Дұрыс па, керек пе?

Өз ойым /
Қалайсыздар? Нестеватырсыздар??? Достар, осы біз уақытымызды үнемдеу үшін бе, әлде жазуға еріну ме, күнделікті ауызекі сөйлеуді жазуға көшіріп салып жатқанымызды аңдамай қалып жатырмыз. Нарық заманында ақша үнемдейміз деп жүріп, сөздің де ақысын жеп жатырмыз. Орфоэпия мен орфографияның қолданыстарын ауыстырып жатқан жоқпыз ба, жоқ әлде бұл да заманауи «модамыз ба?». Тіл тазалығы деген нәрсенің жайы, хал-ахуалы құлдырап бара жатқандай… Сіздер қалай ойлайсыздар? Қазақ десе бір бүйрегін беріп тұратын айтаберліктер, сананың сарабдал талқысына салсақ деген ниетпен жазып отырмын осы мәселені. Жақсылап бір талқылап жіберейік!)

32 пікір

User
Тіл тазалығы?!
VVVWWW
Бұрын "әдеби тіл", «ауызекі тіл» деген болса қазір "виртуалды тіл" деген пайда болды (филологтарға таптырмайтын ғылыми жұмыс), және ол тілдің өзіндік орфографиясы, грамматикасы және семантикасы қалыптасқан, оның ешқандай сөйлеу, жазу мәдениетімізге ешқандай зияны тимейді деп ойлаймын
Jako
Ой Мәке, зияны тигенде қандай. Ғаламтор менің байқауымда біздің өмірімізге уақытша емес, керісінше тұрақты, нық, адамдармен ұзақ жасасатындай болып орныққан сияқты. Олай болса өткен ғасырлардағы қағаз,қалам арқылы хат жазысу үрдісі ұмыт қалып адамдар арасында виртуалды хабарласу қалып алатыны анық емес пе.Ертеңдер біздер кетеміз, ал осы осы өзің айтқандай «виртуалды тіл»өкілдері біздің орнымызды басады. Өзің ойлашы сол кезде осы бір виртуалді тілдің орфаграфия, грамматикасы, семантикасымен өскен ұрпақ, артындағы ұрпаққа қазақ тілінің тазалығы туралы не айта алады? Қазіргі орыс тілді қазақтардың орнына, виртуаль тілді қазақтар проблемасы шықпайды деп ойламаймыз ба? Міне мен осылардан қорқамын. Мүмкін менің ойымды Асанқайғылық дерсіңдер, бірақ ойланудың артықтығы жоқ.
VVVWWW
Ия кезінде мен де солай ойлап едім, тілімізге зияны тиер деп, бірақ зерттеп қарадым (өзімше ғой енді) әдебиеттен шығарманы 5/5-ке жазатын оқушылардың агентте қалай жазатынын көріп өзім де таңғалдым (өте ыңғайлы дейді),
ereke_enu
«Виртуалды тіл» емес ауызекі стиль дейтін бе еді, сондай ғой бұл. Жаңадан ештеңе пайда болып жатқан жоқ. Адамдар ерінгендіктен орфографияны сақтамайды. Меніңше, коммент, т.б. қысқаша хабарларда ыңғайлы, бірақ, пост жазғанда жөнді жазу дұрыс-ау. Себебі, ол контентті қолданушылар өзге де мақсаттарда пайдалануы мүмкін. Мысалға, алдын осында бағдарламалаудан сабақтар жүргізген едім. Қазір сол тексттерді реалдағы оқушыларыма еш өзгертусіз көрсете алмай отырмын.
VVVWWW
«Сенің логың қандай, маған дос жіберш, аваң норм екен, маган лактырш»
Сіздіңше бұл ауыз екі тіл ме?
ereke_enu
Интернет әлемінің бірнеше терминін(жаргонын) қамтитын ауыз екі тіл деп ойлаймын. Мен филолог емеспін. Қателессем, кешіріп қойың. Өз ойым бұл
Kan
Тіл тазалығы туралы жазып отырып мына бір сөзіңізді «Нестеватырсыздар???» деп жазғаныңызды қалай түсінуге болады? Жайғана «не істеп жатырсыздар?» деп таза жазуға болмайды ма? Тазалықты өзіңізден бастаңыз. Сосын өзгеге өкепе артарсыз.
