«ҚазНЕТ» өлген жоқ, ол тірі

Өз ойым /
2012 жылдың 11 қаңтар күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң қабылданды. Жаңа заңға сәйкес 31 қаңтардан бастап авторлық құқықты бұзғаны үшін айыппұл салынып, заңды бұзған тұлғалар жауапқа тартылуы мүмкін екендігі айтылды. Бұл талаптың күшіне енгеніне аптаға жуық уақыт өтті. Заңның аясында бірқатар интернет ресурстардың жұмысына тоқтау салынды. Атап айтар болсақ, танымал торрент-трекерлер «Kaztorka.org» пен «Megatorrents.org» толықтай жұмысын тоқтатса, «Nur.kz»-тің онлайн музыка тыңдау қызметі қол жетімсіз күйге түсті. Сондай-ақ, «Namba.kz»-пен «Kiwi.kz»-тің онлайн кино көру мүмкіндіктері шектелді.
Авторлық құқық туралы заң қаһарына мінісімен көптеген интернет қолданушы-лар заңға қарсы өз пікірлерін білдіре бас-тады. Аяқ астынан бас көтерген еріктілер www.savekaznet.kairr.kz сайтына өздерінің ойларын жарыса жазып жатыр. «Вконтакте» әлеуметтік желісінде «Спасем КазНет», «Сохраним КазНет» деген секілді арнайы парақшалар ашылды. Интернет қолданушыларды өре түрегелуге итермелеген заңнаманың пайдалы, зиянды жақтарын саралап көрелік. Жаңа заңның арқасында кімдердің асығы алшысынан түседі? Әлеуметтік желілерде айтылған «КазНет умер», «KazNet is Dead» деген пессимистік пиғылдар шындыққа қаншалықты жақын?
Әңгімені бастамас бұрын ҚазНеттің не екендігіне тоқтала кетейікші. ҚазНет – шексіз интернет желісінің қазақстандық бөлігі. «ҚазНет» термині мына негізгі ұғымдардан тұрады:
• .kz аумағының доменді зонасының Интернет ресурстары;
• Қазақстандық провайдерлер көлемінде орналасқан басқа да аймақтық аумақ ресурстары;
• Қазақстандық тыңдаушыларға бағытталған шетелдік ресурстар;
• Қазақстандық ұйымдардың шетелдік ресурстары.
Авторлық құқық туралы заңға қарсы интернет қолданушылардың пікірін біржақты деп бағалауға толық негіз бар. Мәселен, Қазақстан аумағында қол жетімді кез келген уеб-ресурс ҚазНет болып саналады. БАҚ-тардың сайттарынан бастап, қарапайым мектеп оқушысының блогына дейін қазақ интернетінің құрамына кіреді. Яғни, қазақ интернетінің ауқымы біз ойлағаннан әлдеқайда ауқымды. Ал заңнамаға сәйкес, қарақшылық өнімдерді тарататын бірнеше торрент-трекерлер жабылып қалды екен деп, бүкіл қазақ интернетін өлдіге балауға бола ма? Әрине, жоқ!
Жоғарыда айтып өткеніміздей қазақ интернеті бірлі-екілі сайтпен шектелмейтіні хақ. Қазір қазақ интернеті даму үстінде. Көптеген жаңа сайттар дүниеге келіп, бірнеше жоба жүзеге асты. Мысалы, «Мәліметтер» танымдық сайты, «Ана мен бала» сайты, «КерекИнфо», «Айтабер» еркін блог жүйесі, «Сұрақ-Жауап» жастар сайты күнен-күнге контенттерін кеңейтіп келеді. Біз айтпаған қаншама ондаған, жүздеген сайт бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын кейбір республикалық газеттердің уеб-сайты жоқ болатын. Бүгінде, тіпті, аудандық газеттердің де сайттары жұмыс істейді. Бұлардың бәрі қазақ интернетінің дамуына ықпал етеді.
