Бояушы, бояушы деген сайын сақалын да бояпты

Өз ойым /
Осындай жазбаларды жазып тұршы, ұнады

Деген пікірлерін маған да ұнады)) Негізі сол жазбаның аясында сұрақтар келіп түсенін жақсы көремін, себебі мен оның жауабын білмесем (көп жағдайда болады) орысша жазбалардан оқып, түсінгенімді осында қазақшалап жеткіземін, менің де есімде қалады, сіз де бірдене іліп қаласыз)

Байқасыңыздар, әлде байқаған жоқсыздар ма?, қазіргі туылып жатқан балаларда "ұршық басы таю" диагнозы көптеп естіліп жүр, ал осыдан жуық шамаман 60-70 жыл бұрын бұндай да ақау болатының Азия халқы естісе де көрмеген тұғын. Оның себебін тағы да айналып келіп ЭКОЛОГИЯҒА тіреп қоямыз да, бірақ сол экологияға да қарсы тұруымыз өзімізге де байланысты.
Айтпағым ол емес негізі… Соңғы жылдары "ұршық басы таю" туа біткен диагнозы неден пайда болады? Туылу барысында акушерлердің қателіге деп кесіп айтпай-ақ қойыңыз, медқызметкердің жазығы жоқ (жоқ емес бар екен ғой, қазір толықтырамын)
Бұл ақаудың пайда болуының негізгі себебі анасының «анемия» болуы, дәрумендердің жеткіліксіз болуы!!! Дамығанмәдениетті елдерде ерлі зайыптылар балалы болуды жоспарлайды, ал бізде қалай? Үйленеді, жүкті болғаның алғашқы белгілері білінген сон барып біліп жатады.

Болашық баласының дені сау (денсаулық деп тек 12 мүшесінің түгендігі ғана емес) болуына немқұрайлы қарамайтын адам балалы болуыд жоспарлау керек! СОНДА ҚАЛАЙ? Жоспарлағанда «мына күнде боламыз, мына күнде болмаймыз» деген емес, алдымен толық медициналық тексеруден өту керек (осы тексеруден өту жайлы да айтқым келгендерім бар еді).
Қазір кім анемия емес? деп нақты сұрақ қойсан тыныштық орнап кетеді… Көп ғой анемия деген, әсіресе қазақ халқында… Егер анмия немесе тағы басқалай ақау табылып жатса оны алдымен емдету керек, содан кейін барып бала табуды ойлау керек.

Сосын кейбір балаларға «аюға сабақ үйреткен таяқ» деп тоқпақтап тұрып, болмаса жақсылап түсіндірсен де «су ми!» деп айқайлата беретін болса, ол баланың да кінәсі жоқ! Неге анасы жүктілік кезінде уақытылы, құнарлы тамақтанбады? Неге ерте кезден баласымен жұмыстемеді? Ал, неге оны қосымша үйірмелерге қатыстырып, логикасының жетілуіне жағдай жасамады? Айналып келіп, баласының өміріне немқұрайлы қараудан…

Анемия дегенге есіме түсіп кетті ғой, өзге ұлт өкілдеріне қарағанда неге қазақтарда анемия жиі кездеседі? Шүкір, елде ашаршылық немесе азық-түлік жеткіліксіз емес ғой. Себебі қарапайым-ақ, бір тамақтанғанда шәйді қоса ішіп отырамыззззз… Солай ғой иә? Кейбір отбасында бар, шәйді тамаққа дейін, немесе тамақтан кейін жарты сағат (кем дегенде) өткізіп барып ішетін, ондай семьяларға респект!

Өзгелерге айтып жүрген кеңестерімде өзім де орындайтын уақыт келді-ау.

Сосын дәрігерлер жайлы «лечит все, кроме здоровье» деген сөзді қою керек ғой.

ҚАЗАҚТАР ҰЛЫ ХАЛЫҚ!
Қазақтар өйтеді, қазақтар бүйтеді деп айтатындар айта берсін.
Қазір біз ғой жалқау болып кеткен, әйтпесе ертедегі қазақ халқы өте еңбекқор болған.
Диетология деген сөзді білмесе де «таңға асты өзің үші іш, түскі асты досыңмен бөліс, кешкі асты жауыңа бер» деп айтып кеткен, Қан таза болу үшін жеті рет ұрпақ алмасу керек екенің қайбір жылдары Европалықтар дәлелдепті, ал оны біздің қазекен ерте заманнан білген ғой.
Бала туғаннан кейін әйел алғашқы 42 күнде көп күш жұмсау денсаулығына кері әсері көп екен, бұл медицинаның ашқан жаңалығы, ал қазақта «бала қырқынан асқанша келінді жұмсай бермеу керек» деген ертеден қалыптасқан.

Мынадай оқиға болыпты, бір үйдің келіні босанып, үйіне келіп шілдеханаға келген қонақтарға шәй құйып отырыпты, бала жылай берген сон бір жағынан аны алдына алып отырамын деп күйдіріп алған. Ересек адам бір бөлек, ал нәресте үшін күйіп қалу өте қауіпті!

Анасы дүкеннен азық-түлік алып қайту үшін 4 жасар баласына бесіктегі баланы тапсырып шығып кетіпті. Анасының шығысымен жылауын қоймаған нәрестені жұбатамын деп оның аузын қолымен жауып баланы тұншықтырып қойған.

Бесіктегі баланы емізіп отырып анасы қалғып кетіп бала анасының көкірегіне тұншығып шетінеп кеткен де жағдайлар болған.

