"Үйлерің жылы ма?...

Өз ойым /
Кейде ойланамын бізге осы не жетпейді деп. Барлық нәрсеміз бар, сезімнің сергелдеңіне түсіп, қиналып, өмірдегі ең сорлап жүрген жан ретінде өзімізді жұртқа жариялап жүретініміз анық. Бірақ неге? Жұрт көрсін дейміз бе, әсте осыны түсінбей қойдым. Әлде осы бір керемет шынайы сезім тек менде ғана бар деп мақтанған түріміз бе бұл… Осыған дейін мен тура осылай ойлап келдім. Естеріңізде болса осының алдындағы пост "ҚАЙ ЖАҒАДА ҚАЛАДЫ?!" деп аталған-ды… осыған ұқсас тағы да дүниелер жазған едім, өзімше қиналып( бірақ кеше Zamana.kz сайтына кіріп отырсам мынандай бір бейнероликке тап болдым… осыдан кейін түбегейлі өзгеріп сала бердім. Ақылым тәубеме келтіріп, мына өміріме шүкіршілік еткізді. Сезімімді жықты. Ал енді мына пост өзімнін айтабердегі сезімнің сергелдеңіне түсіп, қиналып жүрген бауырларыма сабақ болсын дегенім. Әрине қабылдау өз еріктеріңізде. тек көрсеңіздер…

10 пікір

Ademi
Dan4ik
ей өмір… бейнеклипті карап отырып денем түршігіп кетті бұл кісіда біреудің анасы болар… бұндай адамдарға көмектескім келеді ше...
Jolai
менде көмектескім келіп кетті(((
Dan4ik
бірақ бір жері ұят болды Назарбаевты танымағаны…
MSHERIMBEK
Keide, napsi qanaty biikten kagylyp, ozim bolsa birshama qagynyp qalgan kezderde oz januyamdagylarymdy osyndaiy kuidegi adamdardyn ornyna qoiyp koremin. Boiymdy qorqynysh bilep alady:
Barlygy da magan senip otyr. Men tyrysuym kerek. Men jetistikke jetuim kerek. Men en myqty boluym kerek!
sezim_seli
Бір рет қана берілер мына ғұмырда тауқыметіңнен сақта Құдай!.. Ата-анамыз шүкір бақытты екен… Бір күндік қарын қамы ғана ғой бұндай жандардың уайымы… Тәубе осы күнімізге…
Kan
Сезім тәубені тағы шүкірмен шатыстырып айттың
AKA
Иә, кезінде осы сайтта да жарияланған болатын, ол кезде көп адам мән бермеді, көрілмей қалған болатын.
Kan
Шүкір! Алһамдулла
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.