Аңызға бергісіз

Өз ойым /
Атақтылар жайлы аңыздар

Аяқ киімімен барабанды ұрып…

«Отырар сазын» дүниеге әкеліп, музыка әлемінде өз қолтаңбасын қал-дырған Нұрғиса Тілендиевтің соңынан ерген аңыз көп. Нұрғиса аталарың аңғал, шалт қимылды адам болыпты. Оркестр мүшелерінің бәрі о кісінің мінезінен қорқады екен. Біреуі сәл дұрыс ойнамаса, әбден ұрыс еститін көрінеді. Кезекті бір концертке барабаншы келмей қалады. Зал лық толған халық. Уақыт та тақап қалды. Міне, шымылдық та ашылып барады. Шымылдық ашылып, халық шапалақ соғып, қошемет көрсетіп жатқанда, Нұрғиса аталарың аяқ киімін шешіп, барабанға лақтырып, «дүңк» еткізіп, концертті бастап кеткен екен.

Оркестрдегі сыбызғышы жігіт концертке дейін ойнаудың бір нәзік қылын таппай Нұрағаңнан ұрыс естіп жүріпті. Аяқ киімін лақтырған дирижердің әрекетінен есі шыққан ол кезегі келгенде қалт бастап, зырылдатып ойнап кетіпті. Ала көзімен бір қараған Нұрғиса, концерт біткен соң әлгі жігітке қарай жүгіріпті. Есі шыққан ол шыр айналып қашып, ашық тұрған есікке кіріп кетсе, ар жағы тығырық екен. «Ойбай» деп, бетін басып отыра қалған сыбызғышыны Нұрағаң бас салып бетінен сүйіпті.

«Мен сен сияқты байдың баласы емеспін»

Қазақ өнерінің тарихына есімі алтын әріппен жазылған Асанәлі Әшімов аталарың жайлы да көптеген аңыз әңгімелер бар. «Қазақфильм» кино-студиясының алтын қорына енген 4 сериялы «Шоқан Уәлиханов» фильмін түсіру кезінде көптеген қиындықтар болған. Солардың бірі – ауырған Шоқанды сомдау. Дерт меңдеген Шоқанды сәтті ойнап шығу үшін Асанәлі баласы Сағиді аштан аш, ұйқысыз ұзақ мерзімге қамап қойған екен. Көп уақыт ұйықтамаған Сағи өз рөлін сәтті өте нанымды ойнап шыққан.

Бірде Асанәлі аталарың баласы Сағи екеуі таксимен бір жерге барыпты. Жол ақысын төлеген әкесіне баласы: «Қалған ақшаны алмай-ақ қояйық», – дейді. Сонда Асанәлі аталарың:

– Мен сен сияқты байдың баласы емеспін, – деп қалжыңдаған екен.

Тышқаннан қорыққан батыр

Күш атасы Қажымұқан өмірде өте жуас, момын адам болған екен. Жас кезінде Петерборға барып, бір көпеске жалданып жұмыс істепті. Үлкен бөшкелермен май сататын көпес қыстың бір аязды күнінде орнында сіресіп қатып қалған бөшкені қозғай алмай қояды. Жанына бес-алты адамды шақырып итерсе де, қозғай алмапты. Сонда есіктің алдында өз шаруасын істеп жүрген Қажымұқанды көмекке шақырады. Қажымұқан аталарың иығымен қағып қалғанда, бөшке домалап кетіпті.

Бірде пойызда Сәбит Мұқанов, Иса Байзақов, Қажымұқан аталарың бірге келе жатыпты. Көрші купеге шығып кеткен Сәбит Мұқанов күш атасының айғайлаған даусын естіп, жүгіріп келсе, жұдырықтай ғана Иса Байзақов таудай Қажымұқанның үстіне шығып алып төмпештеп жатыр екен. Сонда балуан аталарың Сәбитке:

– Мынаны алшы, – деп айқайлапты.

Сәбит Мұқанов тағы бір айналып келсе, Қажымұқан төсектің бұрышында тығылып отыр екен.

– Аға, не болды? – деген Сәбитке Қажымұқан:

– Мұнда тышқан жүр, – дейтін көрінеді. Сөйтсе, Қажымұқан аталарың расында тышқаннан қорыққан екен.

Дайындаған Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ

(«Ұлан», №36.04.09.2012)

25 пікір

qyrmyzy
Күнім сол, бүгін сені жаңалықтардан көріп қуанып қалдым ғой! "Ұланда" жүрсің бе? Келіп тұрсаңшы сағындырмай, өлеңдеріңді күтіп шаршадық қойАрмандікіне барып қайтайық?
Bagashar
иә, "Ұландамын". Арман он төрті келеді. Давай барайық
qyrmyzy
Жақсы, хабарлас!
Bagashar
индирамен интернет сабақ жүргізіпсің. жалғастырғың келмей ме№
qyrmyzy
Соны жалғастыру керек еді. Өткенде "Ұланға" бардым, жиналыс болып жатыр екен. Күте алмай кетіп қалдым. Жалғастырайық, ұят болды балалардан. Индира контактілерімді бермеген екен…
Jako
Тамаша жазбалар,ұлыларымызды өзіміз ұлықтамасақ басқа ұлттар мүлдем қажет етпейді.
Korkem
Bagashar
magan gawyk bop tursyn ba?
Korkem
мен сізге баяғыдан ғашықпын, сезбейсіз ғҰәәә
Bagashar
korkemjan,onawa soileseikwi…
qyrmyzy
шөп салмаааа, как никак бәйбішеңмін!
Bagashar
ony Korkemjan ekeuimiz wewemiz, renjimew
qyrmyzy
балаларыңа не деймін?
Korkem
епті, балаларың бар ма еді?
qyrmyzy
Целый әулет бар:)))
Korkem
Еркектерге сенбе ©
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.