Өз ойым ғой, өз ойым

Өз ойым /
: Дінге қатысты ойлар өшірілді:

Футболистер ойын барысында құлап қалғанда жүгіріп келіп себетіндері хлорэтин екен. Ол ауырсынуды уақытша басады.

Гете: «Біздің тәңірден алған ең үлкен сыйымыз — ӨМІР»

Қазақстанның хирургиясының атасы, лапроскоп аппараты туралы елге алғаш мағлұматтарды әкелген, еңбек жолында мыңдаған адамның өмірін құтқарған, бір кездері ғылым академиясын басқарған Мұхтар Әлиев ағамыздың ұлы Рахат Әлиевтің өмір жолы осылай болғанына түсінбеймін (артық жазуға қолым да бармайды екен)

Өтірік сөз өз зияның тигізгенге дейін — Фантазия!

Барлық дәрігерлердің ұстанатын қағидасы: Ең әуелі зиян тигіззбеңіз! (главное не вреди)

Адамда ең жалқау мүше… ол… ЖҮРЕК екен) Неге? ол күндіз түні қанды айдап, матор секілді қызмет атқарады да ең жалқау мүше болады дейсіз ғой. Жүректе басқа мүшелерге қарағанда «пауза» бар, яғни систола және диастола болғаннан кейін келесі систолаға дейін пауза болады екен. Ондау пауза басқа органдарда болмайды да.

Неге ер адамдар орта есеппен әейл адамдарға қарағанда аз өмір сүреді? Олар темекі шегеді, арақ ішеді… Ол да бар, бірақ зиянды әдеті жоқ еркектер де бар ғой, олар да әйелдерге қарағанда аз өмір сүреді. Себебі ер адамда қан тазартылып тұрмайды. Сондықтан ер адамның қаны қою болады, ол ішкі мүшелердің тез тозуына әкеледі.
Профилактикасы: 40 жастан асқаннан кейін 1 таблетка асперинді 4-ке бөліп 4 күн ішу керек. Асперин қанды сұйылтады.

Былай қарап отсақ қыз балалардың көпшілігінің беттері теп тегіс та ер адамдардың беттерінен құдайым-ау шықпайтын нәрсе жоқ ғой)) Барлығы демеймін, көпшілігінде сондай ғой. Себеп тағы да қанда. қыз балаларда қан тазарып тұрады да жігіттерде ондай болмайды.
Профилактикасы: 2-3 айда 1 рет болса да қан тапсырып тұру. Егер ондай қан тапсыруға организіміңіз слабый болса плазмафорез тапсыруға да болады (жеке өзім плазмафорез тапсырып тұрамын)

Исус: «Диавол… лжец и отец лжи»

Егер спирттік сусын обезок ішу керек болатын отырыстарға баратын болсаңыз «Карболин» таблеткасын ішіп алыңыз. Сосын көңіл үшін өтірік мас болмасаңыз былай мас болуыңыз екі талай) Енді өте қажет демесеңіз пайдаланбауға кеңес берер едім.

Өңештің қатарлі ісігі (өңеш рагы) аурудың ауруы… Дер кезінде табылып, жақсы ем жүргізілді дегеннің өзінде 3 жыл ғана өмір сүреді… Соның этиологиясы қарапайым-ақ, біз мән бере бермейміз, мысалы шәйді ыстықтай ішетіндеріміз бар, ол өңешті біртіндеп күйдіреді, және жаман әдеттің де жаман әдеті насывай ату, бұрындары қазақтардың арасында өңеш рагының көп кезесуі осыған байланысты болса керек.

Тамақты асығып шайнамай жұту да асқазан рагін туғызуы мүмкін. Сосын өсімдік майын бір рет қыздырғаннан кейін оны келесінде пайдалану өте зиян! Ал біздің көшелерден алатын пирожкиімізді неше рет қыздырған майға пісіретінің ойлаудың өзі қорқынышты… Моенезді зиян десек те сол гамбургер дұрыс па деймін салыстырмалы түрде.

Сосын майлы тағамды көп жеу склерозға әкеліп соғады, оның да түрі көп… Сақтықта қорлық жоқ, майлы тағамды да өз қажеттілігінен асыра пайдаланбағандарың дұрыс.

