Мектеп оқушыларына ұялы телефон керек па?

Өз ойым /
«СЖ»-да мектепте мұғалімім ұялы телефонымды алып қойды, сол дұрыс па,қайтарып бере ме деген сұрақ туындады. Мен де сол көп ата-ананың бірі болғандақтан, мені де осы бір ұялы телефон жайы толғандырады. Телефонның керек жерлері де жоқ емес, немерең оқудан қашан шыққанын хабарлай салса алып келуге кететін уақытты тиімді пайдаланасың, балаң белгілі бір себептермен кешігетінін хабарлай салса мазаланбай күтесің дегендей. Бірақ соны балалар тек сондай мақсатты жағдайларға ғана пайдалана ма деген де сұрақ туындайды. Сабақ үстінде түрлі ойын ойнап, ән тыңдап, инет қуалап, мұғалімнің сабақ түсіндіруіне кедергі келтіріп отырса әрине алып қойып, ата-анасы келгенше бермегені жөн шығар. Өзіне ғана емес, өзге балаларға да кедергі келтіреді емес пе, ол үшін жауап бергені дұрыс болар деп ойлаймын. Ал енді телефонын қайтып беру, бермеу мәселесі ата-анаға бір-екі рет ескертуден соң болғаны әділдік болар ма еді деймін. Негізі мектепте тек қана қоңырау шалып,қоңырау қабылдайтын, басқа функциялары жоқ қарапайым телефондарға ғана рұқсат етсе жақсы болар еді, қалғандарын қайтармайтын түрде конфицкация жасайтын болса, біздер, ата-аналар да ойланар едік. Сіздердің қандай ой қосатындарыңызджы білгім келеді.

56 пікір

sultan_yerkebulan
дұрыс айтасыз, мен де мектеп оқушылары қарапайым телефон ұстау керек дегенге қосылам
Jako
Сонда бір-бірінен телефон бопсалау да азаяр ма еді, арзан телефон кімге керек деп ойлаймын да.
Bota_ABK
менім ойымша оқушыларға мөлдем телефон бермеу керек.
Jako
Технологиялар мүмкіндігін өз орнында пайдаланудан мүлдем бас тартуға болмар ма екен?
ereke_enu
Беру керек, қымбатырағын Ізгі ниетпен: гопстопщик)
Nursultan2002
Алматы ақшамы да жаызлған бірақ басқаша
dimash
мен 8 оқып жүргенімде алғаш телефон ұстағанмын, нокияның черно-белый, ұмытпасам 1010 айка болған) өзі класста 5-6 оқушыда ғана бар еді ол кезд, бір бірімізге гудок тастап мәз едік қо, звандап сөйлессен ваще жесть)

Қазір де сабақ үстінде телефонын қатты шырылдаса телефонында Гүлнар Қожабаевнаның алдынан аламыз ғо) Оның беруі бермейі көңіл күйіне тікелей байланысты)) енді удачаға байланысты алуымыз.

