Бұл өмірдің қызығы, сыйласып өтетін сіз бен біз...

Өз ойым /
Дәреже ұзатылатын қыз,
Байлық еріп кететін мұз.
Бала артымызда қалар із,
Бұл өмірдің қызығы мына жалғанда,
Сыйласып өтетін сіз бен біз, деп Жиренше шешен айтқандай бұл өмірдің қызығы сыйластықта емеспе? бүгінгі күні көбіміздің санамызда сыйластықты ақшамен байланыстыратынымыз баршылық.Әрине көпке топырақ шашудан аулақпын.Заманың түлкі болса, тазы болып шал дегендей бұл күнде үлкенді-кішінің көбісі кімде атақ-абырой, байлық болса сол адамның асты-үстіне түсіп, жағымпазданатындарымыз бар.Атақ-абырой адамды сыйлы етеді деп ата-аналарымызда өзімізге осы күнге дейін айтады.Бірақ менің көкейімде бір сұрақ жауап таппай мазасызданатын.Сонда атақ-абыройы, байлығы жоқ адам сыйсыз адам болғаныма, барлық нәрсені біз сонда атақ-абыроймен, ақшамен, мал-мүлікпен сатып аламызба?-деген ой маған кішкене күнімнен маза бермейтін.Мен ата-анамның, достарымның пікіріне үнемі қарсы шығатынмын.Бойымда Абай атамыз айтқан бес асыл қасиет талап, еңбек, терең ой,қанағат, рахым болса нағыз бай адам болармын деп ойлайтынмын.Бірақ ол сәби кездегі тәп-тәтті арман-қиялым екен.Өсе келе ол менің бойымдағы руханы байлығым екенін түсіндім.Менің қазіргі ойым сыйластық-екі адамның арасындағы түсіністік… Ол ешқандай байлыққа, мансапқа қатысы жоқ деп ойлаймын.Ал сіздер Айтаберліктер қалай ойлайсыздар пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.

6 пікір

mairosh
Дұрыс айтасын Саған қосыламын Одан басқа айтарым жоқ
Kan
Күллі әлемнің жаратушысы, ұлы Аллаһ тағала сыйластықты тек иманды, арлы құлдарының жүрегіне ұялатқан. Казіргі заманда адамдар арасындағы бей-берекетсіздіктің белең алуы сол имансыздықтың нәтижесі. Имандылар көп болмай, дініміз халық санасына толық сінбей адамдардың арасында шынайы сыйластықтың орнай қйуы екі талай. Казір екі ағайынды жігіттің сыйласуының өзі мұң болып кетті. Бәріде өз беттерімен өмір түсіруде. Ал дінімізде сүйікті пайғамбарымыз не деген «егер екі туыс ренжіссе үш күннің ішінде татулассын әйтпесе олар Аллаһтың қарғысына қалады» деген. Сыйластық иманнан.
Жалпы өте жақсы тақырып екен. Алһамдулла, Алла разы болсын!
tolkini
рахмет пікірлеріңізге
Delfina
Тіршілікте көрінеміз өлместей,
Тұра алмаймыз ерегеспей, тілдеспей.
Өтейікші бірімізді біріміз,
Өшіктірмей, өкпелетпей сен деспей.
tolkini
айтқаныңызға толық келісемін өлеңіңіз жақсы екен Алла разы болсын!!!
pana
қамшының сабындай қысқа ғұмырда тамшыдай мөлдір болайық © бір кездері оқып едім, қатты ұнады,
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.