатып қолданатын сайтыңыздың жақсы болғанын қалайсыз. жастарға ондай ойлар жазбаңыз, олар да и так ондай ойлар өте көп. Сіз оларға басқа жол ұсыныңыз, эстафеталар ұсыныңыз олардың ойлау қабілеттерін көтеретін басқалай ойлауға басқалай жазуға талпындыратын. (ренжімеңіз, шыным осы. алдыңғы жазбаларыңыз ұнайды тек бұл жазба емес)
Jako
Қазнеттегі барлық қазақ тілді сайттар маған жат емес, бірақ солардың ішінде«СЖ», «Айтабер» сайттарының мен үшін орны бөлек.


Мен жоғарыда осылай жазған едім, бөлетін болсам солай жазамын ба?
Aikona
түсіндім, сонда да басқалай жеткізуге болады деп ойлаймын
Jako
Жаспын ғой, түзелуге тырысамын)))
zhomart
«Көп түкірсе көл»
Менде қарап отырмай құсып кетейін: Жалпы менің айтарым, бірінші кезекте өз ойымызбен шынайы бөліссек екен. Блог деген күнделік емеспе, қызықты оқиғаңмен бөлісесің, жалпы өміріңнен алып жазған дұрыс сияқты. Сияқты емес, дұрыс. Әрине, ара-тұра басқа да ойлармен бөлісе бересің. Сосын ағайындар-ау қатесіз жазайықшы, қатесіз. Үтірі қайсы, нүктесі қайсы сапырылысып, адасып жүр ғой, әйтеуір. Оқып отырып қатеден көзің сүрінеді.
Jako
Орынды пікір деп ойлаймын.
Zhanat
өзіңнен үлкен кісінің постына пікір қалдырып, жаргон өоспай салихалы жеткізсең жөн болар еді.
zhomart
Жаргон өоспа-ған сияқты едім…
Zhanat
құсып
қоспай дегім келген.
zhomart
Жәке, бұл жерде мен негізі өз пікірімнің соншалықты мықты емес екендігін меңзегім келген, салихалы пікір жазуға бізді Құдай атып қалған ғой: )
Zhanat
өзіңді төмен түсіргенің не сонша, салихалы пікір жазуыңа не кедергі?
zhomart
Салиқалы пікір деп мәдениетті жазу үрдісін айтып отырғаныңды түсініп отырмын. Менің "құсығым" салиқалы емес пікірлер қатарында болса, бәзбіреулердің «щщс, лібә, жоғална» сынды пікірлерін қай топқа жатқызарымды білмей ойланып отқаным. Бір ғалым «мен бәрін білемін деген адамның ештеңе білмейтініне таң қаламын» деген екен. Бұл өзімді төмен түсіру емес. Өзімді жұрттан жоғары қоймауым. Жұрттан артық білмейтіндігім, Жәке!
Zhanat
Қазақ тілінің лексикасын еліктеуіш сөздер бар дегенді мұғалімдеріміз оқытып еді.
Jako
<code>Менде қарап отырмай құсып кетейін</code>
Жанат, бұл Айтабердің бренд сөзі болды ғой, қыздар да айта береді, олардың жанында Жомартта кінә жоқ))))
Zhanat
салихалы ой жеткізіп отырып, жаргон қоса жеткізуі мәнін жоғалтып жібереді екен, пікірінің
Jako
Ой, біз ол жерің тастап кетіп ары қарай оқи береміз)))
Zhanat
мен түсінбейбін де, кей адамдарды. реалдағы өмірлерінде де осылай орынсыз сөйлеп кете ме екен деп, себебі әр жерде өзіңді ұстауыңа байланысты ғой, сол сияқты пікіріңде сенің кім екеніңнен хабар беріп тұрады ғой. (Жомарт саған қатысты емес) жалпы айтқаным
Jako
Рубеннің құлағына да алтын сырға)))
qyrmyzy
Жако аға, келісемін пікіріңізбен. Сайтқа кірмегелі біраз уақыт болды, шыны керек, оқитын пост пен пікір, пікірталас көрмедім. Рейтинг қуып, пост жазбаңдаршы деп шаршадым. Өзіміз де тегін плюсты кішкене аясақ дұрыс болар еді. Мнустаңыздар, ащы пікір жазыңыздар, бірақ ашуға булығып, соғыс шығарудың қажеті жоқ. Кішкене саналы адам сияқты ойланыңыздаршы. Сіздің жазған посттарыңызды тек айтаберліктер ғана емес, бүкіл Қазақстан, шетелде жүрген қазақтар оқитынын ескерсеңіздер. Себебі кейде сайттағы кейбір материалдар инеттің іздеу жүйесіне енген. Жазбаларды сараптайық. Копипаст жазбаларды өшірейік.
Korkem
тәрбиеші апайларыңды аясаңдарш
Jako
Біздікі ниет қой,ішейін…
qwenchi
Сен сайттың админысың ба?
dimash
Жоғарыда байқаусыз Майроштың аккаунтымен жазып жіберіппін.

Сол ғо! былайынша айтқанда «точняк болды!»
Осы көктемнің соңғы күндерінде керемет посттар/блог/жазбалар жарияланып еді ғой. Ерке Ену деген қолданушы шығармаларын жариялап, Абылай «Болашаққа хат» деген сайтпен таныстырып, тағысын тағы көптеген қызықты посттар тұнып тұрған кез болған. Сол кезде «Мен де бір тамаша пост жазсам екен, шіркін, неге сондай жақсы идея маған келмейді?» деп ойлап жүретінмін.

Салмақты жазбаларға мұқтажбыз
(Өзің ай қарап жүрсің бе? Менде қажетті пост жазуға тырысайын!)

