Қуаныш па, әлде күйініш пе?!

Өз ойым /
Біз «Шипагер» Республикалық халықтық және ресми медициналық үнқағазына үзбей жазыламыз. Анам ішіндегі кеңестерді оқып тұрмыста пайдаланып жүреді.
Бүгін осы «Шипагердің» 28 қыркүйектегі кезекті саны қолыма түсті. Ашып ішін оқи бастадым. 21 бетінде көзім «тамырдың кеңеюі (Целлюлит)» деген мақалаға түсті. Соңында дереккөзде «aitaber.kz» деп жазылған. Жүзіме бірден күлкі үйірілді. Бірден «О о о мынау „біздің“ сайттан алыныпты ғой» деген ой келді.Қарасақал ренжімес өзім де білмейм неге «біздің сайт» деп ойлағанымды.




Сосын ойлана бастадым. Айтаберде бұл мақаланы тура осы тақырыппен m170785 жазған еді.
Сол кезде «тамырдың кеңеюін» «целлюлит» деп аударған қате болар деген пікір қалдырған едік.
Сонымен түсінбегенім: үнқағаз журналистері осы қатеге мән бермей интернеттен алып мақаланың санын көбейту мақсатымен еш тексерусіз қаз қалпында жариялай салды ма, әлде «Целлюлит» шынымен «Тамырдың кеңеюі» ме??????????????????
Меннен бір түсінбеушілік кеткен болса пікірде түсіндіре жатарсыздар.

14 пікір

Karakulov
Целлюлит майға қатысты айтылады. Май жасушаларында су тамшыларының жиналуынан басталады. Оның себенінен теріде оттегімен қамтамасыздандыру, құнарландыру барысы баяулап, зат алмасу, шлак шығару тежеледі. Қателессем осындағы медик достарымыз түзетер\толықтырар.
zhurttyn_balasy
жұлЪдыз болдыңдар енД
Тамырдың кеңеюі Варикоз емес па еді?
banzaika1990
айтпаңыз осы газетті ұстап ішіп кете жаздадым

сол менде варикоз деп ойлаған едім
qyrmyzy
ық ық, инеті бар екен, көрдік, біздің сайтымызды © оқиды екен, жіләдім. Флудтамайм енді
Сол жазбада айттық целлюлит емес, варикоз деп. Кішкене төмен түсіп, пікірлерді оқыса… ақпаратты тексеру дегенді үйренетін кез келген сияқты. Банзайка, редакциясына 50 теңгеңді қиып, хат жазып жіберсеңші…
banzaika1990
мәселе 50теңгеде емес қой, мәселе құлықсыздығымызда. Осындай қателіктерді мыңдап көріп жатамыз. "Әй қойшы соны" деп қолды бір сілтейміз де жүре береміз ғой
Madi
Электронды поштасы бар шығар, мүмкін? Не телефоны?
Zhanat
Журналистер айтабергеде келіп жетіпті ғой, жазбаларымызда баспа беттерінен қарастырып журу керек болды ғой. содан кейін журналистер сайты ғана емес, жазба авторында жарияласа, адамның еңбегін бағалап
Jako
Міне қараңыздаршы осы жақсы ма, жақсы бұл жерде Банзайка шырылдап жан куйерлігін білдіріп жазып отыр. Ал басқа бір жерде, басқа біреу Айтабер, кз. осындай, не болса соны жариялайды десе несі жақсы, жаман атымыз шықпай ма? Сондықтан сайтқа пост жазарда жан-жақты ойланып жазғанымыз дұрыс болар еді.Пікірге не жазсақ та(қойдыра алмайтынымызды түсіндім), поста байқағанымыз абзал болар,өзіміз жете білмейтін нәрсені қөшіріп жаза берсек осындай болады әрине.Денсаушылық ойнайтын нәрсе ме?Қайырбектің кәтілетке сәбіз қосқаны да сондай.Сайт абыройын ойлайық ағайын.Журналистердің назар аударғаны жақсы әрине, жаксы жағынан болғаны одан да жақсы болар еді.
Kan
Дұрыс айтасыз Жако. Бірдің қатесі мыңға тиетінін ұмытпағанамыз дұрыс. Бірақ редакциядағы отырған журналистер соншалықты сауатсыз болғаны ма? Бірақ қателік кім-кім деде боладығой. Бір маңыздысы біздің сайыттың беделінің көтерілгенін, оның тынысының кеңінен таралғанын білдіретін сияқылды, осы жағдай. Бұлда болса бір жақсылық. Алһамдулла…
Korkem
муахахах байқап жазу керек екен. Сосын не ғой мынау Шипагер біздің Емші газетіне қатты ұқсайды екен.
banzaika1990
иә сол сияқты халық емдерін жазады. Емшіге де, Шипагерге де, ЗОЖға да жазыламыз
ereke_enu
Мораль: Өз-өзіңді емдеме) Газет — дәрігер емес
газет қайдан шығады?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.