П.С: Былайынша уақытта айта жүретін қызықта ақпараттар келеді да, жазайын десем ұмытып қаламын… Күнделігім деп жазып жүрген дәптерім твиттер сияқты болып кетіпті) айырмашылығы тек өзім оқып, өзім коммент жазамын және 160 символдық шектеу жоқ))

Не жазарымды білмей бастап, не жазғанымды білмей аяқтадым ©

29 пікір

AKA
Алғашқы ойыңа көз жұма отырып, қалғандарын пайдалы деп түртіп алдым.
Korkem
Тағы да жазшы, есіңе түскенде сразу түртівал. Ұнады
Manas
Кейбір адамдарға түсінбеймін, кейде күлкім де келеді. Түсінбеймін мен «бұл өмір сынақ, нағыз өмір анау дүниеде» дегенді мүлдем түсенбеймін.
Мына дүниеде жүріп, келесі өмірді аңсау ақымақтық ©

Дарвин ақа медиктерге тәжірибесін әбден сіңдіріп жіберген-ау шамасы)))
qyrmyzy
Мынадайларды туиттер сияқты қысқа-қысқа етіп жазып тұр! Қайдағы жоқ махаббат жайлы өлеңдерге қарағанда әлдеқайда пайдалы!
Жарайсың!
Nursultan2002
смайлдың шашы желбіреп тұр
khairbek
ақылын таяз болып тұрго!
khairbek
Мүлк сүресі Ол сондай Алла, ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы, сынау үшін өліммен тіршілікті жаратқан. Ол, тым үстем, аса жарылқаушы. (2)
dimash
Әркім өз ойында қалсын, мен тек Аллаға сенемін, өазір кім не десе де не демесе де ойым өзгермейді. Осы идеологиямен жүргеніме қырықтың жартысы болды. Саған ештене демеймін, тек өз ойым, маған десең күнде құлшылық етіп келесі дүниені аңсап таң атқаннан күн батқанға дейін намаз оқысан да өз еркін
khairbek
Му’минун сүресі
“Шын Біз, сендерді босқа жараттық та тіпті Бізге қайтарылмаймыз деп, ойлайсыңдар ма?”,- дейді. (115)
«сура верующие»Неужели вы полагали, что Мы сотворили вас ради забавы и что вы не будете возвращены к Нам?»
Delfina
өсімдік майын бір рет қыздырғаннан кейін оны келесінде пайдалану өте зиян!
дегенді білмейді екенмін. Өз ойын болса да пайдалы екен.тағы күтеміз.
dimash
Иә, өте өте өте ЗИЯН! Асқазан рагының этиологиясында (себебі) солай жазылған және бұл дәлелденген факт. Яғни, өз ойым дегенге ойдан шығарғаным емес)
pana
пысы қаттырақ ұнады)
Zhanat
Димаш деп қояды екенсің, осылай деректерді деп жүре бер, біз сияқты дедтарыңа)))
жақсы мәліметтер екен
Jako
Жақсы жазылған, пайдалы жақтары бар екен.
Түсінбеймін мен «бұл өмір сынақ, нағыз өмір анау дүниеде» дегенді мүлдем түсенбеймін. 
Ал енді осыған мен де түсіне бермеймін, нағыз өмір ол жақта болса неғып сонда кетіп қалмай, бәрі осында жағаласып жүр.
VVVWWW
Дүниеге дәрігердің фәлсафалық көзқарасы (маған да ұнады)
қыз балаларда қан тазарып тұрады да жігіттерде ондай болмайды

