Аңыз адамдар

Өз ойым /
Атақтылар жайлы аңыздар

Қиясбайдың еркелігі

Хакім Абай атамыздың ерекше қасиеттері көп болыпты. Солардың бірі, алдына келіп отырған адам негізгі шаруасына бірден көшпесе, артынан сұрағанын бермейді екен. Өзіне жүгініп кеп отырған кісіден «не шаруа?» деп сұрап алатын ақын, бірден сұрамаған кісіге «жоқ» деп жауап беретін болған. Өздерің білетіндей Абай атамыз ауқатты отбасынан шыққан. Халық жағындағы әділетті ақын болған. Абай тек бір-ақ адамның еркелігін көтереді екен. Ол – Қиясбай деген тобықтыдағы күлдіргі, тапқыр кісі. Сол Қиясбай бірде Абайдың үйіне кіріп келсе, өңкей ығай мен сығай жиналып отыр екен. Мұны ешкім адам екен деп елемеген соң, Абайға қарап:

− Мыналарыңа шық деші, – депті. Ақын оларды шығарып жіберіп:

− Не шаруа еді? – дейді. Сонда Қиясбай:

− Мыналарға өзімнің кім екенімді көрсетейін дегенім ғой, – деп жауап беріпті.

«Мойныма әжім түседі»

Қазақ әдебиетіннің көрнекті өкілі Сәкен Сейфуллин аталарың да ерекше адам болған. Ел ішінде «Сәкеннің сәнін берсін» деген сөз жиі айтылады. Бұл бекер емес. Сәкен өте сұлу адам болған. Бұрылғанда бүкіл денесімен бұрылады екен. Мұнысын сұрағандарға, «мойныма әжім түседі» деп жауап қайырған көрінеді. Жұмысқа келгенде орындығына шалбарының қыры кетпес үшін отырмайды екен. Мұндай сұлулыққа Шоқан аталарыңның да ие болғанын айта кеткен жөн. Шоқан Петербордың көшесімен жүргенде, орыстың бүкіл қыздары: «Қазақтың ханзадасын көреміз», – деп балкондарына шығып тұрыпты.

«Ұрысқақ әйел»

Әңгіме жазудың хас шебері Бейімбет Майлин былайғы дүниемен ісі жоқ кісі екен. Тіпті, соғым үшін жылқы алуға базарға әйелі баратын болған. Жазу үстеліне отырғанда, айналасында у-шу болып жатса да, мән бермеген. Бірде үйіне енді кірген әйеліне әй-шәй жоқ айғай салады. Әйелі де қарап тұрмай, ұрыса кетеді. Ұрыс енді қыза түскенде, Биағаң тып-тыныш жазу үстеліне барып жайғасады. Мұның мәнісін Күлжамал анамыз түсінбей қалады. Кейін сұраса, бір шығармасына ұрысқақ әйелдің образы керек болыпты. Бұл жазушының «Раушан-коммунист» деген повесін жазып жатқан кезі екен.

Әзірлеген Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ

(«Ұлан», №34.21.08.2012)

11 пікір

Karakulov
Ұланға жазылып қоямыз-ау, шамасы))
Bagashar
сөйтіңдерсейш. жасаған жаңалықтарың болсын
Jolai
Жақсы әңгімелер екен
Kan
Қазақтың бір тура кісілері ғой. Жандары жаннатта болсын.
AL-ASTER
Алашорда тұсындағы алаш интеллигенцияларының орны бөлек.
Jako
Тамаша жазбалар екен, осындай асылдарымыздың өмірінен жазып тұрсақ тамаша болар еді, жастарымыздың көкірек көзіне сана түсірер.Болмаса өткенде бір Сырым Дат-ұлы жайлы халық аузындағы әңгімеден жазып едім, бір сарыауыз копипас дейді))
Korkem
күЧт жазқояс екесіз, әй бір армансыз күлдім-ау…
VVVWWW
Мен қате түсінбесем "Ұлан" газетіне жұмысқа тұрдыңыз ба? Құтты болсын, тамаша болыпты (Қадыр айтқандай «Балалар үшін жазу ең қиында, өте жауапты іс»)
Тап солай болмағанмен осы мағынада айтылған сөзі бар, білетін болсаңыздар түзетуге болады. (Қадыр деп отырғаным Мырза-әли ғой, айпақшы)
Bagashar
kazakta Kadyr bireu gana, Make. Naktylamai-ak koisanyz bolady. ia, sondamyn.rahmet
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.