Достар, достар жүрсің қайда

Өз ойым /
Дос деген үш әріптен құралған бір ауыз қандай ыстық десеңші. Дос болудың негізі қол алысып дос болу емес, дос болудың бірден бір тәсілі дос бола білуде. Сенімнің сексен түрі бар дейді ғой, Дос сенімді серігің, ең жақын адамың ол, туысыңнанда артық достар бар бұл өмірде. Досыңа қарап сені таниды, сенің кім екеніңді досың айтады.
Достарға арналады өлеңнің жақсысы да, ақ тілекте, олармен бірге шырқаған сәттерді сағынышпен еске аламын.
Балалықтың тәтті естеліктері кластастармен басталады. Алғашқы ғашықтық сезімдерді бөлісіп сырласатындар да, дискотекаға шашқа гелді бөлісіп жағып баратындар да, бірігіп тауық ұрлап, пісіріп жейтіндер де, темекі, арақ-шараптың да дәмін бөлісетіндер де, қыз үшін қырғынға түскен де, сен жақ болатындар да, қыздарға хат жазуды үйренетіндер де, интернаттан вечер үшін қашқызатындар да, ешкім түсінбейтін еркелік қалжынды көтеретіндер де осы сыныптас, парталас, бір жылы дүниеге келген құрдас достармен бірге өткізіп едік. Өмірімнің соңынад дейін баратын достарым да осы достар. Әлде қандай басым іс-түссе өздеріңсіңдер ең алғаш болып келетіндер де. Бір жақсы ағам сұраушы еді «Көңіл жүйрік пе, көк дөнең жүйрік пе» деп, сонда «көк дөнен» деп жауап беріп едім еш ойланбастан, ештеңе ойламай жүргенде ештеңеге алаңсыз татті бал күндеріміз өтіп кетіпті ғой. Мектеп бітіргенімізге де бір мүшел жастың уақытындай жылдар өтіпті, күні кеше ғана дүбірлетіп 10 жылдық кездесуді өткізген сияқты едік, оғанда біраз уақыт өтіпті.

Іздегенде табылатын касыңнан,
Көңілі бар кызгалдактай ашылган.
Көріспесек сағыныштан жүдейтін,
Кім бар жакын бала күнгі досыңнан. ©

Досым менің бәйшешектей гул шашқан,
Досым менің актарылып сыр ашқан.
Досым менің ажыраспай көп жылдар,
Қос өзендей катарласып бірге аққан. ©
Тусіне білген адамга достық қымбат,
Бірге ойнап кулген жастық қымбат.
Ал егер досы жоқ адам болса,
Ол адамга өмірдің несі қымбат. ©
Өмір деген өсіп тұрған гүл емес пе,
Сол өмірдің нағыз гүлі біз емес пе
Әрбір жан ДОСТАРЫМЕН бірге болса,
Өмірдің ең қызығы сол емес пе! ©

Ақкөңіл ниетіңмен жүректесің,
Бір мектеп екеумізді түлеткесін.
Мәңгілік өмір жолы бірге болып,
Ешқашан арамыздан қыл өтпесін. ©

11 пікір

Aikona
менде кластастарымды сағынып кеттім ғоййй, мәссаған бізге уже келесі жылы 10 жылдық екен ғо
Zhanat
біраз жасқа келіп қалыпсыз ғой онда)))
AKA
Дос деген жақсы ғой, жақсы достық деген…
Kan
бәріненде кластастарың ыстық боладығой әрі әскердегі достықта керемет
Zhanat
өкінішке орай әскер қатарында болмадым, орындалмаған армандарымның бірі әскерге бару еді
Aikona
Қасқырлады аулау туралы пост жазсаңызшы, ана суретіңізден қасқырларды ұстап алыпсыздар ғо. Қорқып кеттім
Zhanat
заңсыз қасқыр аулаушылар деп ана жаққа қоя бермейсіздер ме))
Aikona
заңсыз жақтарын жасырып жазсаңызшы, прям мына жерде деп ашып айтпай үшінші жақтан жазсаңызшы))
MSHERIMBEK
Ali, sagyna qoimadym-au) Onyn ustine unemi azirge unemi kezdesip turamyz:)
Zhanat
менім жасыма жеткенде сағынып қаларсың, балалы шағалы болып бастарың ұзаққа қосылмай кеткенде))
Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!