Қалыңмал беру

Өз ойым /
Осы заманда бұрынғы бабаларымыз ұстанған салттың бірі, қыз алғанда қалың беру дәстүрі әлі өз жалғасын табуда. Әсіресе бұл салт оңтүстік өңірде көптеп кездеседі. Бірақ осы қиын-қыстау заманда, қалың беріп қарық қылатын жігіттер аз болып тұрмыз. Қалың бермек түгілі той жасаудың өзі біршама шығынға батырады. Казір той жасау үшін бір милион теңге жетпей қалуы мүмкін. Әрі одан қалды оны кридитқа аласың. Үнемі қарызда үңірейіп жүресің. Енді осының үстіне келіп құданың китін айтыңыз. Кемдегенде бес құда келеді біреуіне 50 мыңның китін кигізбесең болмайды. Енді арықарай өзіңіз есептеп көріңіз. Екі жастың қосылып үй болуы үшін қаншама шығын шығады. Одан келіп қалың беру керек болса не болады. Кез-келген ата-ана балалары үшін ең кемдегенде 2мың доллар сұрайтыны анық.
Бұл менің. Қалыңсыз-ақ «Екі жас бақытты болса болды» деп жібере салсақ не болады? Немесе соншама шығынға той жасаудың керегіде шамалы емес пе? Құдаларға киіт кигізбесек болмайма. Ата салтын ұстанған жөн әрине. Одан қалды қалың туралы Құран сүрелерінде де кездеседі. Тек мына заманда оның жөні болмайтұрғой. Көп жігіт осы қаражат мәселесінен үйлене алмай жүргенніде шындық.

Айтаберлік достарым сендердің ойларыңды білгім келеді.

37 пікір

qyrmyzy
Негізі, қыз ұзату да оңай емес. Ақшасын қойшы, әке-шешең тапқанын шашып үзатар… жыламаймын ақшаға… көңіл… көңіл… әкең мен анаңның жүрегін жұлып әкетесің. Қыз жат-жұрттық ©, дегенмен аймалап өсірген қызы…
Kan
Бақылаңыз тұрмысқа шықпай қалып жүрмеңіз немесе қызыңызды бермей қойып жүрмеңіз. Ол табиғат заңығой
Jako
Кан мырза,өте тамаша пост! Менде сізге қосыламын.Мен қызда берген, келінде түсірген әкемін, бір Аллаға шұкір, олар өз бақытымен өмір сүруде.Бір айтарым сол кездері менде сен айтып отырған салттарды өзгертіп, яғни оларсыз ақ айналып өтуді құдаларыма айттым, оларда қарсы болмады.Бірақ неге екенін қайдам бәрібір құтыла алмадық))), сол бұрынғыдай(кити, мит) болып шықты аяғында.
Kan
Қазақпызғой аға кит, миттен құтылу мүмкін емесқой қанға сінген пәле емес пе.
qyrmyzy
Орыстардікі жақсы: он адамды жианп ап той жасайды да, қыз бен жігіт біржақа демалуға барып қайтады (кит мит © жоқ, үш жүз адамға той жасамайды… бізде тойдан тойға...қуаныш, қуанышыңмен бөлісу!
dimash
Менің топтас дос қызым жақында жігітінен үйленуге ұсыныс алғанын айтқан. Группаласымның жігітін қалай жақсы көретінің бұрыннан білетінмін, көріп те жүрміз ғой. Бірақ бұл жерде де «бірақ» болып тұр. Ол қыз алты ер баладан кейін туылған жалғыз қыз бала. Ал жігітінің әлеуметтік жағдайы мәз емес, яғни, «алып қашамын» деп отыр.
Группаласымның айтынша өзінің ел қатарлы ақ көйлек кигісі келеді, және алты ағасы тұрғанда қашып кетсем қалай болар екен деп уайымдап отыр.
Оған ағалары қолдап ұзатамыз, дүркіретіп елде болмаған той жасап береміз деп отыр екен. Енді алты ағасы болғаннан кейін, олардың барлығы да жұмыс басты, үй іші де тәуір тұратын болған сон тойды олар жасамай кімдер жасасын.
Ал жігіттің той жасауға жағдайы жоқ екен, «егер келіссен қысқа дейін үйленеміз» деп отыр екен. Жігітті жас та емес ұзақ уақыт күтіп жүре беретін.

