Адам ақылының даму сатысы

Өз ойым /
7. Алланы мойындау
6. Шындықты мойындау
5. Талдау дәрежесіндегі ақыл
4. Әлеуметтік ақыл
3. Ғылыми ақыл
2. Талғам(әсемдікке ұмтылу)
1. Жұмыстық ақыл

Түйсік
4.Еліктеу
3.Билік үшін күрес
2. Көбейю
1. Тамақтану

Құдіреті күшті Аллатағаламның пендесіне силаған аса зор қасиеттерінің бірі Ақыл туралы талдау жасап көрсек. Пенде бұл өмір есігін ашқанда кеудесінде жаны бар барлық мақұлыққа тән ТҮЙСІКпен туады дағы келе-келе ақылмен жетілу арқылы басқа жан иелерінен ерекшеленеді. Үстіңгі жақтағы келтірген жазбаны барлап қарасақ біраз жайттар түсінікті болады. Біз ақылды түйсіктен жоғарғысын даму және түйсітен төменгісін өз қажеттілігін өтеу деп алайық та бірінші төменнен бастайық.
1.Біз біреулерді өз тамағын табатындай ақылы бар дейміз, ал енді осымыз жөн бе?
Мал екеш мал да өзіне қорек іздеп жайылымға шықпай ма, байқасақ одан ұзамағанымыз ғой, демек бұл ақыл емес Алланың берген түйсігі.
2.Біз жұптасамыз, көбейеміз, ал оны бағзы біреулер ақылы бар үйлі-баранды, балалы-шағалы болып отыр, ақылы бар дейді. Әрине жақсы, бірақ бақсақ малдар да жақындасады, қоздайды, лақтайды дегендей. Сонда олар да ақыл иелері ме деген заңды сұрақ туындайды. Менімше бұл да түйсік қана.
3.Бір адамдар билік үшін неше түрлі айла шарғылармен бір-бірін түтіп жеп жатады. Біреуі жеңеді, біреуі жеңілдеді.Жеңгенін ақылды екен деп мақтаймыз, бірақ осы ақыл ма екен. Бір үйірдегі екі айғыр да үстемдік үшін біреуі біреуін қуып шықпай ма? Демек мал да билік үшін күреседі, бірақ ақыл иесі емес қой. Демек бұл да түйсік.
4.Біреу жақсы киінсе, шет елге шықса біз де соны істегіміз келеді. Былай қарасаң жақсы, бірақ осы ақыл ма, жоқ еліктеу. Дәл осы жағдай малдарда да бар емес пе? Бір мал қорыққа түсіп кетсе соған еліктеген екіншісі де сол қорыққа ұмтылады, егер ақылы болса тиым салынған қорық екенін түсінер еді ғой. Демек бұл да еліктеу.
Ал енді ақыл шекарасы қайда деген заңды сұрақ туады. Адам адами түйсіктерінен жоғары қарай ұтылса ғана ақыл белестерінеи ауысады. Біз жоғарғы схеманың түйсіктен төменгі сатыларын талдадық, енді жоғарғы ақылдың даму сатысын талдап көрейік.