Сонымен, қазақ интернеті өлді дегендердікі бос сөз екен. Олай болса, жаңа заңға қарсы интернет қолданушылардың қатары көбейіп кеткенін қалай түсінуге болады. Жаңа заңға қарсы шығушылардың наразылығын тудырған ең бірінші әрі маңызды себеп – олардың жаңағы жабылған сайттардың белді мүшелері екендігі. Яғни, бұл өздерінің күнделікті музыка тыңдап, кино көшіріп алатын сайттарының жабылып қалуына қарсылық танытып жатқандардың жанайқайы. Шындап келгенде, мұндай сайттардан контент дейтін нәрсенің ілуде біреуі ғана кездеседі. Контент бола қалған күннің өзінде орыс тілінде жазылады.
Екіншіден, жаңа заң кез келген уақытта қалаған нәрсеңізді тегін көшіріп алу мүмкіндігін шектеді. Яғни, ендігі уақытта «МузаАРТ»-тың әнін тыңдағыңыз келсе, оның жеке әнжинағын сатып алуыңызға тура келмек. Бұл – ән үшін артық ақша шығындау деген сөз. Авторлық құқықты қорғаушылардың талабына түсіністікпен қарағанымыз жөн (Егер сіздің еңбегіңізді біреу тегін пайдаланып жатса қандай күйде боласыз?).
Осы орайда анти-авторлық заң соғушылардың келтірген уәждеріне күлмеске шара жоқ. Ғаламтор төрінде Иван Хмыров деген біреу былай деп пікір білдіріпті:
«Не дорос Казахстан до такого уровня жизни населения, чтобы запрещать «Бесплатные Трекеры». Это могут поз-волить себе такие страны как Англия, США, Япония, где зарплаты обычного трудяги хватает на комфортную жизнь, и им просто «заподло» качать, когда они могут купить лицензию, не ощутив потери финансовых средств.
Купить за 2000 теньге какой-то фильм…… Да я при своей наплаканной зарплате системщика в 30 тысяч концы с концами свожу, и купить лицензию за эти бабки… это означает неделю голодовки.
Они говорят о демократии? О суверенитете? О Независимости? Возможно она и есть в Казахстане, но только у тех кто может отчехлить, а простой народ… А что такое простой народ? Это те кто платить налоги для того, чтобы те могли отчихлять….
Трекеры да же в России не запрещены…. А кто такой Казахстан, чтобы запрещать то, что передается бесплатно из рук в руки».
Иванға және әсіреиваншылдарға айтпағымыз: «Жайлы өмірді қаласаң, нарықтың талабына бағынып, жұмысты жапырып істеуіңе тура келеді. Қолыңды сәл қимылдатып аз ақша алсаң, үйіңде джакузиге түсуді, жазда Тайваньда демалуды армандамай-ақ қойсаң болады.
Кейбіреулердің «17500 теңгеге (орташа айлық жалақы) лицензиялы зат алу «нереально» екендігі туралы пікіріне де уәжіміз бар. Айлық жалақысы 17 мың теңге адам ешқашан үйіне интернет қоспайды (Мегалайнның ең төменгі айлық ақысы 1800 теңгеге жуық. Лимитсіз интернет қолданғың келсе, «Қазақтелекомға» 4 мыңды шытырлатып санап бересің). Тағы айтарымыз, 17 мың теңге жалақысы бар адам үшін авторлық құқықтан келіп кетер ештеңе жоқ. Тура сол адам дәл қазір сіз осы мақаланы оқып отырған кезде ойлануға мұршасы болмай, қауырт жұмыс істеп жатуы кәдік.
«А кто такой Казахстан, чтобы запрещать то, что передается бесплатно из рук в руки» деп айтатындай Иван Хмыров кім өзі? Шынымды айтсам, Иванның мына пікірі менің ызамды келтірді Бар болғаны екі сайттың жұмысын тоқтатқан заңнамаға байланысты осындай пікір білдірген адам ертең ел басына күн туғанда қайда паналары белгілі болып тұр емес пе?!