Базардан қайтқан әжесі үйге кіре сала немересін шөпілдетіп сүйіп, искеп, қолымен ұстапты. Немере ыстық болса ыстық та шығар, бірақ балаға инфекция жұқырғаны нес?..
Сосын балаға «тфай тыфай» деп көз тимес үшін түкірудің қажеті жоқ, көз тимесін деп балаға инфекция түсіресіз, нәрестелерде ненің иммунитеті болсын?

Толық оқыған адамға алғысым)

25 пікір

dimash
Пікірлесеңдерш…
Korkem
мынауың тіпті керемет болды. Тәптә, аузыма сөз түспей тұр. Қызыға да, құмарта, күтіп жүріп оқимын. А бірақ бір кемшілігі бар екен ғой, жасырмай-ақ айтайын: айЧ неге жазбаң тым қысқа, а неге аз?
dimash
Болған оқиғалар тізбектері жиналыватр ойымда, келесінде ващщщще ұзартып жазамын :)
Негізі сөзден сөз туындап бітпейді ғой, ұзақ болса жазбаны көріп бірден «назад» басады ма дим…
Әлде мен сарказмды түсінбей отырмын ба?
Korkem
«назад» басса зорлық жоқ, мына мен бармын, мен сияқтылар бар, азбыз ба саған?
dimash
Анау анегдоттағыдай:
— Мені көшеде жабылып ұрып кетті ғой!..
— сонда қанша адам болды?!
— Біреу… )
dimash
Жас кезімде жазғаным бар еді))
Қызықтырса бір қарап шығыңыз) aitaber.kz/blog/densaulyk/333.html
Бірақ жазбана қателер де бар сияқты…
qyrmyzy
Көктемде сыныптас қыз бен жігіттің қыздары дүниеге келді. Қырқынан шығатын күні түсініксіз жаңдай боп, бәлніске апарғанда сразу операцияға алып кетіп, прям басына жасайды ота. Не болғанын, неден шыққан ауру білмейді. Миына қан құйылған, ми қантамырлары жарылған дейді ма… медицинадан хабарым жоқ Құрбыммен бірге өстік, жігіт те көз алдымызда ер жетті. Ешқандай аурулары жоқ болатын. Бәрі «экология» деп қоя салды.
Пысы: Димаш мырза, ол не ауру?
Ақмерей қазір өсіп қапты:)
dimash
Сәуегейлік танытып көрсем, минингит шығар. Менингококк ауа-тамшы механизімі арқылы жұғады…
Және операция жасату үшін ата-анасының келісімін алулары керек «міндетті түрде», ол үшін барлығын жасырмай ата-анасына айтуға міндетті ғой дәрігерлер. Әрине шұғыл жағдай болса кемінде 3 дәрігердің келісімен ота жасалынады.
Ата-анасына да «экология» деп қоя салулары түсініксіз екен.
Kan
Көне қазақтың көргенін енді көре алмасымыз анық. баяғыдай күн қайда, жету қиын ондайға. Атамен бірге батасы өлген заман туғанда.
Korkem
түүү осы өткенімен өмір сүріп жетіскен ешкімді көргем жоқ әлі. Осы сіз-ақ қара аспанды төндіреді де жүреді екеС
Kan
Көркем нені көрген. Ибалы қыз қайда илар сөз қайда? Ашуыңнан ашналайын дүниенің шымылдарығына байланып қалған.
Korkem
ағасы, оны уақыт еншісіне қалдырайық. Адам деген жақсы нәрсе айтар болар. Жақсы сөз — жарым ырыс деген. Байқаймын, кез-келген пікіріңіз діндегі талас-тарысқа, одан қалса соноооооу заманға, ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігіне тартып тұрады. Сіз оқыған кітапты мен де оқыдым, тек сол заманды өз көзіммен көріп, құлақпен естігем жоқ. Үйде отырып, кітаптан оқывалас та, тілебезерді тыңдавалас та, бәрін білетін бовқалад екеС. АйтпақЧ, айналмаяқ қойыңыз менен
qyrmyzy
Кан мырза, отырайық онда жайлауда мал бағып, ел өркендеп жатқанда
khairbek
Жақсы сөз — жарым ырыс
; жарымы нес,?
Kan
«оқывалас, тыңдавалас, бовқалад, екеС. АйтпақЧ,» неееееедеген сөздер Құдайау! Қазақтың сөздік қорын өзгертіп алғансыз ба қарындасымау. Есіңде болсын. Өткенін қадірлемеген болашағын бағыттай алмас. Түпкі тегін ұмытқан түбі елінде ұмытады. сондықтанда әр істі ата-бабамның ісімен байланыстырғым келсе әр сөзді Алланы мадақтауға бағыттасам оның несі айып.
User
кечіна
Kan
Кай тілде сөйлеп жатырсыз? «Кетчна» қай тілде? Алла сақтасын.кешіріңіз
User
Соншама ақылдылық қай жерден туды екен а?
User
Нацисттігіңізді нацисттің ұставқалад-тын жерде ұстауыңыз қажет.Онда смайлик, ХДД ;) :) дегендерді салмай ақ қойыңыз.«оқывалас, тыңдавалас, бовқалад, екеС. АйтпақЧ,» типтес зат бұлда.
Jako
Азаматсың Кан мырза!
dimash
Ер адам деген салғыласпау керек ғой, жігіттер!
Тақырып аясында пікір алмасу бір бөлек, мыналарың бір бөлек!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.