ҚАРАНДАШ

Өз ойым /
Болат атасының жазу жазып отырғанын көріп:

— Біз туралы әңгіме жазып отырсыз ба? Мен туралы да жазасыз ба? -деп сұрайды. Атасы жазуын тоқтатып, немересіне:

— Иә, қарағым! Сен туралы жазып отырмын. Бірақ қолымдағы қарандаш не жазып жатқанымнан да маңызды. Құдай қаласа, есейгеніңде сен де осы қарандашты жақсы көретін боласың.

Болат қарандашқа қызыға қарап тұрады да, қарындаштан ерекшеленіп тұрған ештеме байқамаған соң, тағы да сұрақ қойып:

Ата, мына қарандаш басқа қарандаштарым сияқты ғой. Мұның олардан қандай айырмашылығы бар сонда? — дегенде, атасы:

Қалай қарағаныңа байланысты. Бұл қарандаштың 5 ерекшелігі бар. Егер де осы ерекшеліктерін есепке алып өмір сүрсең, бақытты бола аласың. Ол ерекшеліктер мыналар:

Керемет нәрселер жасай аласың. Бірақ әр жасаған қадамыңды жүргізетін біреу барын ұмытпа.

Не жазсам да, анда-санда тоқтап, қарандашты ұштауға уақыт бөлуім керек. Ұштағаным қарандаштың жанына батса да, ұштағаным оның одан әрі жақсы жұмыс істеуіне себеп болады. Сондықтан, кейбір қиындықтарға қарсы шыдамды болуды үйренуің керек, бұл сені одан әрі күшейтеді.

Қарандашпен қателесіп қате бір нәрсе жазып қойған кезде оны өшіргішпен оңай өшіруіңе де болады. Істеген ісің кате болса оларды жөндеуге дайын болуың керек. Және де қате жөндеуден ешқашан ұялушы болма.

Қарандаштың түріне, яғни сыртқы көрінісіне алданба, ең маңызды жағы ішіндегі өзегі. Сондақтан қашан да өзегіне қарап, ең бастысы соны қорғауды білгенің жөн.

Ең соңғы ерекшелігі — артынан із қалдыруы. Тұра сол сияқты сен де өміріңдегі әр әрекетіңнің бір із тастайтынын ұмытпай, әрбір басқан қадамыңды аңдап басуға тиіссің

9 пікір

pana
Kyzyk...barlyk narseden birdeme tabuga bolad kore bilse
Korkem
Алдын Жако аға ашыққа салып еді ғой…
qyrmyzy
Ашыққа салу керек наны:) Кучт!
Zhanat
неге мына жаққа тығып қойған әп әдемі жазбаны
didi0393
керемет теңеу!)))))
Jako
Ғибрат аларлықтай жарияланым.
followme_alik
nice _ {Қалаған мақсаттарыңның іске асуына Алла жазғай}
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.