Сөз соңында айтарымыз, жаңа заңның қаншалықты тиімді екендігін уақыт көрсете жатар. Ал, бірнеше торрент-трекерлердің жабылуынан ҚазНет «өліп қалмайды». Орыс тілді интернет қолданушылардың «КазНеті» соңғы демін шығаруы мүмкін, бірақ қазақ тілін маңызды санайтын «ҚАЗАҚ ИНТЕРНЕТІ» жандана бермек!
Абай Асанкелдіұлы
П.С. Жазба мақала авторы Абай Асанкелдіұлының рұқсатымен жарияланды

26 пікір

Korkem
Ия, тамаша жазылған! Орыстарды былай қойып, өзіміздің қазақтар тереңіне үңіліп, түсіне алса екен.
MSHERIMBEK
Шынында керемет екен Абай Конвикт! Бір деммен оқып шықтым. Осыны түсінсе ғой адамдар! Жоғарыдағы Мақалаңмен де Көркемнің пікірімен де толық келісемін!
Осы менің Абайым болмаса! жақсы жазыпсың…
AKA
:)))))) Жарайсың, Абай! Толық ашып, түсіндіріп жазыпсың.
Sabions
«Nur.kz»-тің онлайн музыка тыңдау қызметі қол жетімсіз күйге түсті
музыка тыңдалады, жүктелмейді…
Не десеңдарда, бұл заң шықаны мен үшін өкінішті.
VVVWWW
Айтып отырғанының бәрі бос әңгіме, бұрын «Namba.kz» пен «Kiwi.kz» ден қарап жүрген киноны filmix.net пен seasonvar.ru — дан қарайтын болдық, Nur.kz тен тыңдап жүрген музыканы кез келген ресейлік немесе басқа сайттардан оп оңай тауып ала аласың бұл кімге пайда кімге зиян. Бұл заңның қолданушылар үшін ешқандай пайдасы да зияны да жоқ, Мысалы Музарттың музыкасын кез келген шетелдік сайттан тауып ала алам, Сонда бұл заң Музартқа пайда әкелеме? Жоқ..әрине, зардап шегетін тек қана ҚАЗ НЕТ
konvict
зардап шегетін тек қана ҚАЗ НЕТ
Сіз мақаланың әрбір әріптеріне мән беріп оқысаңыз бәлкім пікіріңіз өзгеріп қалар
VVVWWW
Не айтсаңдардарда, қандай дәлел келтірсеңдерде мен өз ойымда қаламын!
Маған дау айтам деп босқа шығындалмаңыздар
Біреулердің тапсырысымен жазылған мақала-ау деймін
Біреулердің тапсырысымен жазылған мақала-ау деймін
Орталық Африка Республикасы Сыртқы Барлау құпия қызметінің протоколдарында бұл мақаланың тапсырыспал жазылғаны айтылмапты :)
konvict
Біреулердің тапсырысымен жазылған мақала-ау деймін
«Зимбаве түйеқұстарының ыстық құмда басы қызып кетпеуін қамтамассыз ету» орталығының арнайы тапсырмасымен жазылған
Зардап шегеді деу үшін шөп шегіп алу керек алдымен. Басқа адамдардың зияткерлік меншіктеріне қол салатындарды заң алдында жауапқа тарту керек. Пираттарды орындарына қою керек.