Jako
«Нестеватырсыздар???», Бұл сөзді автор мысал(көрнекі құрал)ретінде алған болар деп ойлаймын, негізі маған осы бір қаршадай қыздың ой түюі,өлеңдері ұнайды.
sezim_seli
Қана мырза, мен әдейі солай бастадым! Тіл тазалығына келгенде өзіме жауап бере аламын. Тырнақ астынан кір іздей бергенше, түбінен ойлай білуді үйреніңізші көз көрді жаза бермей!
Jako
Сап-сап қарындасым, ашуыңызды басыңыз, Кан мырза да қазақ тіліне жан ашыр жанның бірі, тек қана бір-бірлеріңізді түсінбей қалып жатырсыздар. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды»-деген бар емес пе?
Kan
Сезім қарындасым кешір қатты айтып жатсам. Менен түсінбестік болды. «Таза сөйлеу, таза ниетке байланысты» дегендей меніңде таза емесім байқалғандай. Жалпы сенің жазған тақырыбың жанға тиетін, басты иетін жазба екен. Сендей тазалыққа жаны құмар қарындасымыз көп болғай.
Біздің қазақ қоғамында «Виртуалдық тілді» былай қойғанда. Әр өңірдің қазақтарының тілдік түйткілі әр түрлі. Оңтүстіктің қазақтары өзбекшеге шатыс сөйлесе, солтүстіктегі бауырларымыз орышаны орап сөйлейді. Батыстыңда тілінің ерекшілігі бар «нән» «не зат» деген сияқылды. Одан қалды «шала қазақ» бауырларымыз толып жүр тілдің түпкі түбірін түсінбейтін.
sezim_seli
Қанат аға, түсінбестік менен де кеткен секілді. Кіші басыммен қатты айтып кетсем кешіріңіз сіз де…
Jako
sezim_seli,қалқам, бұл жерде осылай тәлпіштеніп жазатындар тобы бар, оларға сенің жазғаның ұнамай жатса еш ренжудің керегі жоқ, бәрібір түк шықпайды. Өз басыма келсем қазақ тілін таза пайдалануды қолдаймын. Өз ана тіліміздің өзге тілдермен шұбарлануынан құтыла алмай жүргенімізде, енді оған «виртуал»-деген бұралқы тіл жабысса жетіскен екенбіз. Олай болса ғаламтордың да бізге берерінен алары көп бола ма деп қорқамын. Мен әзілді, кұрдаси қалжыңды түсінемін, қолдаймын, керек жерінде өзім де пайдаланамын. Бірақ таза қазақ тілімен де қалжыңдасуға болады емес пе, ол үшін тілді бұралаңдатып, сақаулатудың қажеті не? Өз-өзін мазақтау маймылға ғана жарасар, адам одан жоғары болу керек емес пе? Өз тілімізді өзіміз қорлап, мазақ етуден сақтанғанымыз жақсы болар еді,әрине қолдан келгенше. Адамдар ауыз-екі сөйлегенде сақауланса ол Алланың берген кемшілігі болар кешірімді, ал жазған кезде сөздерді сақаулатып жазса ол кешірімсіз,қазақты,қазақ тілін қорлау деп түсіну керек. Осындай санаға жетсек қана бұл пәледен құтыламыз деп ойлаймын.
Kan
Жако сіздікі дұрыс әрине. Мен сіз сияқылды майдалатып жеткізе алмаған сияқылдымын қарындасымызға. Менікі төтесінен ұрып қалғандай пікір болды. Айтседе сізбем, біздің айтарымыз бір нәрсе емеспе…
Jako
Кан мырза мен сізді жақсы түсінемін.
sezim_seli
Сіздің есіміңізді білмедім! бірақ сіздей жандар қазақ даласында көбірек болғанда әлдеқашан қазақ тіліміз АФРИКАның құрамын толықтырар еді-ау
Jako
Не айтқыңыз келгенін түсінбедім.
sezim_seli
Әлемдік алты тіл (АФРИКА), солардың біріне айналар ма едік деген аспанға ұшқан арман ғой…
Jako
Несі бар, өзің сияқты жастардың арқасында Алла қаласа оған да жетерміз…
sezim_seli
Аллах бұйыртса!..
dimash
нестевацн? отқан, кеси үйге, келямайм, кактасын? отрым, не бокетті? бімим т.с.с. Көп екен ғой қысқартатын сөздеріміз, меніңше бұл ерінгеннен емес, еркеліктін.