Бір ауыздан келісейікта, әрқайсымыз көпшілікке қажетті, ойымызда жүрген, жазғанда "… аа, солай ма еді" деп қалатындай пост жазайық. Ғаламтордан көшіре салмай 1-2 күн ізденсе, сол туралы ойланса кез келген сауатты адамның қолынан келетін іс ғой
Jako
Рахмет сіздерге, мені дұрыс түсінгенгендеріңізге.
davidoff
Рахмет. түсінікті қылып жеткізгеніне!!! ))))
Madi
Негізі, қазір сайтқа аз кіріп жүрмін, бірақ мен өз басым әйтеуір қазіргі жастарға қызық, және кейбір орыс сайттарындағы қызықты мақалаларды аударып жазғым келеді. Негізі, копи пасттан гөрі, әрине, өз ойыңнан жазған постқа жетпейді ғой.
Ал, енді ас мәзірлеріне келсек, олардың тұра бергені дұрыс деп ойлаймын. Себебі, интернетті қарап отырған қолы бос, ас мәзірін іздеген әйел адамдарға жақсы.
Ал, енді қазір, мысалы, қазақ тілінде, көбіне байланыс саласына шолу жасап отыратын, компьютерге, жалпы техника саласына қатысты қазақша деректер аз.Сондықтан, осыған қатысты посттар көбейсе деймін.
Жалпы, Айтабер сайтын жасөспірімдер сайты деп жазса да, негізі жақсы сайт, өзіме ұнайды.
Jako
Мен негізі мәзірдің де, басқа жазбалардың да жазылуына қарсы емеспін, бірақ солардың сапасы тәуір болса екен деймін.
qyrmyzy
Айтып айтпай не керек, көз бен құлаққа жетсе болғаны…
Jako
Бәрінен де соны айтсаңшы…
Arhun
Жаконың постына келісемін, басқа ештеңе айтарым жоқ!
Қысқасы осы сайт болашақта әлі талай жақсы жағына қаратай жаңаруына кәміл сенемін!
Пост пікір пікірлерді жазбай тұрсам да былай сығалап тұрамын. = )
Jako
Рахмет, Тәке!
Zhanat
Айтқандарыңыз орынды, келіспейтін жақтарымда бар.
Жалпы бұл тақырыпқа(мәселеге) айтарым, жазбаны рейтинг үшін жазбаңдар,өзің үшін жаз, бұл сайтың қолданушылардың көбі жастар екені белгілі. Бүгін сен әр түрлі тақырыптарда жақсы блогтар жүргізсең, ол сенің ертеңгі өміріңе плюс жинауың, жұмысқа орналасуға өтініш беруде блог жүргізетін сайтарыңды мақтанышпен атап көрсете аласың, бүгінгі сенің еңбегіңді ертеңгі жастар үогі алып жатса, осы емес пе еңбектің жануы. Немқұрайлыққа, жасандылыққа жол бермей бұл қоғамда өзіңнің орныңды табуға тырысу керек. Блог әлемі ізденуге жетелейтін әлем деп қабылдаймын.Ютубтан сенің көрген видеоңды басқаларда көре алады, оны жазба етіп біреулермен бөлісіп өзіңнің осында жазба етіп жазып босқа уақытыңды келтірме. бұл айтылғандар болашақ қазнеттің майталман блогерлеріне айтарым. Ал енді қазіргі қазнеттің майталмандарына айтарым, блог жүргізудің оның пайдасының жақсы жақтарын біз сияқты қолданушыларға ақылдарын айта отырса. Осы жазба жарық көрген күні оқып кеткем, инет әлемінен алыста жүріп көп ойлар келген, әзірге есіме түскені осы, алда есіме түсіп жатса тағы да қосамын
Jako
Жанат, айтқандарыңа 100 пайыз қосыламын, менің жеткізе алмаған ойларыма қозғау салыпсың. Мен шынымды айтсам «Блоггер»-дегеннің кім екенін, оның не жазатынын анық білмеймін, сондықтан кей жерлеріммен олар келісе қоймас та.Бірақ дұрыс адам не жазса да артындағы жастар одан тәрбиелі, пайдалы бірдеңе алуы керек деп ойлаймын.
StrangeR
жалпы сайт аудиториясына байланысты деп ойлайм, олардың іс-әрекеті табиғи процесс, жасанды жолмен өзгерту қате шығар
Jako
Бұл пікір де құлаққа қонымды екен.
Kan
Пікірлерге қарап тағы ойландым аға. Қорта келгенде біріншіден айтабер сайтының барына шүкір. Ол болмаса бұндай сындарда айтылмас еді. Тақырып жариялау мәселеінде сіздің айтқаныңызбен қосыламын. Әйтседе «бала өсер көкейімізді тесер» дегендей сайыттың тағдырын бүгін ертеңмен шектемейік. Ғұмыры ұзақ болсын. Қолданушылар қатары көбие берсін. Мейлі ол қолданушының жариялаған посты мағнасыз болсада оған қолдау көрсетейік. әрі оған сын, пікірді де дұрыс айта білейік. Сонда ол қолданушы ертең сайыттың бір тірегіне айналмасына кім кепіл.Мейлі әз біреулер «Балабақша» десін. Ал сол балабақшадағы баланың ертең өсіп азамат болатынына біз сенімдіміз. Керсінше бізде балалардың көп болғаны қорқыныш емес керсінше мақтаныш себебі сайт сол балалармен бірге өсетін болады. Яғни ғұмыры ұзақ болады деген сөз. Ертең сол бала депутат болып отырып «Айтабер» сайтында отырмасына кім кепіл.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.