1.Жұмыс атқару ақылы, бұған біздің еңбек құралдарын пайдалана білуіміз, өз тұрмысымызды жақсартуға басқа жан иелерін пайдалана алуымызды, және оларды дегенімізге көндіре алатынымыздлы жатқызсақ болады
2.Талғамдық ақыл, бұл жерге әуретті жерлерімізді жауып, киім киіп, сақал-шаштарымызды күтіп, жалпы айтқанда мал қауымының ақылы жетпейтін нәрселерді оңай атқаратындығымызды жатқызсақ болады.
3.Ғылым-білім ақылы.бұл енді айтпасам да түсінікті болар. Әлі ешкім де оқи, жаза, оқыған-жазғанын санаға сіңіре алатын жан-жануарларды көрмеген болар.
4.Әлеуметтік ақыл. Өзіңде барды жоқ-жітікпен бөлісу, ауруға шипа жолын қарастыру,қалалар салу т.с.с. Малдарда түйсік болғанымен мұндай ақыл нәсіп болмаған.
5.Талдау дәрежесіндегі ақыл.Міне қазір көпшілік адамдар тобы осы ақыл деңгейінде өмір сүрудеміз.Кешегі куеңестік құрылымнан бас тартуымыз, президентік-парламенттік өкімет құрылымын таңдауымыз, басқа небір әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын қарастырып саралауымыз бәрі-бәрі осы талдау дәрежесіндегі ақыл
аясында жүріп жатыр.
6.Талдау ақылынан кейін шындықты ашу ақылы деген сатыға ұмтыламыз. Біздің өмірімізде қазір бұл ақылға ұмтылыстар енді-енді басталуда.Мысалы мен өзім кешегі Жаңаөзен оқиғасы, түрлі діни айтыстарды осының басы дер едім.Бұл әлі жалғасады, адам ақылы жетіскен сайын шындықты ұққысы келеді, ұмтылады. Сол шындықтар ашылғанда ғана адам ақылы толығып кемелденеді де, адам ақылының шыңы Алланы бір деп тануға жетеді.
7.Алланы тану, міне адам ақылының ең биік шыңы. Адамдардың ақылы осы дәрежеге толық жеткенде ғана нағыз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай өмір болады. Адамдар барлық жақсылық.жамандық бір Алладан екенін мойындап,өздерінің қолдарымен еш нәрсені өзгерте алмайтынын түйсігімен түсінетін кез болады. Адамдар жүрегінде мейірім шоғы маздап, жаулық, жамандық азаяды да, бір-біріне деген силастық молаяды.

