Алда келе жатқан төл мереке баршамызға құтты болсын!

Өз ойым /
Қазақстанда туған, Отаным деп санайтын әрбір азаматтар мен азаматшалар, ана тіліміз қазақ тілінде еркін сөйлеп, меңгеруі тиіс.Қазіргі кезде қазақ тілін тіршілігіне керек еткісі келгендерге зор мүмкіншілік жасалған.Рас, суын ішіп, ауасын жұтып, топырағын басып мекен еткен жердің тілін біркісідей меңгергендерде аз емес.Бүгінде қазақшыны өзінің ана тіліндей көріп, мүлтіксіз сөйлегендер де баршылық.Әрине туған, тұрған елдің мемлекеттік мәртебеге ие тілінде сөйлеуге ұмтылған, тұрып жатқан ортасының ұлттық құндылығын құрметтеген отандастарымызға ішіміз жылып, ризалықпен қараймыз.Бірақ өз тілін емес өзге тілде сөйлеуді мақтаныш ететін азаматтарымыз бен азаматшаларымыз да аз емес.Орыс мектептерінде орыс тілінде білім алып,қызметінде орыс тілінде жүргізетіндерге қарап қазақ тілінің әлі де жетімсіреп тұрғанына қынжыласың.Тәуелсіз мемлекетіміз өз азаматтарына Ата Заңымызда алтын әріптермен жазылған мемлекттік тіл-қазақ тілін үйренуге аттай жиырма жыл берген жоқпа?"! Тіл білу міндеттілігін азаматтық арларына салып келді емеспе? Мемлекет осыншама уақыт бойы төзімділік танытып келді.Бірақ бұл ұзақ мерзім ішінде қазақшамыздың діттеген мақсатымыздан көрінбеуі әрине дәлелсіз шындық емеспе? Ақиқатын ақтарғанда отандастарымыздың басымы мемлекеттік тілді меңгеруге асыға қоймады.Құлықсыздығы байқалды.Тіліміздің көсегесі көгере қоймаған соң Елбасымыз талапты күшейтті.Президентіміз халыққа жолдауында «Біздің міндетіміз 2017жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын сексен бес пайызға, ал 2020жылы 95пайызға арттыруымыз керек»деді.Елбасымыздың көрегенді саясатының арқасында 2020жылы нағыз қазақ елі болармыз.Асыл мұрамыз қазақ тілімізді өркендетіп, мерейін үстем ету қазақ азаматтары мен азаматшаларының қолында."Қазақстанның болашағы қазақ тілінде«Болашағымыз жарқын болып, тіліміз кеңейе берсін.Алда келе жатқан 22-қыркүйек тіл мерекесі баршамызға құтты болсын!!!

13 пікір

qyrmyzy
EҚлатпаңдаршы
qyrmyzy
жекеге толығырақ
tolkini
жоқ мен жай мектеп оқушысымын
Jako
Мектеп программасы ғой, коп ұзамайақ ибасқаша сайрайды зарлайды
tolkini
жако мен мектепте оқысамда мейлі студент, тіпті үлкен қызметкер болсамда өз тілімнің әрқашанда жанашыры боламын.Үйткені менің ана тілім қазақ тілі бұл тіл маған ана сүтімен берілген.
Jako
Оттапсың, ал мен үлкен қызметтен төмен түсіп келе жатқан адаммын, демек сенен көбірек білемін.
tolkini
Жако сізді жас бала екен деп қалыппын жарайт кешірім өтінемін бірақ түсінбейтінім сізден сұрарым сонда қазақ тілінің жанашыры болу қателікпе?
Jako
Жоқ әрине, бірақ жасандылықтан сақ болғанымыз жақсы шығар.
VVVWWW
Ең абсурдный мерекелердің бірі, («день верности» деген сияқты, елестетіп қараңдарш, тек бір-ақ күн, сонда басқа күндері можно ма? (әзіл емес ондай мереке бар)
dimash

Бірге болсын!
Zhassiko
Қазақтардың қазақшалануы қазіргі уақытта өте жәй өтетін процес-ау дим, студент болдық, баяғыдай меектепте мәнерлеп қазақша тақпақ айтып-ақ 5 алатын күндер артта қалды, енді. Айтайын дегенім бұл емес, физиология сабағынан бізге бір ағай береді. Жасы шамамен 40-50 арасы. Қазақ, бірақ таза қазақ деп айта алмайсың. Сөйтіп ол ағайдың сабағында бәріміз «Дәптерге информацияларды написать етеміз, потом ағайдың айтқанын говорить етіп, развитиямыз ары қараз дамытамыз. Мисалы: ағай бізге лекцияны қалай передавать етеді, дәптерге тура солай копировать етеміз де, тура солай говорить етіп жүрк.». Няғып тәлпіштеніп отыр деп ойламаңыздар, жәй тек ағайымның іс-әрекетіне күлкім келеді. Қорланып бара жатқан секілдіміз…
Jako
Міне, нағыз сорлылық.
Kan
Рахмет. Құттымыз бірге болсын. Сендей тіл жанашырлары өсе берсің.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.