Көзі соқыр оралман

Өз ойым /
<img src=«aitaber.kz/uploads/images/00/09/14/2012/10/20/caed83.jpg» align=«right»
2005 жылы Өзбекстан Республикасынан ата жұрты Қазақстан Республикасына оралған ұлты қазақ Яссаков Динмамет Раджапұлы күні бүгінгі дейін яғни 2012 жылдың өзінде Қ.Р азаматтығын алалмай жүр. Оған себеп жергілікті мемлекеттік мекемелердің сауатсыздығы деп сенімді түрде айта аламын.
Азаматтықты алалмаған себептері:
(Түсінікті әрі көңіл аударарлық болуы үшін осылай бөліп жаздым)
• Ең әуелі Өзбекстан елінен Қ.Р-нің Қостанай облысының Жетіқара ауданына көшіп барған. Ол жерден жергілікті тіркеуде болмадың деп одан қалды көлемді ақша талап етіп азаматтыққа деген өтініштерін қабылдамай қойыпты. (сіра заң білмейтінін біліп осылай істесе керек)
• Жетіқарадан Оңтүсік Қазақстан аумағы Шу елдімекеніне көшіп барған Яссаков Д.Р мырза әлдекімдерге ақша беріп 70-тен асқан анасына азаматтық алып беріп өзіне алалмай қалған. (Әжеге мемлекеттен берілетін квотада берілмеген ) Ағаның азаматтық ала алмауына себеп Шу қаласындағы көші-қон полициясы Жетіқарадан «Азаматтық алмаған туралы» анықтама алып келуін талап етіп тағы басқада сылтаулармен азаматтық бермей қойған. Негізгі себеп ол кісінің тілінің күрмеліп (сақау) сөйлейтіні себеп болған.
• 2007 жыл Яссаков Д.Р мырза Ақмола облысы Астрахан ауданына келіп әлде бір таныстарынан өтініп жергілікті жерге тіркеуге тұрып сол жердің көші-қон полициясына Қ.Р азаматтығын алу туралы өтінішін жазады. Ол жерден де Қостанай облысынан, Оңтүстік өңірден де азаматтық алмаған туралы анықтама алу туралы талап қойады.( Осы жердің қызыметкерлері құжаттарға қажет деп өзі темір теріп ақша тауып жүрген адамнан төрт мың теңге алып алған.) Динмамет мырза аталмыш жерлерге баруға қаражаты жоқ екенін айтып түсіндіреді. Ал жергілікті көші-қон полициясы аталмыш жерлерден анықтаманы өздері әне-міне деп анықтағанша екі жыл жыл өтіп кетеді. Осы кезде Яссаков Д.Р мырза Петровка ауылында «ТОО Гранит» қожалығында сақшы болып жұмыс атқарды
• Ал 2009 Яссаков Д.Р мырзаның Ө.Р алған поспартының мерзімі бітеді. Ендігі таңда көші-қон полициясы осыны желеу етіп азаматтықты бермей отыр..
• 2010 жылы Яссаков мырзаның екі көзі бірдей көрмей қалуына байланысты жұмыстан босатылады.
• Ал азаматтық туралы ісі сол қалпы хабарсыз қалады. Яссаковтың өзінің құжаттының мәселесімен жүруге денсаулығы жарамаған соң жетпістен асқан анасы Аудан әкімінің орынбасарына жолығып мән-жәйді түсіндіреді. Орынбасар мырза уәде беріп, әжені арқасынан қағып шығарып салған күйі әлі күнге дейін үнсіз. Ал қартайған әженің қайтып барарлық қауқарыда жоқ.
Міне елін аңсап, «Ата жұртым» деп келген бауырымыз, осылай азаматтығын алалмай ақыры көруден қалған көзіне ота жасатуы үшін 40 мың теңге таба алмай үйінде қайғыдан қан жұтып отыр.Айтпақшы үйді әжей өзі ақша жиып бір үй емес лашық сатып алған.
Осы істі не ауыл әкімі немесе көші-қон полициясы болсын, басқада мемлекеттік мекемелердің істей алмай отырғанына өз басым таңмын. Енді ол кісінің жағдай не болады,қайда барып күнелтеді ?Әлде қайта Өзбекстан Республикасына кетуі керекпе? Бұған жауап беретін бір тұлға бар ма?
Ағаның өзге туыстары бар. Бірақ анасы екеуін ешкім керек етпей тастап кеткен. Енді бізде ол кісілерді қараусыз қалдыра салайық па? Маған ауылдың әкімі «Қайтесің туыстары керек етпеген адамдарға сенің неменеге басың аурады» дейді. Мен әкімнің бұл сөзінен қарадай ұялдым. Мен осы елдің жергілікті азаматы болсамда ешкімді «оралмансың» деп шектеткен емеспін. Керсінше елімдеп келген қазақтарым үшін жанымды беруге әзермін.
(қатем болса кешіріңдер қайта тексермедім)

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.