10 пікір

Aikona
Келісе алмаймын кешіріңіз. Сіздің жазбаңызды оқыған жас бала ақылдықтың ең жоғарғысы дін екен деп қалудан тайынбайды. Алланы тану әрине жоғарғы жақта, бірақ ол заман ешқашан тумайды, себебі хадистерде айтылған елдің бәрі дінге сенген кезде ақырзаман орнайды деп.
Jako
Дұрыс келісемін, бұл менің жеке талдауым ғой,қателесуім әбден мүмкін. Бірақ мен ақылдың шыңы Алланы тану дедім. Дін көп, Алла жалғыз, сонда сіз күллі адамзат баласы Алланы жалғыз деп танығанда ақырзаман болады деп қорқып жүрмісіз.Негізі мен бұл жазбаны діни тұрғыдан жазған жоқпын, ол сайт ережесіне қайшы.Сіз мүмкіндігі болса философиялыөқ тұрғыдан байқап көріңіз.
Kan
Адамның ақылының даму сатысы еңбекпен байланысты.Еңбек арқылы адам айналасын танып, біледі. Ақылдың дамуының негізгі күші таным. Әр адамның таным деңгейіне байланысты ақылының да шама-шарқы межеленеді. Сіз салыстырмалы түрде көрсеткен жануарлардың сана жүйесі танып, білуге бейімделмеген. Ендеше адам қоршаған ортаны тану арқылы өз ақылының сана деңгейін қалып тастыра алады. Сіз байланыстырған Алланы тану да осы "әлемдік таным" шеңберінің ең маңызды факторы. Неге маңызды дейсіздер ме, бұл жерге мифтік немесе діни көз қарасты бұлай қойғанда.Алланы тану ақыл санасы түзу адамның өзінің қоршаған ортасын зертеу, білу кезінде оның бір тылсымға тәуелді екенін мойындау. Біз сол тылсымды, белгісіз тәуелсіз күшті Алла деп білеміз. Олай танып, білуімізге сан ғасыр бұрынғы өмір сүрген пайғамбарлардың ғұмыры дәлел. Енді адамның ақыл сатысы тереңдей береді деп, кейін біздің ұрпақ комьпютер сияқты ойлайды деу қателік. Адамның ақылының жемісі арқылы техника өзгеріп, дамып, қоғам ауысуы мүмкін. Бірақ, енді адамның миының көлемі пілдің миының көлеміндей болады деу күлкілі. Ақылдың дамуының, танып білуінің шектеуі болмағанымен оның өсу деңгейі бір шеңберде өз қабілетінен аспайды. Адам ешқашан құдай бола алмайды немесе құс болып ұшпайды. Біздің ақыл мүмкіндігіміздің де шектеулі екенін түсінгеніміз дұрыс. Бұл менің пікірім. Әрине дұрыс болмауыда мүмкін
Jako
Кан мырза, демек менің 7-ші Алланы тану деген сатыдағы «Адамдар барлық жақсылық.жамандық бір Алладан екенін мойындап,өздерінің қолдарымен еш нәрсені өзгерте алмайтынын түйсігімен түсінетін кез болады»-дегеніме келісесіз ғой. Адамдар қаншама ақылды болғанымен өздерін жаратқан жаратушыға жете алмайтынын түйсінеді.Менің бұл жазғандарымның бұл сайттағы көп адамдардың түсінігіне ауыр болатынын білем, сонда да жаздым.
Kan
Келісемін. Адамдардың көбісі ақылының шектеулі екенін мойындамайды. Адамның ақылының дамуын материялдық құндылыққа тіреп қоятыны анық. адам өзінің қанша ақылды болсада ол жаратушыға мұқтаж екенін аңғармауы мүмкін бірақ түбі өлім жеткенде немесе қатты жел соғып құлап түскенде өзінің ақылының ешқандай жоғарғы күшке ие емес екенін мойындайтыны хақ. Сіздің жазған философиялық мағнасы тым терең посыңызды біздің жастар түсіне қоймас. Айтседе мен сізді жақы түсіндім. әрі посыңыз маған қатты ұнады.
Jako
Кан мырза адам қаншама ақылды болса да Аллатағаламның жаратқан әсем туындыларының бірі ғана.Адам қаншалықты ақылды игерсе де Аллатағаланың бір туындысы кішкентай ғана шыбынды «Біз тамақ ішіп отырғанда столға жақындама, тамақ ішіп болғанан соң кіре бер»-деп үйрете алмайды.Осмының өзі жаратылушы болған жерде бір құдіретті Жаратушының да бар екендігінің дәлелі емес пе?
Yasin
себебі хадистерде айтылған елдің бәрі дінге сенген кезде ақырзаман орнайды деп.
Айкона, нақты айтып өтсең қайсы хадис екенін?
Jako
Айконаның не айтқысы келгенін мен де түсінбедім.
93ab
Алланы танып білу әлемді танып білу. Аллах Құранда әр нәрсені ақиқат үшін жараттық дейді. Және әлемді танып білсін, ойлансын дейді. Тағы еске түсіп отырған аят. Ақылын жасайтпайтындардың үстіне бар жамандықты төгеміз дейді. Құранда адамдарды ақыл иелері делінеді және тағыда басқа аяттар көп, ақыл сана турасында. Қазіргі кезде діннің (яғни дәстүрлү исламның)ең осал жері осыда болып отыр. Адам ойлануын тоқтатып, тек сену керек дәрежеге келеді. Дін мәселесінде білім жинау керек деп жатамыз. Егер дінде білім деген не десе? көбінің ойында Құранды түсінбестен жаттау, хадистерді жаттау тағысын тағы. Ислам елдерінің технологиялық мәдени өркендеуден артта қалған себебі де осыдан деп білемін. Біз білеміз ғылым исламнан өрбегенін. Әлеміміз толған білімге мұғжизаларға толы. 2+2=4 тең ол ешқашан бес болмайды. Ол да заң Аллахтың заңы. Архимет күші бар Нютон күші бар тартылыс күші бар барлығы Алланың шексіз құдыретім шексіз ілімімен жаратылған. Құранның 19коды да таңғажайып бір ескерту мұғжиза. Құранның 74 сүресі 30-31 аяттырн оқыңыздар. Біз құранды түсінуге тырысуымыз керек. Себебі ең тура жол Құран.
Jako
Адам ойлануын тоқтатып, тек сену керек дәрежеге келеді.

Қазіргі кезде адамдардың көбі мен жоғарыда көрсеткен ақылдың даму сатысының 5-ші баспалдағы «Талдау дәрежесіндегі ақыл»-шегінен аса алған жоқпыз, сондықтан да әлі тартыс-таластар жалғасуда.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.