Мен көзді жұмып үйлене беруіне кеңес бердім, себебі жігіт жақсы жігіт. Оның үстіне екеуі сондай жарасымды
Kan
Ең бастысы екеуінің бақытты болғанында дейсіңғой. дұрыс істегенсің.
zilola
Қалың малға қарсы емеспін
Kan
Әрине шамасы келген береді шамасы келмеген көнеді дегенғой
zilola
90шы жылдары жағдай қазіргіден де нашар еді, бірақ сол кезде де ел амалын тауып үйленіп, қалың мал да беріп жүрді. Ал қазір халықтың жағдайы дұрысталды. Қалың мал ол тек үйленудің жолы, одан ешкім байып, кедейленіп кетпейді.
Жігіттің ата-анасы берген қалың мал, бірнеше есе көбейіп тап сол жігіттің үйіне қайтатыннын ескерсек. Қыздың ата-анасына да финанс жағынан ауыр тиеді бұл дәстүрлер, сондықтан 1-2 мың доллар үшін шаш жұлып, салтты таптаудың керегі шамалы.
Kan
Әрине ойыңызбен келісемін.
AyKoN
kosilamin Zilola! Jakinda «ayel kupiasi» gazetinin 14wi saninan «Shimkenttik kelin tamsantip jur» degen makala okidim. tamasha jazilfan. osi daufa nukte izdegenderge sol makalani okufa kenes berer edim…
pana
қалың мал бұрын қоғамда табиғи сұрыпталу сияқты үлкен бір рөл атқарған, европаға табиғи тазарып үшін қанша сұмдық болса да соғыс керек, (соғыстан кейінгі уақытта әдебиет, музыкада бум болатыны бекер емес,)ал біздерде қалың мал төлей алатын адам ұрпағын да жеткізе білетіндіктен әлсіздер болмаған, жақсы дәстүр, керемет дәстүр, қазіргі кездегі көзсіз жарысқа айналғанша, неткен бейнеті арылмаған халықпыз деп ойлаймын кейде, бәрін күрделендіріп, біреу қалайды, біреу қаламайды, бастысы өзің үшін, жақын адамдарыңның қуанышы үшін істеу, көршілер мен құда жекжаттар үшін той жасамай
Ademi
Қалыңмал Талдықорғанда 100 мыңнан, Шымкентте де 100 мыңнан басталады екен. Меніңше, қатты үлкен ақша емес, жыламаңдарше! Қыздың жасауының өзіне талай ақша кетеді жылаватқан жоқпыз ғой.
Kan
Ай Әдемай қатырдың таза есептеп тастадыңғой
Ademi
минимум 100мың екенін ескертейін. Диплом, жағдай, жұмысқа байланысты көтеріле береді. Салт па — салт!
Delfina
дипломда саналама не? Жаманғой.
Ademi
Сіздерге қатысты жағынан шатаспасам, біздің жақтан еш шатаспадым!
Korkem
100 мың деген позор!
Kan
Әрине ата -ананың еңбегін 100 мың түгіл милион берседе қыздарын аялап өсірген ата — аналардың еңбегін ақтай алас. Тек көңілге қонымды қылып берсе дейсіңғой мазақ қылғандай қылып 100 мың бергенше.
AyKoN
Shimkentte kazir en arzan xalinmal 300 minnan bastaladi
Ademi
папасс…
әдебиетті сіздей ешкім білмес
Kan
Дұрыс айтасың пікіріңде шындақ бар.
Korkem
Мен жақында мынадай қызық естідім: Шымкентті қызын алатын Қазақстанның өзге аймағындағы жігіт ата-анасы оңтүстіктің қалыңмалын естіп, жақтырмаса да ұлдарының бақыты үшін қалыңмалын, одан кейінгі естіп талып қала жаздаған сүт ақысы, киіт-миіті бар оЧм үхілеп-ахілеп, таң қала жүріп оңтүстіктің бар салтыны амалсыз көнеді. Оңтүстікте қалыңмал 150 мың десе ұяттау, одан бөлек өлі-тірісіне соятын малға 20 мың, дастарханға 5 мың. Қала берді қыз анасына алтын сақина. Осының бәрінен көрші-қолаң масқара сөз ете жүріп келініді түсіріп, бұратала той да өтеді. Қызықтың көкесі тойда басталыпты, Қыз артынан келген дүние соңғы үлгідегі екі адамдық кереует, кухонный гарнитур, телебезер, пылесос, тоңазытқыш, манағы викровалнокасы оЧм бір үйге керек жарақ ыдыс-аяқ, көрпе төсек, кілем-плпсына дейін түгін қоймай алып береді, одан