Меніңше қажеті жоқ, кезінде олсыз да мектепке барып келетінбіз, олар да бізден артық па? деп қоясын ғо, телефон қалтада болса оқушының сабаққа ойы бөлінеді, зейіні төмендейді, факт!
qyrmyzy
звандап сөйлессен ваще жесть)
Dan4ik
бермеу керек деп қоясыңдар бәрің ұстадыңдар ғой мектепте…
Jako
Әңгіме мүлдем бермеуде, болмаса мүлдем ұстамауда емес, сол құрғырды әсіре пайдаланбауда болып тұр ғой.
Bota_ABK
ustagan son aittip jatir koi kerek emes dep))))
Manas
Айтпақшы жаңында тұрған 2 номер салынатын нокиа жақсы телефон)))
Ak123
Беру керек, бірақ сол жәйфон ұстату керек. Әйтпесе сіңліме хабарласқанда алмай қойса, жаным шығып кете жаздайды. Бір жағынан қасындағы достары қымбат телефон ұстағасын, олар да әшин қарап жүргісі келмейд. Сондықтан сіз айтқандай, мектеп басшылығынан сондай шешім қабылданса жақсыыы болар еді.
zhomart
қанша мұғалімдермен сөйлестім, бәрінің айтар шағымы Сіздің айтқаныңыздай. Пырастой соткы беру керек дейді бірауыздан. Оқу үлгерімін томендететiн бірден бір себеп осы дейді. Жалпы өзекті мәселені қозғапсыз. Бұл қазіргі қажет тақырыптардың бірі боп тұр ғой.
Bota_ABK
ondai sotkalardi okushilar ustamaidi goi)))
Nursultan2002
енді ұстату керек деп айт жатыр ғой.
Bota_ABK
sen okushilarga usinip korshi birinshi sosin ne dep jauap kaitarganin aitshi)
Manas
керпійтшті ұстаса да болады оқушылар тек хабарласуға ғана, жайфон ұстаса кұлаққа наушник тағат, агентке кірет сабақ жайына қалады))
pari
Ағасы, сіздің айтуыңыз дұрыс. Бір айтатыным. Ұялы телефонды теек қаланың оқушыларына ұстауға рұқсат берілсе жақсы болады. Ал ауылдың балаларына сбақ үстінде ұялы телефон ұстауға мүлде болмайды. Өзімде ауылдың баласы болғаннан кейін, өз басым мектепте телефон ұстамаймын. Ал былайғы уақытта ұстаймын. Иә, біздің сыныптың кей оқушылары ұстап келеді. Апайлар ескерту береді. Үш рет ескертеді. Үш ескерткенін тыңдамаса шарасын алады. Міне, дұрысы осы. Тыңдамаса шарасын алу керек! Бір-екі оқушының телефонын алып шарасын алса, басқаларына да сабақ болар еді. Ауылдың балаларына сабақ үстінде сотка ұстауға мүлде болмайды. Ал қаланың балаларына ұстауға мүмкіндік берсін. Тек простой сотка. Мүмкіндік бергендеде былай жасаса қалай болады: Сабақ уақытында мұғалімдер оқушылардың соткаларын жинап алып қоңырау соғылғанда таратып берсін. Ең дұрысы осы! Главный сабақ үстінде ұстатпауға тырысу керек және соны жасау керек! Дәлізде демалуға берілетін уақытты ұстасын. Сабаққа кірерде апайлары жинап алсын. Болд, дұрысы осы.
User
ІІІ ұзағынан қудыңыз.Неге қаланың баласы телефонды ұстау керек.Ал неге ауылдың баласы ұстамау керек.Түсіндірші маған.

Өзімде ауылдың баласы болғаннан кейін, өз басым мектепте телефон ұстамаймын

айдооой,Қазақ интернеті мықты дамыса, осы пікірің приколдар сайтында немесе әлеуметтік желілердің әзіл парақшасында главный бетте.Неше түрлі фэйспалмдармен үйлесіп тұрап едің.Аман қалдың әмигөө
Jako
Сенім, Сағыныш ауыл мектебінде оқушыларға төнер қауіп, болмаса оқыс уақиғалар қала мектептеріне қарағанда аз ғой, сондықтан телефон қажеттілігі бола қоймас деп айтқысы келген болар.
Bota_ABK
apailardin isteitin jumisi jok deisin ba? sol otirsin endi ar okushinin telefonin alip
pari
Ұялы телефонның сабақ оқуға әсері. Және оқитын балаларды алаңдатуы. Ортадағы үшінші оқушы дарынды озат оқушы. Алдыңғы партадағы оқушылар оның сабақ оқуына кедергі жасап жатыр. Бұдан шығатын қорытынды: Сабақ қалады жайында, сотка кінәлі бұл жайға!
banzaika1990
Есіме түсіп кетті, бірінші курста бір мелодия модыға шығып еді, даусы үзіліске щығатын қоңыраудікіндей. Соңғы парда ұлдар қоңырауға 30 сағат қалғанда қосып қалатын, мұғалімдер шынымен қоңырау соқты екен деп жібере салатын. Сол кезде мұғалімдер сағатына қарамай ма, әлде әдейі білмегенси ма бимим айтеу жібере салатын. ))))))))))))))))))))))
Меніңше төменгі сынып оқушыларына ұялы телефон керек емес, бәрібір олар соны қызметі бойынша пайдаланып жатқаны шамалы. Ата-анасы қашан қоңырау соқса да ала алмай жатқаны. «Балам сабақтан келген жоқ, телефонын алмаит, қайда» — деп бәрібір мұғалімнің мазасын алады.
FCB
Звонок дауысын тауып беріңдерш істеп қарайық бізде, бірақ біздікілер алдана қоймас
banzaika1990
сабағына берілген мұғалім болса алданбаит әрине, бірақ кейбір оқытқысы келми, қайтарып жіберуге сылтау таппай әрең оқытатын мұғалімдер болат соларға жақсы, сөмкесін жинап ап өзіңнен бурын ізін суытып кететін мұғалімдердің талайын көргенбіз)))))))))))))
менде ол звонок болған емес, бимим қайдан көшіріп алуға болатынын
pari
жүктеу үшін пароль сұрайды. Пароль 123456
Jako
қоңырауға 30 сағат қалғанда қосып қалатын,

