Бұл не масқара?

Өз ойым /
Бүгін, яғни 15-ші қыркүйек күні «Астана» арнасының таңертеңгі жаңалақтарынан Павлодар қаласының екі жасөспірімінің (аттарын айтып еді , ұмытып қалдым) өз аулаларының көріксіздігі, ластығы,қараңғылығы жайлы алаңдайтындықтарын білдіріп Путин мен Назарбаевтың атына хат жазғандықтарын, сол арна тілшісі аса бір мақтаныш пен айтып шықты. Әрі сол жасөспірімдердің хаты бойынша екі ел президенттері әлгі аулаға соғатынын бейне бір ырзалық екпінмен елге жария етті.Мен тыңдап отырып ойға қалдым. Әрине жасөспірімдердің өз қаласының,өз ауласының жайы алаңдатуы құптарлық жағдай, бірақ бұл жерде Ресей басшысы Путиннің қатысы не? Әлде Павлодар қаласы Ресейдіке ме? Жоқ болмаса бір үйдің ауласын жөндетуге пәрмен беруге біздің Елбасымыздың күші жетпейді деп ойлағаны ма? Немесе өз Елбасымызды сыйламағандығымыз ба, не деген масқаралық? Осыны жерден жеті қоян тапқандай жариялаған «Астана» телеарнасы мен сол арнаның тілшісінің көздегені не, осы жақтарын түсінбедім.
Осы бір ауланы сондай дәрежеге дейін жеткізген қала әкімі не қарап отырған? Ал осындай аулалар еліміздің қалаларында аз ба, және сол аулалардағы Палодарлық, Петропавлдық жасөспірімдер Путинге, Шымкенттік жасөспірімдер Каримовке, Өскемендік, Алматылық жасөспірімдер Қытай басшысына, Ақтау, Атыраулық жасөспірімдер Әзірбайжан басшысына хат жаза бастаса не боламыз? Өзім түсініп ой қорыта алмағандықтан сіздердің талқыларыңызға салғым келді. Аямай пікірлей беріңіздер.

24 пікір

Kan
Біздің халық Ресейдің яғни орыстардың қол астынан материялдық түрде арылғанымен саналы түрде әле сол орыстардың бодауында жүргенін көзіміз көріп жүр. Сенің айтып отырғаның соған дәлел әрі қазақ тілінен көрі орыс тілінде сөйлейлегенді жөн көретін қазақтардың бары да осыған кепіл бола алады. Әрі кез келген тележобалар сол Ресейдің тележобаларының көшірмесі екенінде көріп жүрміз. Біз қашан өзімізбен өзіміз боламыз оны Құдай біліде. Әрине бодандықтан толықтау арылу үшін жиырма жыл деген тым аз уақыт. Тек Аллаһа дұға етейік басқа шара барма бізде. Еліміз аман, тәуелсіздігіміз баянды болғай!
pana
қызық, кей хаттар мекен-жайына жетпей қалып жатқанда…
Jako
Менің де таңқалғаным осы жері, онысымен қоймай қос президент сол аулаға келмек…
Begimzhan
Таза масқара! НӘН мырза осы оқиғадан не түйді екен…
qyrmyzy
Бүгін Астана арнасын қосып қойып күтейік не болса да…
qyrmyzy
Солтүстікте Путин жайлы жақсы әңгімелер естіп, Ресейдің арналарын көріп өскен балалар болғаны ғой. Елдің басын для Галкин қосып жіберген шығар
zilola
Қолды бір сілтеп қоя сал, саясатқа бас сұқпа, өлесің де қаласың
qyrmyzy
Саясат сенімен тихаря өзі-ақ айналыса береді дейсіз ғой
Jako
Рахмет zilola, бұның да дұрыс шығар…
Daniar_alan
Жако +50 ак кояр ем… мүмкіндік шектеулі… +10-ды ала тұр әзірге…
Jako
Рахмет, ұпай жағы менде баршылық қой, тек тілшілердің тірлігіне күйгенім ғой…
Daniar_alan
күйінуді Евразиядан баста… ең алғаш сонда басталды… тіпті радиода (ең алғаш негізі жаңалықтар беретін солар-тын) да ертеңіне айтты…
Jako
Оларды тыңдамаппын.
Daniar_alan
керектен пікірді дүйсенбі күт :)
Jako
Олар не, дүйсенбіге дейін бәрі ішіп кеткен ба?
Jako
Павлодар қаласының атын қазақшалай алмай жүрміз дейміз-ау…
banzaika1990
27-28қыркүйекте екі ел президентінің қатысуымен Павлодар қаласында аймақаралық форум өтетін көрінеді. Екі жасөспірім осы кездесуді пайдаланып жазған болар. Ақыр келіп тұрғаннан кейін кіре салайық деген болар елбасылар.
Jako
Бәрібір Путиннің қатысы болмағаны дұрыс болар,өз шаңырағыңа басқа біреудің киліккені қалай болар екен? Қоқыр-соқыр, майда-шүйдемізді басқалардың көрмегені абзал болар ма еді деген ой ғой.
dimash
Нұр ағамыз елді басқарып отқанына пәленбай жыл болды ғой, жасы келіп қарттық жеңе бастады демесек әр-бір ісінде бір саясат бар. Бұл аудан арқылы да бір мәселенің шешілуін көздеген шығар. Біздей қарапайым халықтың біле бермейтіні көп ғой.
«Сен саясатпен араласпасан, саясат сенімен араласады» деп оқытып еді кезінде саясаттануда.
Jako
30-ға тарта иновациялық шараларға келісім шарттар жасалынды-мыс, бірақ ол үшін неге аты әлі қазақшалана алмай жүрген Павлодар қаласында өткені түсініксіз.Мүмкін онмнстикалық коммисия Павлодар қаласының атын «Путинодар»-етіп өзгертуге қам жасап жүрген болар.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.