бөлек бала туылғанда балаға бесік, бір чемодан киім-кешек, ойыншықтар не керек өздері төлеген қалыңмал оның қасында тырнаққа да татымай қалады. Бәрінен де алған келіндері иіліп төсек, жайылып жастық болғанда сүйсінбеген адам қалмағанға ұқсайды. Куә болған көршілер, туған-туыс ендігі келін алсаң Шымкенттен ал деген мәтел шығарып алыпты))) Мен мұны неге айтамын? Қалыңмал Оңтүстіктен басқа аймақтардың ойындағыдай қызды сату емес, қазақтың көнеден қалған ғұрыпы, салты. Екі жастың әлеуметтік жағдайдан қиналмай, бақытты болуын көздеген ата-ана көмегі болып табылады. Қалыңмал қызды ұзатып оның жасауының бір ғана бөлігіне жетер, болмаса қыз киімінің бір пұшпағы ғана. Міне, сондықтан қалыңмал берген дұрыс, онда да міндетсінбей
zilola
әй, жарайсың!!!
zilola
осыдан 2-3 жыл бұрын құдабалам (туылғаннан Алматылық), солтүстіктен қыз алды (туылғаннан қырторыс), ощым солтүстіктік құдаларымыз қызын бердім деп құдағы полностью киініп алды, алтын мен норкаға оранды туыстары, Шымкентски варианттан асып түсті. Так что көп сұрау, аз беру адамға байланысты.
Kan
Адамғада әлеуметтік жағдайына да байланысты.
zilola
Әрине оған қарсылық жоқ, шамаңа қарай көсілген дұрыс, «жыртыл қазақ, жыртыл» деп бос понттың керегі жоқ, жолын жасасаң болды.
Сосын қыздың ата-анасы мен жігіттің ата-анасы оңашада сөйлесіп, келіссөздер жүргізсе, балалардың бақыты үшін ортақ ымыраға келері анық. Шын үйленгісі келетін жігіт, шын келін түсіргісі келетін ата-ана, бір амалын тауып, құда мен құдағиды ырқына көндіреді. Келіспейтін ата-ана жоқ, көндіре алмайтын құдалар бар. Папам үлкен әпкемді ұзатқанда көзіне жас ала отырып «теңін тапса, тегін бер деген бар» деген.
Ощым, ар қарай өзің ойлан
AL-ASTER
Өте жақсы жауап. Мәселеле алған бергенде емес, мәселе ниет пен көңілде. Ниет пен көңілің хош делік, жомарт екенсің (zhomart сен емес!), жомарттыққа сай әрекет жасау керек. Оның үстіне, жағдай жоқтық себеп емес, ол тек меніңше барлығы адамның өзіне байланысты. Жағдайды жақсарту да, жаман болу да адамның өзінде деп ойлаймын. Әрекет етіп, тырмысқан адамға Жаратушы сұрағанын береді. :-)
Jako
zilola мен Көркемнің ойларына толықтай қосыламын,қалыңмал біздің қазақ қазақ болып тұрғанда қала қоймайды-ау деп ойлаймын, әрі сол дұрыс та болар.Бірақ бәсекеге айналдырмай, кредитке келін алмай орын-орынымен болса жарасар еді. Халқымыз:"Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды"-дегенді бекер айтпаса керек. Қалыңмал екі жастың келешек тұрмыстарын жақсарту мақсатында болса құба-құп, кейде пайда көздеп қыздарын саудалап пайда көксейтіндер де кездесіп қалатыны тағы шындық, содан сақтасын.Жақында ғана осындай бір келеңсіздікке куә болғаным бар.
AyKoN
osini men estigen jokpin,sol «ayel kupyasi» gazetinen okidim. birak korkem ol tilmen jazilfan)))
Delfina
Біздің жақта қалың мал деген атымен жоқ. Оралда. Туған жерім Орал болғандықтан білемін. Бізде тек ари кетсе дастарханға 10-30 арасы тастайды. Анасына сырға не болмаса білезік. міндетті түрде 2 жеңгесіне күміс я болмаса ташкентский сырға салады. Қалғандарына 5-10 мың арасы костюм кигізеді. Оларда солай алып келеді. Қыздың өзіде 1 кішкентай пакетпен келе салады.
Көп жерде негізі осылай.
Delfina
Оралдың көп жерінде дегенім ғой.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.