осы жерде бір қате бар-ау…
banzaika1990
30 минут болу керек еді. )))))))))))))))))))) 90 минут өтпейтін еді ғой сол кезде, 60минутын әрең оқып кетіп қалатынбыз реті келгенде
banzaika1990
не айтып тұрғандарын өздері түсіне бермейтін жайбарақат мұғалімдер ғой сол
qyrmyzy
біз, байғұста зывонок деген бомаған
banzaika1990
басында бізде де болмаған, «ботаник» бола жаздап, жоғарыдағыдай жасанды звоноктың арқасында аман қалдық қой әйтеу)))))))))))))))))))
Jako
Ата-анасы қашан қоңырау соқса да ала алмай жатқаны.

banzaika1990 айтқаның дұрыс, телефондарын алмайды, отырғаның қан қысымың көтеріліп.
VVVWWW
Олай етуге болмайды (заңсыз болып кетеді дегенім ғой), кім қандай зат ұстаса да өз құқығы, ал сабақ кезінде телефондарын өшіріп қоюды міндеттеуге әбден болады
Jako
кім қандай зат ұстаса да өз құқығы,

Мәке, сонда да бір ережеге бағыну деген бар емес пе? Кім қандай зат ұстаса да өз құқығы деп қоя берсе ертең біреуі гранатамет ұстап, екіншісі танк мініп барар мектепке.
Chimaq
Bizde tiym salghan,mektep ata-analaryna aldyn ala aityp qoighan deid....baladar mektepke alyp barghannan qorqad…
Ak123
мәәә, жоскы© мұғалім бопсыз ғойҚазақ тілі және әдебиеті пәнінен сабақ бергеніңізге күмәнім жоқ
Ak123
журналист деңіз))) АйТи саласындағы журналистика мамандығын меңгеріп жатырмын
Jako
Сәл ауыртпалық болса бәрі сен құсап қашып кете берсе қайдан тәртіп болсын))
Jako
Отыз деген орда бұзатын уақыт, енді барсаң корупцияның қазанына түсесің бе деп қорқамын.
Jako
<strong>сыбайлас қамқорлыққа</strong>

Бір жағынан қосыламын,қазіргі мектептің тура болмысы.
Korkem
еее өзгелер де ұстап жатқасын, қатарынан қалмасын деп әперіп қойғамыз мектепте оқитын сіңліме крутой деген сенсорлы соткілердің біреуін. Агенттен ол да шықпайды, бірақ сабақта агентке отырғызбаудың бір амалы бар, единица салып бермейміз ешқайсысымыз оған))) Өлең тыңдайт, соңғы кезде одан да жалығып соткасын үйге тастап кетіп жүр, ұрыспай-тұрыспай үйсту керек, өзі пайымдайтындай. Ал күнделікті Ішіп-жейсіңге берген ақшасын қимайды жарықтық бірлікке))))
qyrmyzy
сіңілім сотка ұстайды, барлық функциялары бар, тек инетке кірмейді. Ұстасын! Сабақ кезінде өшіріп қанша рет байқадым. Сабақтан шыққан соң қосады.
ereke_enu
Жалпыға бірдей форма деген сияқты, жалпыға бірдей ұялы телефон талап етсе, неге ұстамасқа. Тіпті, қазақстандық өзіміздің телефон шығарып, әр қаладан дүкен, сервис-центр ашып қойса, қаншама жұмыс орны ашылар еді…
Jako
Мүмкін келешекте мектеп оқушыларына арнайы телефондар шығар.Мысалы,калькулятор қазір бар телефонда бар ғой, сол сияқты формулалар талдауы, теориялар, логорифмдер шешімі сияқтылермен толықтырылған, сонда оқушылар жаппай сондай мектепфондар ұстар мүмкін.Жалпы әр мамандыққа икемделген телефондар шығуы әбден мүмкін деп ойлаймын, оны мүмкін бір ақылды қазақ қолға алуы да ғажап емес-ау деп қиялдасаң.
ereke_enu
Тіпті, мектепфон емес, мектепПадтар дер едім. Үнділер әрбір оқушысына беріп жатыр ғой. Жартысын ата-анасы, жартысын өзі төлейді. Бүкіл сабақ онлайн өтеді, материал да сонда. Білім беру жүйесі толығымен электронданып жатыр. Ертелі-кеш біз де соған келеміз…
Jako
Таза оқу программасын қамтыса қолдауға тұрарлық екен, қаншама қағаз үнемделер еді…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.