Өзім де осыларды қолданамын әлеуметтік желілерде, бірақ түптің түбінде қалай жазылатының білеміз ғой. П.С: еш ерсілігі жоқ бұның.
zhomart
Бүгін мен Жако ағаға ерекше риза болып отырмын. Дәл осылай жазу үрдісі Қазнетке дендеп жабысқандай-ақ. Қай сайтқа кірсең де осы бір стиль, осы сөздер. Шыны керек, тәлпіштік дер едім мен бұны. Бір-екі сөзді артық жазуға ерінеді дегенге сенбеймін. Одан қала берді, боғауыз сөз араластырып жазу еш ерсі болмай қалды, кәдімгі қарапайым сөз ретінде қолдана береді, тіпті қыздарымыз да. Тіл мен жағына сүйеніп алып, аузына келгенін шатып-пұтады. Әнебір ағамызға еліктеп кеткен, бәрі шетінен. Не бұл, мәдениетсіздік па? Қазнетке келмес бұрын бұлай жазады деген менің ойыма кіріп шыққан емес, басқаша елестеткем. Сөйтсем бығып жатыр екен. Тастап қашып кеткің келеді. Блог әлемі дегенді басқаша елестеткен едім. Дәл осылай кете берсек, мұның арты жақсылыққа апармасы хақ. Ертең ұрпағымызға осы ма қалатыны, түсінбеймін…
qyrmyzy
дәлел керек, дәлел! Инеттің жаргондары: ық ық, вахахах, муаххаа, вуаля, йахуу, АРБ, ИНШ,
Ал былай ауыз екі тілде жазатындарды байқамаппын. Фейсте де, туиттерде де. Тек керекте анда-санда жазылатын шығар. Онда да көп кездеспейді қазір. Айтып отқандарыңыз агентте шығар, бәлкім?!
qyrmyzy
Тізесі шығып, үтіктеу түгілі, қанша жусаң да орнына келмейтін тақырып:) Ойыбайлаудың қажеті жоқ, меніңше.
sezim_seli
Әркім өзінен бастаса әлбетте түзелмейтін нәрсе жоқ! Осы біздің көнгіштігіміз-ақ қалмады ғой!
qyrmyzy
Құрғақ қасық ауыз жыртады ©
sezim_seli
Мәселе кімнің қасық, кімнің ауыз болғанында!
qyrmyzy
Қасық та, ауыз да болғым жоқ. ©
pari
Виртуал әлемде ауызекі тілмен сөйлеудің яғни жазудың керегі жоқ! Қазақша түсінетін шетелдіктер оқып жатса күлкіге айналдырмасына кім кепіл! Пост жазғанда да кей қолданушылар ауызекі тілде жазып жатады, былай оқыған адамға ерсі көрінеді тіпті! Таза қазақ тілінде жалғау-жұрнақтарын түсіріп тастамай таза жазып үйренейік. Ауызбен орақ ормай, осыны ісімізбен дәлелдейік! Сайтта ең алдымен пост жазғанда таза қазақ тілінде жазайық. Әрине латын әліпиінде жазуға болады. Оған сайтта рұқсат етілген. Пікір жазғанда да тіл тазалығын ұстай білейік! Ауызекі тілде күнделікті адамдармен қарым-қатынас кезіндеде сөйлей беруге болады. Ал виртуал ол басқа. Реалдағыдай мұнда ауызекі сөйлеуге болмайды... өз ойым
qyrmyzy
Дә? солай мед?
AL-ASTER
Меніңше, бұл сайтта нақты бір мақсат жоқ. Ең бірінші — айтабер! деген атауында мәселе. Екіншіден, аудитория ішіндегі қолданушылар еңбектенуінің коэфициентіне, жазылған жазбалар сапасы пропорция бола алады дегеннен басқа айтар жоқ бовтур)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.