VVVWWW
ха-ха күлкімді келтірмеш, зияткерлік меншікке қол салу, «Мәліметтер», «КерекИнфо», «Айтабер» дегі жазылғандардың 70-80 пайызы басқа сайттардан көшірілген немесе аударылған контенттер екенін мойындайсың ғой
Солай екеніне сенімді болсаң, заң бойынша сен айтқан сайттар да жабылу керек. Бірақ олай болатынына сенбеймін. Сен жазған сайттардағы "ұрлықы" бір мақаланы жазуға немесе аударуға есі дұрыс адамның ақылы мен еңбегі керек. Ал басқа біреудің еңбегін ұрлау есалаңның да қолынан келеді. Сондықтан пираттықты ақтау үшін басқаларға күйе жағудың қажеті жоқ. Өзіңнің аргументтеріңді келтір.
ereke_enu
Жұрттың кино мен музыкадан сонша тәуелді екенін білмеппін…
konvict
Бля, елдер пираттықпен айналысып отырады да, соны жоюға арналған заң шықса қарсы болады. Осыдан жыл бұрынғы адамдар қалай өмір сүрді екен
Мәселе жай ғана тәуелділікте емес. Бар мәселе арамтамақтықта. Одан басқа ештеңе көріп тұрғаным жоқ. Егер тәуелді болса, құмар болса, барып лицензиялы дүниелерді сатып алып болса да тыңдайды, көреді, тұтынады. Ал біздің қазақстандық көпетеген интернетшілердің шулап жатқандары біреудің еңбегін қанау арқылы оңай «олжаға» кенелуге еттері үйрендік пен арамтамақтықтың себебінен болып жатыр. Өйткені олар қалталарынан ақша шығарып, басқаның құқын сыйлап, өз қалауаларын жасағанды қолдамайды. Оны дайын асқа тік қасық немесе арамтамақтық демегенде не дейсің?
Ұрылардың жанұшыра айқайға басқан әрекеттері мақалада да пікірлерде де айтылды.
konvict
Евангелие от Қарасақалдан сусындағаның көрініп тұр
Turekhan
Бастапқыда kz-те жоқ деп ru-дан іздейтінмін. Кейіннен мегалайнерлік сайттарды біліп жақсы боп қалған ед. Бірақ олардың бір кемшілігі — орысша бәрі. Ал мына кейінгі заңның да қосылуға болатын жерлері бар. Казнет құтқарылса та, бұл заңды қайта қарап, ұштаулары керек сияқты.
Бұл заң кімнің кім екенін тағы бір мәрте көрсетіп берді. РуНетте пираттық контентті пайдалану қалыпты жағдайға айналып кеткен. Оны реттейтін заңдары жоқ. Бетімен кеткен РуНеттің бір тармағы болатын қазақстандық КазНет (ҚазНет емес) елдегі әділдікке бір табан жақын заңға қарсы шығып, «ақсақ қой түстен кейін маңырайды» әніне басып, пойыз кетіп қалғанда КазНеттерін құтқару акциясын бастапты.

Пираттық контенті де, зияткерлік адал контенті де барынан жоғы дегенге сай келетін ҚазНет ол заңнан ештеңе ұтылмады. Заңды айтпасақ та, Қазақ Интернетінде біршама алға жылжу бар. Қуантатыны осы және әлгі орыстілділерді мамалатып жатқан заң :)
Заңның шикі тұстары көп. Ол жағы біздің заң шығарушы органның жұмысының жүйесіздігін көрсетеді. ЗАң шикі болғанымен кейбір салалар бойынша Интернет қарақшыларын жөнге салуға көмектеседі деп сенемін. Келесіде баспа өнімдері арқылы қарақшылық жасаушыларды қатаң жазалайтын түзетулер енгізу қажет.
Nurbagit
Қызықтың көкесі MAil.ru мен Vkontakne Однакласникті жапқанда болат)))
PycJIaH
Қазақтелеком лимитсіз тарифтерін алып тастаса ешкімнің РуНеттен фильм жүктеуге батылы жетпес деп ойлайм:) Пираттық бизнеспен айналысатын адамдардың саны азаятын шығар мүмкін:)
KILYZAMAN
Не үшін қырылысып жатырсыңдар ей? Реал өмірімізді реттей алмайтын заң виртуал өмірімізде не реттемек? (Бүлдіргені болмаса...)
VVVWWW
Жақсы айттың!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.