Ана тілім

Өз ойым /


Менің ана тілім – қазақ тілі. Шыр етіп дүние есігін ашқалы бері анамның бесік жырынан бастау алып, қазіргі уақытқа дейін тәлім-тәрбиені де, ұлылардың ұлағатты сөздерін де, батырлардың ерліктерін де осы көркем де қасиетті тілім арқылыұғынып келем. Сайын даламдай кең, мөлдір бұлағымдай таза ана тілімнің өмірімде мен үшін маңызы өте зор. Бірақ, неге екені белгісіз, кейбір сәттерде осындай мәртебелі тілімді өзге тілдермен араластыра қолданам. Мүмкін, оны өзімше дәреже санайтын болармын. Әсіресе, орыс тілінің кейбір сөздері өздігінен автоматты түрде суырылып шығып, көркем де ұлағатты тілімнің беделін түсіргендей боламын. Бұл артымнан ерген жас жеткіншектерге көрсеткен үлгім бе, сонда? Осындай ой жетегінде отырып, келер ұрпаққа ұлық тілімді толыққанды ғып жеткізуге бел будым. Ол үшін бүгіннен бастап ана тіліме ешқандай тілді араластырмай пәк күйінде қолдануым керек деп шештім.
Сендерді де осы ата-бабаларымыздың құнды да таптырмайтын асыл жәдігерін қастерлеп, аялауға шақырамын.
Бұл жазбамды Қадыр Мырза Әлі ағамыздың төмендегі өлең жолдарымен аяқтайын:
Ана тілің — арың бұл!
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

21 пікір

User
Балабақша ©
Kan
Осы постың иесінің жазбасын «баланың былдыры» деп немесе «балабақша» деп менсіңбесеңізде. Қазақшаны әрең тілін бұрап сөйлеп "Қазақстанетс" болуды көздейдін,қазақша айтпақ түгілі сауатты жаз алмайтын ,өз ұлтын менсінбейтін депутаттардан әлде қайда артық.
User
лібә бұл осырақ шалдардың құр бос әңгімесі ғой.Отсталый шешілмейтін, газет-журналдарды адам оқысы келмейтін құсық тақырып.Ал оны пост ретінде жазу шынымен балабақшалық қоо
yesbolat83
Онда жүре берейік ана тілімізді қор қылып привет, пока, отсталый деген сөздермен.
Kan
Қазақ тілінің көтерілмей жатқанының бір себебі сіз сияқылды түсінігі құсыққа (құсық" сідің сөзіңіз) айналып кеткен бауырларымыздың кесірау сірә. Бала көңіліне дем болудың орнына, күл шашқаныңыз қалай. Ол сізге жаман дүниені айтып жатқан жоқ қой. тіл мәселесі кім айтсада,қалай айтсада өз деңгейінде ұлт мәселесі болып қала бермек.
User
Ну ну дамытпай жатырым муахахах.

Тілдің проблемасын айтқанына 20 жыл болды.Өтірік былапыттанып тіл туралы құсықтарын жаза береді тегі.Оданша өзінше сондай пздц болса сөзімен емес ісімен істесін көтерсін.Осы посттты оқып «ехх» дейтін адамның болатына күмәнім бар.
yesbolat83
User, кеңірек, толығырақ жазсаңыз өз пікіріңізді, өтінем. Мен сын айтқан адамға ренжімеймін. Керісінше, кемшілігім болса, түзеуге тырысамын.
ereke_enu
Мен сын айтқан адамға ренжімеймін. Керісінше, кемшілігім болса, түзеуге тырысамын.
Осы қалпыңызды ақырына дейін сақтаңыз
yesbolat83
мен өз қалпымнан таймаған сияқтымын.
ereke_enu
Мен де тайдың деп жатқаным жоқ, жай дос ретінде кеңесім
Kan
Жақсы. Кім қандай пікір айтпасын,әлде кімдер күлкі етсін қандай жағдайда да ана тіліңе деген таза мхаббатыңды жоғалтпа. Сенің жазғаның балалық былдыр болсын қандай жағдайда да сенің айтқаның дұрыс. Сендей ана тілін балалық таза көңілімен ардақ тұтатын қандастарымыз көп болсын. Сені танымасамда сені жақсы түсінемін.
yesbolat83
Шынымен мен өзімді балабақшада тәрбиешісі ұрысқан баладай сезініп қалдым.
yesbolat83
Мен бұл постты оқырмандарға таза қазақ тілінде сөйлесейік деген ниетте жазған болатынмын. Өз ойымды жеткізе алмаған сияқтымын.
ereke_enu
Неге? Жап-жақсы ақ жазылған пост, меніңше. Тек мұндай тақырыптар өте жиі жазылады…
yesbolat83
Жүрегі "қазағым", "қазақ тілім"-деп соғатындар көп емес пе? Ертең-ақ көрерміз…
korwinin_kyzy
аватардын суретын койып алган бал надаел шыгард уже,,, ауыстырш ана суретты отпейт уже бас кетырмей наттури
bekzada
… Жүргізушісі орыс таксиге отырған қазақ, «мына ТАКСИСтің МОРДАсы СТРАШНЫЙ екен» деп айтып, кейін қазақша айтқанымды қалай түсініп қойды деп біраз қажыды… күлеміз бе, жылаймыз ба?.. анекдот емес, ащы шындық. Өкінішке орай, тіліміз ақсаңдап жатыр бүгінде, БІРАҚ, 30-32 жылдардағы аштықта қазақты жоюға тырысқанымен, жетпіс жыл бодандықта болсақ та, тілімізді сақтай алдық! Бүгінде ақсаңдаса да, болашақтан үміті бар. Біз секілді ұлт жойылмағанша, қазақ тілі жойылмайды!!! Пост ұнады!!! Жиі жазылады мүндай тақырып дегенге келіспеймін! Жиі жазылатынға қуану керек. Проблеманы түбегейлі түсінген ғана, шешімін табады!
yesbolat83
Әрине, сіз сияқты тіл жанашырлары барда ана тіліміз жойылмайды да өгейсімейді. Пікіріңізге рахмет.
satirik92
айтабер торабын да, оның жұртын да сүйетінім күнделікті шабыт сыйлап тұрғаны. Осы мақала жүрегімді елжіреткендердің бірегейі екен. Есболат аға сізден ұялыпта қалдым шыны керек.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.