ол әрине табиғат берген қажеттілік (айтсам ұзақ әңгіме болып кетеді, енді)
dimash
Білгенің не керек, біреуге тегін айтпасаң деген екен Пайғамбарымыз (с.с.а)
Тым ұзақ болса да қысқартып жазып көрсеңіз қалай болады?
Мен көбіне басқа адамдардан естігенімде жазып жүрмін, мен де сізден естігенімді өзгелерге жаңалық сияқты айта отырайын да) Қолқа салу ди ма осындайды))
Korkem
ТӘЙТ! Қыздан басқа әңгіме жоқ па
Kan
Басын оқыдымда сенің имансыз екеніңді түсіндім. Басқа жазғандарыңның бәрі ақылға қонымды Болғанымен иман жоқ жерде еш жақсылықта жоқ. Ал жақсылық жоқ жерде ақылды сөздің еш пайдасы жоқ. Астафалла. Сен оданда құранды оқып түсінсең игі еді. өлгеніңше иманың оянар деген үміттемін.
dimash
Сөз таластырмай-ақ қоялық. Артық сөз ешкімге де қажеті жоқ, сіз имандысыз ба, әрі қарай да дін жолында жүре беріңіз. Мен өмірге басқа көз қараспен қараймын сіз басқа көз қараспен.
Мені бір шынайы өмірде танитын адамдай «имансыз» деуіңіз артық.

Ғабит Мүсірепов ағамыз айтқанда" "өзі таза адам ешқашан біреуге күйе жақпайды, күйе жағу үшін ол адамның өзі да күйе болуы керек"
Kan
Мен ешкімнің сыртынан тон пішпедім. ақыретке сенбеген адамның сөзі имансыздық емей немене. Әрі Аллаһа қарсы шыққан жоқ дейсің, ақырет ол адамдардың сөзі емес Аллаһтың сөзі. Ал Аллаһтың сөзіне сенбеу оған қарсы шыққанның белгісі. Пайғамбардың сөзіне сенбеген адам ол имансыз емей не мене.
Әлде сенде ахыретке сенбейсің бе? Аманал не Аллаһ сендерді кешіршісін.
User
Сайд Бурятскийге барып қайт балам барып қайт)!
Kan
«Мына дүниеде жүріп, келесі өмірді аңсау ақмақтық » сонда кім ақымақ? «Рабанатина» дұғасын оқы. Шынайы мұсылман екі дүниесін де ойлауы керек. Егер діни шариғатқа сауаттарың жетпесе дауласпаңдар текке мұсылман бауырларыңды ренжітесіңдер. Абай атамыздың өзі «Ақыретін артық көрмеген һәм бұл дүниенің ләзатына бөлене алмайды» деген. Сендер Абай атадан асып кеттіңдер ма әлде? Олай болса жол болсын. Алһамдулла!
User
Жарайсың ұнады барлығына келісемін!
Karakulov
Кім қай дін ұстанса да, ұстанбаса да өз еркі десеңіздер де, ҚР азаматы ретінде Конституцияны сыйлайтын шығарсыздар:

Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.
1-бап бойынша:
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

және де біздің кконституциямыздың көздегені:
қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм //сілтемесі//

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
...Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады…
… нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді…
...Қалай болса да заң бұзушылық қоғам үшін зиянды іс-әрекет. Өйткені жоғарыда айтылғандай жеке адамға (өміріне, денсаулығына, ар-намысына, бас бостандығына), мүлікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келеді. Кейбір жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін болмайды…

ҚТҚ/МТҚ: Мен сайтты ұнатамын, сыйлаймын. Тіркелгелі бері көптеген қызықты мақалаларды көзім шалды. Жаратқанға рахмет!
Бірақ, осындай тақырыптарға келгенде қынжыламын. Сайт ережесін сыйлап, дін туралы мүлдем ойларыңызды жазбай-ақ қойсаңыздар нетеді?
Админдер осындайға жол бермеудің жолын қарастырса игі еді.
dimash
дін туралы мүлдем ойларыңызды жазбай-ақ қойсаңыздар нетеді?

келісемін, өшірдім… Діни көзқарастарым өзімде қала берсін…
Jako
Кан мырза, мен сізді сыйлаймын, жақсы көремін және түсінемін деп ойлаймын, бірақ мына пікіріңізбен келісе алмаймын.Дінде білгісшіну өзін ақымақ жолға бастау деп ойлаймын.Бір ғана Сауд Араб мемлекетінде діни істерді зерттейтін 300-ден аса ғылыми институттар бар екен, бірақ солар да қаншама ғасыр өтседе әлі ешбір ортақ шешімге келе алмай жатыр.Олардың жанында кім болса содан діни сауатын ашып,өзімізше қуалап жүрген біздерге не жорық.Артық кетсем сіздер тарапыан кешірім өтінемін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.