Бауырлар бірге!

Өз ойым /
Ес білгелі алдымдағы үш туған ағама арқа сүйеп келдім.Біздің жұбымыз жазылмайтын.Не істесек те,қай жерге барсақ та әрдайым бірге едік.Барлығы бізге қызыға қарайтын.Талай-талай қызықтар да өтті басымыздан.Соның бір шеті есіме түсіп отыр.Біздің ауылдың жанынан Арыс деген өзен ағады, соған салқындау үшін жаз мезгілінде көп барамыз.Бірде үлкен ағам және Жомарт үшеуміз тереңдеу жерінен жүзіп өтпек болдық.Жомарт екеуміз кішкене ғана баламыз,әрине жүзе алмаймыз.Сосын ағамыздың аяғына бір бірден жармасып алдық.(сол кезде суға бататынымызды білгенде мұндай тапқырлығымызға қуанбас едік)Астымыз едәуір терең, ағамыздың екі аяғына жармасып алғанбыз.Ал ағам болса екі аяғына тастай жабысып алған біздерден аяғын қалай қимылдатсын, екі үш метрден соң-ақ суға бата бастадық.Өзімізбен қоймай ағамызды да біраз тұншықтырдық.Сол көріністер әлі көз алдымда, су астында домалақ-домалақ ауалыр шығып жатқаны, суды әбден жұтып су астында жыламсырағаным,қатты қорыққаным, барі-барі есімде тайға таңба басқандай қалып қойыпты.Кешке төртеуміз асыр салып еш уайымсыз доп қуалайтынымыз тағы бар.Сол бір алаңсыз балалық шақты аңсаймын бүгін.Сол кезде төртеуміз ешқашан ажырамаймыз деп ойлаушы едім.Бірақ өмір өз ойлағанын істеді.Бір анадан туғанмен, бірге жүрмек жоқ екен.Қазір екі ағам да үйлі-баранды, бізбен көп ісі бола бермейді.Бір-бірімізді көргенде баяғыдай құшақтасып күресе кеткім келеді.Бауырластық, балалық махаббатымыздан кейін пайда болып жолдан қосылған себептерге алданған осынау жалған бейнемізді сыпырып тастап баяғы шынайы балалық пәк көңілге енгім келеді.Тілегім тай-құлындай тебісіп, жарты нанды бөлісіп жеген бауырларымның көңілдері бір бірлеріне жат болып кетпесе екен!

3 пікір

Jako
Тамаша жазылған екен, балалық шағым көз алдымнан тібектеліп өткендей болды.
Kan
Иа бауырларға не жетсің. Сенің әңгімеңнен меніңде есіме суға батып жалғыз ағам құтқарып алған шақ оралды. Бауыр ыстыққой. Бауырлардың арасы алыстағанымен жүректері ажырамасын.
Jako
Мен тоғыз ағайындымын, 6 ұл,3 қызбыз, соның жетеуі қазір тіріміз.Екі інімді өзім бақилық сапарына шығарып салдым.Мүмкін үлкені болғанан болар ешқайсысы ешқашан менің бетіме келген емес.Қазір бәрін жаныма жинап алдым,әрине ақылмен, болмаса күйеулердің бәрі мықты болып тұр.
Бұл туралы солар қарсы болмаса постта жазармын, неге жазбасқа, мүмкін бүгінгісін балалық деп жүрген шантрапаларға сабақ болар.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.