Ағайын көмек керек!

Өз ойым /
Маған мектепте тапсырма беріп еді, сонымен тапсырма мынандай:

Мен типо газет тілшісі сияқты болуым керек.Көшеде келе жатып әрбір адамға «Ерлік деген не?» деген сұрақ қойып жауабын алуым керек.

Енді сіздерден сұрайтын өтінішім.Пікірге Өзіңіздің атыңызды және жасыңызды жазып,«Ерлік деген не? деген сұраққа жауап беруіңіз керек.

Әзілдемей дұрыстап көңілге қонымды жауап күтемін…

16 пікір

dimash
Ерлік неген не?
Димаш 19 жас. Ерлік дегенді менің ойымша екінің бірінің қолынан келмейтін іс жасағанды айтатын шығар. Қандай қиыншылық болмасың, соған ашу шығармай, сабырлық сақтап қалу да бір ерлік. Ерлік жасау үшін міндетті түрде тауды қопару емес, физикалық күш жұмсамай да ерлік жасауға болады. Мысалы: көпшіліктің алдында аспай-саспай мәдениетті, бір ырғақпен нақты сөйлеп шығу да ерлік деп білемін.

Ерлік деген не?
Екінші адам: (өзің ойыңнан жаза саларсың): Ерлік дегеніміз жан жағымыздағы адамдарға көмектесе білу ғой. мысалы: өрт болған жерде оны тамашалап қарап тұрмай өз жанына қауіп төнсе де үй ішіндегі адамдарға көмек қолын созу. Біз өзіміз қазақ халқы әу бастан талай қиыншылықтарды бастан кешірдік ғой, сол кезде ерекше ерлігімен көзге түскен батырларды айта кетуге болады. Олар сол кезде жандарын шүберекке түйіп жауға қарсы аттанып отанын бір қорғаса, қазір жырға еніп қазіргі жастарға үлгі болуда.

Ерлік дегеніміз не?
үшінші адам: кешірініңіз, асығыс едім... (әзілім ғо)
User
ай рахмет)))
Togzhan
көпшіліктің алдында аспай-саспай мәдениетті, бір ырғақпен нақты сөйлеп шығу да ерлік деп білемін.
осындай ерлікті қайдан табамыз, мүмкін кеңес берерсің?
dimash
fqyfys4 fklsylf fqnsg 8qhty6 язык.п/ді ағылшынға қойып, қазақша әріптерді теріп жаздым, қажет болса клавиатураға қарап аударып ал)))))))
Togzhan
Айнаның алдында айтып үйрен. Ал, керек болса)
mairosh
))))) th3y,tq felfh5fys4ls fqncfqi cjys~~~~~~
Togzhan
Құдай берген қазақтың қаріптері тұрғанда қайдағыны қайдан ғана тауып аласыздар өзі))))Не аударғанымды қайда айтам?)
ПЫ-СЫ: қазақша жаза салыңыздаршы) әріптен ұқсастық іздеймін деп көзім ауырды ғой тіпті)
dimash
байқамай жазылып кетті соған бола әңгіме айтпай түсініспеушілікпен қараған дұрыс деп ойлаймын.
Togzhan
Жарайды, түсіністік таныта салайыншы)))
dimash
айбиии ананы мен емес жазған, Майрош байқамай жазып алған шығар))) түсіністік танытпай-ақ қойын) надо мне..)
calendula
«Ерліктің не екенін ерлік жасағанда айтамын)))» Осылай деді бір қыз дей сал)
ereke_enu
ereke_enu.
Ерлік дегенді екінің қолынан келе бермейтін істі жасау деп түсінемін.
akil_kalta01
Жасым 21-де
Ерлік дегеніміз — кез келген істі(жақсы істі) ерінбей істеу. Және нәтиже шығару!!!
followme_alik
Қалай тапсырдың?
nuke
Оңтүстіктің арзан газеттерінен алып жаза салмадың ба тапсырманы, олар орыстардың газеттерінен аударады ғой
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.